О проведении противопаводковых мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу туралы
Жеке және заңды тұлғалардың мүліктеріне материалдық зиян келтірудің алдын алу, жібіген және тасқын сулардың қарқынды ағу мүмкіндігі кезеңінде қала тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтердің жұмысында төтенше жағдайларды ескерту мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағының және Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13-бабының негізінде, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2007 жылдың көктемгі кезеңіне су тасқынына қарсы іс-шаралар бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағын санитарлық ұстаумен айналысатын мердігерлік кәсіпорындармен су тасқынына қарсы бекітілген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) су тасқынына қарсы бекітілген іс-шараларды орындау бойынша шараларды қолдану, сонымен бірге су тасқыны кезеңінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою үшін апаттық- құтқару қызметтерін қалыптастыру дайындығын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қала әкімінің баспасөз-хатшысымен бірге (Г.Б. Рамазанова) меншік түрлеріне қарамастан кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің басшыларын, меншік үй иелерінің тұрғындарын, саяжайлық бағбаншылық қоғамдардың төрағаларын, тұрғын үйлердің, әлеуметтік-мәдениет салаларындағы және өнеркәсіп нысандарының су басуын алдын алу, зиян келтірудің алдын алу мен өз мүлігін қорғау бойынша шаралар қолдану қажеттілігі туралы бұқаралық ақпарат құралдар арқылы хабардар ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ю.А. Кудиновқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілген:
"Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар министрлігі Өскемен
қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Басқа 8. 2007 жылдың көктемгі кезеңіне су тасқынына қарсы іс-шаралар
Өскемен қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 8 ақпандағы № 1859
қаулысымен бекітілген
2007 жылдың көктемгі кезеңіне су тасқынына қарсы іс-шаралар
№№
Іс-шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Орындаушы
1
2
3
4
1.
Әр кәсіпорында су тасқынына қарсы комиссия құру, су тасқыны кезеңінде тұрақты кезекшілік ұйымдастыру
2007 жылдың 15 наурызына дейін
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары
2.
Әр кәсіпорында кезекші бөлімшелер ұйымдастыру мен қауырт және апаттық-құтқару жұмыстарын орындау үшін оларды қажетті керек-жарақ пен механизмдермен жасақтау
2007 жылдың 15 наурызына дейін
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы", "Өскемен қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері, меншік түрлеріне қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары
3.
Су тасқыны кезеңінде ауа райы болжамы туралы қала халқын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі хабардар ету
Су тасқыны кезеңінде
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесі
4
2007 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқынына қарсы ескерту шараларын жүргізу бойынша іс-шаралар әзірлеу
2007 жылдың 15 наурызына дейін
"Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі", "Меновной ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері, Өскемен қаласы әкімдігінің "Істер жөніндегі басқармасы" қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының филиалдары
5
Шаруашылық нысандар мен пунктердің су басудан алдын алу бойынша уақытылы шаралар қолдану үшін қардың еруіне, бұзылған сең буу және су басатын жерлерде өзендердің ашылуына тұрақты бақылау ұйымдастыру, сонымен бірге Маховка өзеніндегі әуіт-жинауыштағы судың деңгейін бақылауды қамтамасыз ету
тасқын кезеңінде үнемі
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы", "Өскемен қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемелері
Өскемен қаласы
әкімінің орынбасары