Құжат мәтініне өту

Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

Қаулы · № 60 · қабылданған 15.02.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.06.2013 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-32324/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 60 ·15.02.2007
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

ҚАЗОблыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 60 · қабылданған 15.02.2007

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
60
Қабылданған күні
15.02.2007
Көрсетілген редакция
18.06.2013 · қолданыстағы AI32324_2.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
18.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07L0004173
ЭКБ идентификаторы
32324
Редакция идентификаторы
AI32324_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:04

0 Облыс аумағында карантиндік аймақ белгілеу туралы

"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің ұсынысына сәйкес облыс аумағында таралған карантиндік объектілердің ошақтарын залалсыздандыру мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Карантиндік зиянкестер - калифорниялық қалқанша сымырының және қауын шыбынның таралуына байланысты Қызылорда облысы аумағында карантинді аймақ белгіленсін және оған карантиндік режим енгізілсін.

2 2. Саялы ағаштарды және жеміс-жидек көшеттерін облыс аумағына әкелгенде көшет материалдарының карантиндік жағдайын куәландыратын фитосанитарлық немесе карантиндік сертификат болғанда ғана рұқсат етілсін.

3 3. Облыс аумағында карантиндік объектілердің таралу ошақтарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" және "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаменті" мемлекеттік мекемелері іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (Б. Нұртазаев, келісім бойынша) тоқсан сайын беретін болсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б. Еламановқа жүктелсін.

6 Қызылорда облысы әкімдігінің

2007 жылғы 12 қарашадағы N 261
қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2007 жылғы 15 ақпандағы N 60
қаулысымен бекітілген
Облыс аумағында карантиндік объектілердің таралу ошақтарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
N
Іс-шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Орындауға жауаптылар
1
2
3
4
1
Жер пайдаланушылар арасында карантиндік объектілерді жою жөніндегі ережелері, карантиндік объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру бойынша ұйымдастырушылық-түсінік жұмыстарын жүргізу. Темір жол станцияларында,  әуежайларда, автовокзалдарда (автостанцияларда), базарларда, байланыс бөлімшелерде карантиндік іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру.
Үнемі
Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаменті, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті мемлекеттік мекемелері, Фитосанитария республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы (келісім бойынша)
2
Карантиндік іс-шараларды насихаттау:химиялық күрес шараларын жүргізу  жөнінде тұрғындарға хабарлау; халық арасында, тұрғындармен қауын шыбыны жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу және орындауын қадағалау;  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
Үнемі
Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаменті, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті мемлекеттік мекемелері
3
Карантиндік объектілерде жою шараларын жүргізу: карантинді зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары; карантиндік объектілерді механикалық жолмен жою.
Вегетация мерзімінде
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Фитосанитария республикалық  мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы (келісім бойынша)
4
Карантиндік объектілермен күрес жөнінде өткізілген шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында  бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізу.
Жою іс-шаралары аяқталғанда
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
5
Залалданған аумақтардың шекара сын қосымша тексерулер жүргізу жолымен нақтылау.
Жою іс-шаралары аяқталғанда
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
6
Бақша өнімдерін залалданған аймақтардан алып шығу кезінде қатаң карантиндік бақылауды қамтамасыз ету.
Үнемі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі  Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің  Қызылорда облыстық аумақтық  инспекциясы мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), Фитосанитария республикалық  мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы (келісім бойынша)
7
Карантиндік объектілермен күрес жұмыстарын жүргізуді және химиялық өңдеуді  өткізуге қажет  қызмет құралдарымен қамтамасыз ету
Жою іс-шараларын жүргізгенге дейін және вегетация мерзімін де
Фитосанитария республикалық  мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы (келісім бойынша)