Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және оған теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесі бекітілсін. (№1 қосымша)
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін. (№2 қосымша)
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде аудандық комиссия құрамы бекітілсін. (№3 қосымша)
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекке өтініштерді алу және төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Е.П.Чирова) жүктелсін.
Басқа 5. Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 ақпан № 52 қаулысына № 1 қосымша бекітілген Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесі
Тармақ 1
1. Аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын мүгедектер мен зейнеткерлер, құрамында екі және одан да көп мүгедектері бар отбасыларға 10-нан 25-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, шұғыл және ойда болмаған мұқтаждықтарға біржолғы материалдық көмек;
Тармақ 2
2. Өрт және басқа да табиғи апаттардың салдарынан болған шығындарды өтеуге азаматтарға 50-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақ 3
3. 9 Мамыр-Жеңіс күнінен біржолғы төлемдер: -Ұлы Отан соғысы (ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 10000 теңге көлемінде; -ҰОС-нда қаза болғандардың жесірлеріне 5000 теңге көлемінде, -қайтыс болған ҰОС-на қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдеріне 3000 теңге көлемінде; -Ленинград қоршауында болғандарға 10000 теңге көлемінде, -соңғы әскери шақырудың әскери қызметшілеріне 5000 теңге көлемінде; -тыл еңбеккерлеріне 3000 теңге көлемінде; -Бұрындары дербес зейнеткер болып табылғандарға, бейбіт уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына, Ленинград қоршауында болғандарға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы материалдық көмек; -1926-27 жылдары туылған соңғы әскери шақыруға іліккендерге, ҰОС жылдары тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССРО-ның ордендері және медальдарымен наградталғандарға 2,9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы материалдық көмек.
Басқа 9. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 ақпан № 52 қаулысына № 2 қосымша бекітілген Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Өтініш;
Тармақ 2
2. Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
Тармақ 3
3. Үй кітабының көшірмесі (отбасы құрамы туралы тұрғылықты жерінен анықтама)
Тармақ 4
4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) көшірмесі;
Тармақ 5
5. Өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет;
Тармақ 6
6. Жұмыссыздар жұмыспен қамту органы өкілдігінде тіркелу туралы анықтама тапсырады;
Тармақ 7
7. Қосалқы шаруашылығы мен үй жанындағы учаскесі бар болуы туралы мәлімет.
Тармақ 8
8. Дәрігерлік консультативтік комиссия (ВКК) қорытындысы немесе емделу, операция жасату қажеттілігі туралы емдеу мекемесінің анықтамасы;
Тармақ 9
9. Материалдық және тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақ 10
10. Өрт және дүлей зілзала салдарынан үйіне және мүлкіне залал келтірілген шығындар актісі.
Тармақ 11
11. Үйдің апаттылығы туралы акт (үй жөндеуге)
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы.
Тармақ 13
13. «Қазпошта» АҚ-ның аудандық бөлімшесіндегі есеп шот нөмірі. 9 Мамыр күніне біржолғы төлем МЗТО-ның (мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы) аудандық бөлімшесімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілетін тізім негізінде өтініш берусіз жүргізіледі.
Басқа 23. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 22 ақпан № 52 қаулысына №3 қосымша бекітілген Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі аудандық комиссия құрамы Шохина Вера Кузьминична - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Чирова Елена Петровна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары Комиссия мүшелері: Айтқалиева Сандұғаш Сайынқызы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі; Ниязалиев Жолдыбай Жүсіпұлы - аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы; Өтешев Мәлік Сейсенбайұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі; Комиссия хатшысы: Долина Валентина Яковлевна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы