Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй көмегінің көлемі және көрсету тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабыны 1-тармағының 14) тармақшасы негізінде және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 97-1 «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдгі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мынадай факторлардан тұрғын үй көмегі көлемінің тәуелділігі белгіленсін:
Тармақша 1
1) тұрғын үйді ұстау мең коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне шектеулі мүміншілік шығыстардың үлесі отбасының (азаматтың) кіріс табысының 20 пайыздық көлемінде белгіленеді;
Тармақша 2
2) өтем шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, отбасының әр мүшесіне берілген тұрғын үй нормасына баламалы және кем дегенде 15 шаршы метрді және бір адамға есептегенде 18 шаршы метрден кем емес тиімді алаңды құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем болмауы тиіс;
Тармақша 3
3) тұрғын үй көмегін тағайындарда ескерілетін, электрэнергияға шығыс нормасы айына бір адамға - 45 киловатты құрайды.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мынадай тәртібі белгіленсін:
Тармақша 1
1) тұрғын үй көмегі оған құқығы бар, Меңдіқара ауданының отбасыларына (азаматтарына) осы қаулымен белгіленген көлемде және көрсету тәртібінде көрсетіледі;
Тармақша 2
2) тұрғын үй көмегін алуға құқығы барлар уәкілетті органға өтініш, отбасы (азамат) табысының кіріс жиынтығын растайтын құжаттар, тұрғын үйге меншік құқығы немесе оны жалдау (жалға алу) туралы құжаттар, отбасының құрамы туралы анықтама, жеке куәлігінің көшірмесі (зейнеткерлер зейнеткерлік куәліктің көшірмесін береді), жұмыспен қамту қызметінде (жұмыссыз азаматтар) тіркеу туралы анықтама тапсырады. Берілген құжаттар қарау қорытындысы бойынша тұрғын үй көмегін алушы және уәкілетті орган арасында шарт жасалады.
Тармақша 3
3) тұрғын үй көмегі құжаттар тапсырылған айдан бастап ағымдағы тоқсан аралығына тағаындалады (бірінші тоқсаннан баска, себебі жылу беру мерзімі аяқталады, көмек жылу беру мерзімі аяқталғанға дейін алдын ала беріледі). Ағымдағы айға құжаттарды қабылдау 25 күні аяқталады;
Тармақша 4
4) тұрғын үй көмегі қолма-қол ақшасыз есеп түрінде беріледі қызмет көрсетушілердің арасында бөлінеді және тұрғын үй көмегін алушының өтінішіне сәйкес уәкілетті органдарға аударылады;
Тармақша 5
5) тұрғын үй көмегі еңбекке жарамды тұлғалар жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген азаматтары бар отбасыларына тағайындалмайды. Тек қана күтімге мұқтаж мүгедектерді күту бойынша қызмет көрсететін, жеті жасқа дейінгі балаларды күту бойынша демалыста жүргендер, аз дегенде бір айдың көлемінде стационарлық емдеудегі туберкулезбен, онкологиялық және психикалық аурулармен ауыратындар, сондай-ақ оқушылар және күндізгі білім беру түріндегі студенттерге дәрігерлік-кеңес уақытша еңбек етуге жарамсыз деп берген шешімі барларға ғана рұқсат етіледі;
Тармақша 6
6) тұрғын үй көмегіне өтінген азаматтар, уәкілеіті органға жалған мәліметтерді берген жағдайда, тұрғын үй көмегін көбейтулеріне және тағайындауларына әсер еткен, сол сомма аудан бюджетіне қайтаруға жатады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган отбасы (азамат) табысының кіріс жиынтығын мына табыс кірісін жинақтау арқылы есептеледі: өткен тоқсан айналымындағы тоқсан үшін еңбек ақы, сыйақы, қосымша төлем, қоғамдық жұмыстарға төлем, зейнетақы мен жәрдемақының барлық түрлері материалдық көмек, кәсіпкерлік және тағы басқа қызмет түрлерінен түскен кіріс табысы (тұрғын үй және атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмектен тысқары).
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі аудандық комиссия құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі аудандық комиссия ережесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 17. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі аудандық комиссияның қурамы
Әкімдіктің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 45 қаулысына 1-қосымша Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі аудандық комиссияның қурамы Соқытбаев Мейрам Аманжолұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Плотникова Светлана Геннадьевна - «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы комиссия төрағасының орынбасары; Лакеева Наталья Григорьевна - «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесінің маманы, комиссия хатшысы; Айсенова Гүлнәра Өмархаңқызы - «Мендіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша); Қиялбеков Ермағамбет Кәрісұлы - «Меңдіқара ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша); Қожахметов Байбол Үменұлы - «Меңдіқара ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша).
Басқа 18. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі аудандық коммиссиясының ережесі
Әкімдіктің 2007 жылғы 6 ақпандағы № 45 қаулысына 2-қосымша Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі аудандық коммиссиясының ережесі
Тарау 1. 1. Тұрғын үй көмегі:
1. Тұрғын үй көмегі: 1) тұрғын үй көмегі халыққа тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемі жөніндегі шығынды толтыруға беріледі және халықты әлеуметтік қорғау нысанының бір түрі болып табылады; 2) егер тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне шығыстар, шектеулі мүмкіншілік шығыстар үлесінен асқан жағдайда, тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын тұлғаларға беріледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген, коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері және өтем шаралары қамтамасыз етілетін, тұрғын үй аланы нормасының шегінде 20% мөлшерде отбасының табыс жиынтығына тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну төлеміне шектеулі мүмкіншілік шығыстар үлесі белгіленеді; 3) өтем шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аланының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, отбасының әр мүшесіне берілген тұрғын үй нормасына баламалы және кем дегенде 15 шаршы метрді және бір адамға есептегенде 18 шаршы метрден кем емес тиімді алаңды құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем болмауы тиіс. Коммуналды қызметтерді тұтыну (сумен қамтамасыз ету, канализация, электр жылу энергиясы, қоқыс жинауды) ауданның жергілікті атқарушы орган белгілейді; 4) тұрғын үй көмегін «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынады. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі ұйымдастыру нысанын және қызмет құрылымын жерігілікті атқарушы орган белгілейді; 5) тұрғын үй көмегі жергілікті жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің жеке меншік иесі немесе тұрғын үй жалдаушысы болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады; 6) жеке меншігінде бір бірліктен аса (пәтерлері, үйлері) үйі бар тұлғалар және тұрғын жайды жалдаушылар (жалға алушылар) немесе жалға берушілер, тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңы күшіне енгенге дейін, 3 жасқа дейін және 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгеннен кейін, 1,5 жыл жасқа дейін баланы күту бойынша демалыста жүргендерден немесе күтімге мұқтаж болып табылатын мүгедектерге күтімді жүзеге асыратын тұлғалардан басқаларға, егерде оларда еңбекке жарамды тұлғалар жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызмет қатарында болмаған және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген отбасылардын тұрғын үйді ұстауға, тұрғын үй-коммуналдық қызметіне төлемге материалдық көмек алуға құқықтары жоқ; 7) тұрғын үй көмегі үй жалдаушысына (меншікке) есептелген соманы салыстырумен, тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтері төлемнің азаюы сияқты, қолма-қол есеп айырысу түрінде беріледі. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер төлеміне жүргізу материалдық көмектің мөлшері тұрғын үй мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге нақты есептелген төлемнің сомасынан аспауы керек; 8) тұрғын үй көмегі өтініш берген күннен бастап, тоқсан аяқталғанша тағайындалады. Келесі тоқсанға көмекті қайта тағайындау үшін өтініш қайта берілуі тиіс. Егер өтініш 25 күннен кешіктірілмей берілсе, тұрғын үй көмегі ағымдағы айға тағайындалады. Өтініш 25 күннен кейін берілген кезде, көмек келесі айдың 1 жұлдызынан бастап тағайындалады; 9) тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй бойынша отбасы құрамындағы және оның табыс жиынтығы, өзінің тұрғын үй меншігіндегі болған түрлі өзгерістер туралы, сондай і-ақ 10 күн мерзім бойы материалдық көмек беру есебінің қате аударылған жағдайлары туралы қызмет көрсету қызметіне хабарлауы керек. Тұрғын үй көмегін көрсету бойынша қызметіне жалған мәліметтер беру арқылы тұрғын үй көмегін заңсыз көбейтулеріне және оны тағайындауларына әкеліп соққан жағдайларда, тұрғын үйдің жалдаушысы (меншік иесі) бір жыл мерзім аралығында материалдық көмек алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй мен тұрғын үй - коммуналдық қызметтеріне төлем жасау үшін заңсыз материалдық түрде алынған көмек сомасы белгіленген заңнама тәртібі бойынша кері қайтарылуға жатады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау:
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау: 1) тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді комиссия тағайындайды, оның құрамы және ережесі жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалдаушысы (меншік иесінің) өтініші негізінде және оған қосымша отбасының құрамы, орын алған алаңның мөлшері, өткен кезеңде ұсынылған, тоқсан ішіндегі отбасы табысының жиынтығы, тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызметтерге төлем жүргізудің шығысы туралы құжаттар арқылы қабылданады; 2) өтініш берушінің ұсынған құжаттарының дұрыстығына күдік туса, онда қызмет сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін аударуға қажетті ақпаратты беруге міндетті; 3) көмектің мөлшері, осы мақсатқа арналған отбасының шығыс деңгейінің шегі және өтем шараларымен қамтамасыз етілетін норма шеңберінде тұрғын үйді ұстау мен тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін тұтынуға жалдаушының (меншіктің) нақты төлемі арасындағы айырмашылық сияқты есептелінеді.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері:
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері: 1) меншіктің барлық нысанындағы үйлерде тұратын тұрғындарға үйді ұстау мен тұрғын үй комуналдық қызметтер төлеміне материалдық көмекті төлеуге қаржыландыру жергілікті (аудандық) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады; 2) тұрғын үй көмегінің қызметі берілетін жәрдемақы сомасының көрсетілуімен пәтер меншіктерінің тізімін құрайды және әр айдың 5 жұлдызына «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне толықтыру үшін жиынтық ведомості ұсынады. 3) «Меңдікара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілген ведомостер негізінде жергілікті бюджетте қарастырылған ассигнованиялар есебінен ұйымдарды қаражатпен толықтыру жүргізіледі; 4) «Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі жылына кемінде бір рет тұрғын үй көмегін төлеуге бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалуына бастапқы құжаттар бойынша тексеруді жүргізуге міндетті; 5) құжаттардың дұрыс рәсімделмегеніне, тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер төлеміне материалдык көмектің заңсыз тағайындалуына, заң бұзушылыққа жол берген кінәлері бойынша лауазымды тұлғалар белгіленген заң тәртібімен жауапкершілікке тартылады.