Жұмыссыз азаматтарды және оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жұмыссыз азаматтарды және оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы от 06.02.2007 г. № 48 (Жұмыссыз азаматтарды және оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы)
1. Жұмыссыз азаматтарды және оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдар халықтың нысаналы топтарына қарайтын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруын және одан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен оқу орындарын бітірушілері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруын қамтамасыз етсін.
3. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 39 «Жұмыссыз азаматтарды және оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы», тіркеу нөмірі № 9-15-28, «Меңдіқара үні» аудандық газетінде 2006 жылғы 7 наурызда № 10 жарияланған, қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Киікбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.