Об утверждении Правил оказания гражданам жилищной помощи на оплату за содержание жилища и потребляемые коммунальные услуги в Целиноградском районе Күшін жойған
Басқа 0
Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Целиноград ауданының әкімшілігін азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету ұсынысын талқылап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету ережелері бекітілсін (қосымшада)
Тармақ 2
2. Шешім Целиноград ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешім аудандық «Призыв»-«Ұран» газетінде жарияланғаннан он күн өткеннен соң қолданылымға енеді.
КЕЛІСІЛДІ
Аудан әкімінің орынбасары
Б.Жанбаев
Аудандық еңбекпен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
А.Әшіров
(АЖҚ және ӘББ)
«13» 02 2007
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 17 ақпандағы
№ 230/35-3 шешімімен
бекітілді
Целиноград ауданында азаматтарға тұрғын-үй күту және коммуналдық қызмет ақы үшін тұрмыстық көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Азаматтарға Целиноград ауданында тұрғын-үй күту, коммуналдық қызмет ақы және байланыс қызметі үшін тұрмыстық көмек көрсету осы Ережелер Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тұрмыстық жәрдемақыны тағайындау және төлеу, тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Тұрмыстық көмек - азаматтарға үй жайын ұстау (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналдық қызмет көрсету шығынының орнын толтыру үшін өтемақы.
Тармақ 2
2. Тұрмыстық көмек аудан аумағында тұратын жеке меншік үй иесі немесе пәтерді жалға алушы болып табылатын кісілерге, егерде отбасының үй жайды ұстау (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналды қызмет көрсету шығыны отбасының бюджетінің шығынының мүмкіндік шегінің үлесінен асқанда беріледі.
Үй-жайды ұстау (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналды қызмет көрсету шығынының мүмкіндік шегінің үлесі, отбасының жалпы кірісінің 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй күту және коммуналдық қызмет үшін төленетін төлемақы белгіленген нормадан жоғары бөлім мөлшердегі төлемдер жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы бір кісіге 18 пайдалы шаршы метр болып алынады.
Коммуналдық қызмет (сумен қамтамасыз ету, канализация, жылу, қоқыс, пайдалану шығындары) тұтыну нормативі нақтылы шығын көлемінде белгіленеді, нормативтік құжаттарға сәйкес шекті мөлшерден көп емес.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде бірнеше тұрғын үйі немесе тұрғын үйін жалға берушілер, тұрмыстық көмек алу құқығымен айырылады.
Еңбекке қабілетті бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында емес және еңбекпен қамту өкілетті органында тіркелмеген тұлғалар бар отбасылар тұрмыстық көмек алуға кұқықтары жоқ, мүгедектерге қарайласатын немесе 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын тұлғалардан басқа.
Тарау 2. 2. Тұрмыстық көмектің тағайындалуы
2. Тұрмыстық көмектің тағайындалуы
Тармақ 5
5. Тұрмыстық көмек, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейін тағайындалады. Тұрмыстық көмек беру жөніндегі өтініш тек қана отбасының бір мүшесінен қабылданады. Тұрмыстық көмек көлемінің мөлшерін белгілеу үшін алдыңғы тоқсандағы отбасының орташа кірісі есептеледі.
Тұрмыстық көмек меншік үй иесінің (жалға алушының) өтініші мен қосымша құжаттар негізінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) отбасының мекен жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 2
2) пәтер құқықтығын растайтын құжаттар (техникалық паспорт, ордер, жекешелендіру келісімі, алып-сату келісімі, сыйға тарту келісімі, жалға беру келісімі және тағы басқалар);
Тармақша 3
3) отбасы мүшелерінің табыстары туралы ақпарат (жалақы мөлшері, стипендия, мемлекеттік зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнаулы жәрдемақы, алименттер туралы);
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылығы барлығы туралы ақпарат;
Тармақша 5
5) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу орталығының филиалында тіркелген меншік туралы анықтама (бірінші рет өтініш берушілер үшін);
Тармақша 6
6) коммуналдық қызметтер үшін төлемдер түбіртегі;
Тармақша 7
7) жеке куәлік, салық төлеушінің нөмірі (СТН).
Тармақ 6
6. Тұрмыстық көмекті, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды; өтініш беруден құжаттарды қабылдағаннан соң, он күн ішінде қарастырып, тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады.
Көмек алушының тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін төлемдер бойынша қарызы болған жағдайда, алушының жазбаша өтініші бойынша тағайындалған тұрмыстық көмек берушінің есеп-шотына аударылады.
Тармақ 7
7. Тұрмыстық көмек алушылар отбасы құрамындағы және жалпы кірісі туралы өзгерістер мәліметін он күннің ішінде еңбекпен қамту және әлеуметті бағдарламалар бөліміне беру керек.
Тұрмыстық көмек мөлшерінің артық немесе заңсыз тағайындауға себеп болған жалған мәліметтер үшін меншік үй иесі (жалға алушы) бір жылға тұрмыстық көмек алу құқығынан айырылады. Артық төленген қаржылар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартқан жағдайда сот арқылы өндіріледі.
Тармақ 8
8. Мәліметтердің сенімділігіне күдік туған жағдайда, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ресми сұрау салуға мүдделі, ал заңды және жеке тұлғалар тұрмыстық көмек үміткерінің табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тарау 3. 3. Тұрмыстық көмекті қаржыландыру көзі
3. Тұрмыстық көмекті қаржыландыру көзі
Тармақ 9
9. Тұрмыстық көмек тағайындалған қаржыны ай сайын алушының жеке шотына салу немесе есеп шот арқылы коммуналдық қызмет көрсетушілерге аударылады.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегімен қаржыландыру аудандық бюджет арқылы іске асырылады.
Аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрмыстық көмек беру үшін бөлінген қаржыларды алушылардың жеке шотына аударады.
Тармақ 11
11. Кінәлі лауазымды адамдар, дұрыс толтырылмаған құжаттармен заңсыз төленген тұрмыстық көмек үшін заңды түрде жауапқа тартылады.