Правила создания автоматизированной информационной системы накопительных пенсионных фондов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiн құру ережелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 112 қаулысымен.
Тармақ 1
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттар жүйесiн құру ережелерi" (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес әзiрлендi. Осы Ережелер қорлар өздерiнiң автоматтандырылған ақпарат жүйесiн (бұдан әрi - ААЖ) әзiрлеу, бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу кезiнде, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрi - Қорлар) ақпараттардың сенiмдiлiгiне, сақталуына және ААЖ-ға заңсыз қол жеткiзуден ақпараттарды қорғауға қойылатын негiзгi талаптарды белгiлейдi. 📌 Ескерту. 1-тараудың 1.1-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө бұйрығымен .
Тармақ 1.2
1.2. Қорлар әзiрлеушiнi өздiгiнен айқындайды және Комитетпен келiсiлгеннен кейiн ААЖ әзiрлеуге арналған техникалық мiндеттердi бекiтедi. 📌 Ескерту. 1-тараудың 1.2-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө бұйрығымен .
Тармақ 1.3
1.3. Комитеттiң жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiне қоятын негiзгi талаптары барлық Қорлар үшiн мiндеттi болып табылады. 📌 Ескерту. 1-тараудың 1.3-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө бұйрығымен .
Тармақ 1.4
1.4. Салымшылардың/алушылардың дербес зейнетақы шоттарының мәлiметтер базасы Қордың дара пайдалануына арналған және ол басқа заңды тұлғаларға берiлуге немесе жалға өткiзiлуге тиiстi емес. 📌 Ескерту. 1-тарау 1.4-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө бұйрығымен .
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Жүйеге қойылатын функционалдық талаптар
2. Жүйеге қойылатын функционалдық талаптар Жүйе функционалдық тұрғыдан мынадай міндетті ішкі жүйелерден тұруы керек:
Тармақ 2.1
2.1. "Жүйелерді әкімшіліктендіру және ішкі аудит" ішкі жүйесі Пайдаланушылардың жүйеге қол жеткізуін басқаруды қамтамасыз етуге және мына функцияларды орындауға арналған:
Тармақша 1
1) Жаңа пайдаланушыларды қосу;
Тармақша 2
2) Пайдаланушыларға құқық белгілеу;
Тармақша 3
3) Операциялық күнді ашу/жабу;
Тармақша 4
4) Жұмыс күнінің ауысуы;
Тармақша 5
5) Жүйені тұйықтау/ашу;
Тармақша 6
6) Пайдалану паролін өзгерту;
Тармақша 7
7) Жүйенің ішкі аудиті;
Тармақша 8
8) Архивтік және резервтік көшірме жасау.
Тармақ 2.2
2.2. "Зейнетақы активтері мен пассивтері" ішкі жүйесі Қор салымшысының (алушысының) дербес есебін жүргізуге, міндетті және ерікті жарналар бойынша зейнетақы шарттарының дербес есебін жүргізуге, дербес зейнетақы шоттарымен операциялардың талдау және синтетикалық бухгалтерлік есебін жүргізуге, инвестициялық табысты салымшылар (алушылар) арасында бөлуді жүзеге асыруға, зейнетақы төлемдерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге, зейнетақы активтерімен жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуге арналған. Ішкі жүйе мынадай міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Салымшылар мен алушылар жөніндегі қор клиентурасының дербес есебін жүргізу бойынша мынадай функциялар орындалуы тиіс:
Тармақша 1
1) Жаңа клиентке кәртішке ашу;
Тармақша 2
2) Бұрынғы кәртішкеге өзгерістер енгізу;
Тармақша 3
3) Клиенттерді түрлі өлшемдер бойынша іріктеу.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Міндетті және ерікті жарналар бойынша зейнетақы шарттарының дербес есебін жүргізу бойынша мына функцияларды орындауды қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 1
1) Шарт бойынша кәртішке ашу;
Тармақша 2
2) Бұрыннан бар кәртішкелерге өзгерістер енгізу;
Тармақша 3
3) Шоттарды барлық өлшемдері бойынша іріктеу.
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Дербес жинақтаушы зейнетақы шоттарымен жасалатын операцияларға талдамалық және синтетикалық бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша мына функциялардың орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс:
Тармақша 1
1) шоттар ашу;
Тармақша 2
2) шот бойынша кез келген операцияны көрсету (жарнаның түсуі инвестициялық табысты есептеу жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу және басқа қорғау аудару және т.б.);
Тармақша 3
3) дербес сұратулар, сондай-ақ пакеттік режим бойынша да берілген уақыт аралығында кез-келген шот бойынша баланс құру;
Тармақша 4
4) берілген уақыт аралығында операциялар бойынша баланс құру;
Тармақша 5
5) салымшының дербес кітапшасындағы берілген уақыт кезеңінде шоттың жай-күйінің өзгеру динамикасы туралы белгілердің орындалуы.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Инвестициялық табысты салымшылар (алушылар) арасында бөлуді жүзеге асыру бойынша. Инвестициялық табыс Қорға және Компанияға комиссиялық сыйақыны ұстап қалғаннан кейін жарнаның түскен күндерін ескере отырып, жарналарға сайма-сай салымшылардың (алушылардың) шоттары бойынша тең мөлшерде бөлінеді. Табысты бөлген кезде пайда болған қалдық бөлек жеке шотта есептеледі. Келесі инвестициялық табысты есептеу кезінде бұрынғы қалдық ағымдағы инвестициялық табысқа қосылады. Міндет мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 1
1) Әр салымшы бойынша инвестициялық табыс сомасының есебі;
Тармақша 2
2) Инвестициялық табысты бөлу кезінде алынған қалдықтың есебі;
Тармақша 3
3) Қажетті төлем және өзге құжаттарды жасау;
Тармақша 4
4) Әр салымшы бойынша инвестициялық табысты есептеудің дұрыс орындалуына бақылау жасау.
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Зейнетақы жарналарының түсуіне бақылау жасау бойынша мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 5
5) Тапсырма берілген күнге зейнетақы жарналарының түсуін жоспарлау;
Тармақша 6
6) Тиісті есептердің жасалуымен бірге зейнетақы жарналарының түсу жоспары мен нақты түсуін салыстыру;
Тармақша 7
7) Зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі шарттардың сақталмауына тіркелген есеп жүргізу;
Тармақша 8
8) Әр жұмыс беруші бойынша дербес сұрату бойынша және пакеттік режимде жарналардың түсуі туралы есеп жасау.
Тармақ 2.2.6
2.2.6. Зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру жөнінде мынадай функцияларды орындау қамтамасыз етілуі тиіс:
Тармақша 1
1) Орталушы бойынша зейнетақы төлемі сомасының есебі;
Тармақша 2
2) Тапсырма берілген күнге зейнетақы төлемін жоспарлау;
Тармақша 3
3) Қажетті төлем және өзге құжаттарды жасау;
Тармақша 4
4) Тиісті есептердің жасалуымен бірге зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жоспары мен нақты төлеуді салыстыру;
Тармақша 5
5) Есептелген зейнетақы төлемі сомасынан табыс салығын ұстау. 2.2.7. Зейнетақы активтерімен жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша. Міндет шегінде мынадай функциялар орындалуы тиіс:
Тармақша 1
1) Жасалған операциялардың есебі;
Тармақша 2
2) Инвестициялар портфелі;
Тармақша 3
3) филиалдарды басқару (операциялық қызмет);
Тармақша 4
4) бюджетті басқару (операциялық қызмет).
Тармақ 2.3
2.3. "Бас бухгалтерлік кітап" ішкі жүйесі Бас бухгалтерлік кітапты жүргізуге, жүйенің барлық қаржы мәліметтерін қаржылық жұмылуды орындауға, жүйенің негізгі модульдерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыруға арналған. Мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақша 1
1) Шоттардың жоспарын жүргізу;
Тармақша 2
2) Баланстық шоттар бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу;
Тармақша 3
3) Күн сайынғы балансты жасау.
Тармақ 2.4
2.4. "Есептілік" ішкі жүйесі Комитеттің және басқа ұйымдардың ішкі пайдалануына стандарттық ішкі есепті жасауға арналған. Есептер экрандық нысан, файлдар мен қағаз таратқыштар түрінде жасалады. Есептер теңге - тиынмен жасалады, содан кейін мың теңгеге дейін дөңгелектеледі. Ішкі жүйе мына функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақша 1
1) Дербес сұратулар бойынша жедел есептерді жасау;
Тармақша 2
2) Оларды кейін басу және архивте сақтаумен жедел (күн сайынғы, апта сайынғы, ай сайынғы және т.б.) есептерді орталықтандырып автоматтандырып жасау;
Тармақша 3
3) Бір-біріне байланысты есептік мәліметтерді (мың теңгеге дейін) дөңгелектеу - барлық есеп дөңгелектелгеннен кейін баланспен салыстырылады;
Тармақша 4
4) Дербес сұратулар бойынша архивтен жедел есептерді іздеу және беру;
Тармақша 5
5) Жедел есептерді электрондық архивпен басқару;
Тармақша 6
6) Дербес сұрату бойынша кез келген күннің кез келген жедел есебін жасау (егер ол архивте болмаған жағдайда);
Тармақша 7
7) Комитетке жіберу үшін әр есеп бойынша электрондық макет жасау. Әр есеп бойынша жасалған электрондық макеттерді Комитет бекітеді.
Тармақша 8
8) зейнетақы жарналарының және есептелетiн инвестициялық кiрiстердiң есебiн жүргiзу. Стандарттық есептер "Жинақтаушы зейнетақы қорларында бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп беру ережелерiне" сәйкес қалыптастырылады. 📌 Ескерту. 2-тараудың 2.4-тармағы 8)-тармақшамен толықтырылды және 3-абзац жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө   бұйрығымен .
Тармақ 2.5
2.5. "Ішкі жүйесі бар интерфейс" ішкі жүйесі Түрлі ұйымдар мен ведомстволардың, атап айтқанда:
Тармақша 1
1) Жеке өз филиалдарының - өз филиалдарымен ақпарат алмасу мәліметтерді берудің жеке жүйесін (корпоративтік жүйе) пайдаланумен немесе жалпы пайдаланудағы мәліметтер беру жүйесін пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін;
Тармақша 2
2) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелерінің;
Тармақша 3
3) Кастодиан-банктің - кастодиан-банкпен ақпараттар алмасу банк-кастодианның мәліметтерін берудің корпоративтік жүйесін пайдаланумен жүзеге асырылады. Талаптар осы жүйеге қойылатын техникалық талаптармен айқындалады. Немесе электрондық почта пайдаланылады;
Тармақша 4
4) Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияның - зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен ақпарат алмасу күн сайын электрондық почтаны пайдаланумен жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) Ұлттық зейнетақы агенттігінің - Ұлттық зейнетақы агенттігімен ақпарат алмасу күн сайын және Х-400 электрондық почтаны пайдаланумен жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) Қызмет көрсететін банктің ақпараттық жүйелерімен электрондық ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге арналған. Барлық ақпарат алмасу файлдар түрінде жүзеге асырылады Файлдар электрондық құжат нысанында ресімделеді және электрондық жазбасы болуы керек. Осы ішкі жүйе шеңберінде мына функциялардың орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс:
Тармақша 1
1) Кілттер алмасу;
Тармақша 2
2) Нақты ішкі жүйе мәліметтерінің негізінде ақпараттар беру макетін жасау;
Тармақша 3
3) берілетін ақпаратты криптеу және авторландыру;
Тармақша 4
4) қолданылатын ақпараттағы жазуларды крипсіздендіру және салыстыру;
Тармақша 5
5) Ақпарат алмасу журналы;
Тармақша 6
6) Мәлімдемелер мен кілттердің архиві. ААЖ құрамына міндетті ішкі жүйелерден басқа мынадай ішкі жүйелерді енгізу ұсынылады.
Тармақ 2.6
2.6. Өз құрылтайшылары мен акционерлерінің есебін жүргізуге, өз капиталын басқаруға, құралымы мен үстеме шығыстардың көлемін талдауға, түрліше болжамдар жасауға, болып жатқан процестердің модельдерін жасауға, Қордың шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге, Қордың бухгалтерлік есебін жүргізуге арналған ішкі жүйелерді Қор өздігінен жасайды және реттеуді қажет етпейді.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Сенімділікке қойылатын талаптар
3. Сенімділікке қойылатын талаптар
Тармақ 3.1
3.1. Ақпаратты қорғау Жүйе пайдаланылатын ақпараттардың мына талаптарға сәйкес қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс:
Тармақша 1
1) сыртқы арналар бойынша жіберілетін ақпараттар сертификатталған аппараттық немесе бағдарламалық криптограммалық қорғалуы тиіс;
Тармақша 2
2) жергілікті жүйелерде жұмыс істеген кезде пайдаланушылардың мәлімет алуға, функциялық және жүйенің ресурстарына құқық анықталуы қамтамасыз етілуі тиіс;
Тармақша 3
3) жүйені әрбір пайдаланушының көрінбейтін және пайдаланушы өзі немесе басшылық қана өзгерте алатын өзінің паролі болуы керек.
Тармақ 3.2
3.2. Ақпараттық сақталуы Жүйе ақпараттардың электрондық архивтер мен мәліметтер базаларындағы ақпараттардың:
Тармақша 1
1) жүйенің кез келген учаскесінде және кез келген уақытта электр қоректендірудің толық немесе ішінара ажыратылған;
Тармақша 2
2) жұмыс станцияларында, аймақтық және телекоммуникациялық жабдықтарында ақау болған кезінде толық сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Сервер істен шыққан жағдайда соңғы резервтік көшірмені жасаған сәттен бастап, технологияны бұзбай және мәліметтердің бүтіндігін сақтай отырып жүйенің штаттық құралдарымен ақпараттарды қалпына келтіру мүмкіндігі болған жағдайда ғана ақпараттың жойылуына жол беріледі. Серверге арналған үздіксіз қоректендіру көзі сервердің техникалық сипаттамасына сәйкес келуі және оның қоректі айырған сәттен бастап бір сағат бойына жұмыс қабілеттілігіне қолдау көрсетуі тиіс, сонымен бірге Shut Down операциясы өздігінен орындалуы тиіс.
Тармақ 3.3
3.3. Ақпараттың растығы Ақпаратқа енгізу мен түзету жасау қосарлап енгізу әдісімен немесе орындалған ақпарат туралы тіркелген ақпаратты міндетті енгізумен рұқсат беру әдісімен орындалуы керек. Ақпаратты енгізу мен түзету қандай жағдайда болмасын, ақпараттың хронологиялық үздіксіздігі мен бүтіндігін бұзбауы тиіс. Қаржы операцияларының есебін жүргізу қосарлап жазу әдісімен орындалуы тиіс. Енгізілген операциялардың бірде біреуі алынып тасталмауы тиіс. Жаңылыс енгізілген қаржылық құжаттар алынып тасталмайды, бірақ іріктелуі тиіс.
Тармақ 3.4
3.4. Ақпараттарды көшірмелеу және қалпына келтіру мен бағдарламалық қамтамасыз ету Ақпараттардың бағдарламалық көшірмелерін жасау мен бағдарламалық қамтамасыз ету тәртібі жүйенің көшірмесін жасау сәтіндегі толық қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс, сонымен бірге қалпына келтіру мәліметтердің жалпы тұтастығын бұзбауы керек.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Сатып алынатын Қорды бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын негiзгi талаптар
4. Сатып алынатын Қорды бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын негiзгi талаптар
Тармақ 4.1
4.1. Сатып алынатын Қорды бағдарламалық қамтамасыз ету патенттелген немесе лицензия алған болуы тиiс.
Тармақ 4.2
4.2. Қор бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу кезiнде бағдарламалық қамтамасыз етуге кемiнде 1 жыл мерзiм бойына қолдау көрсету жөнiндегi талаптарды ескертуге мiндеттi.
Тармақ 4.3
4.3. Қор автоматтандырылған ақпараттық жүйе бойынша тиiстi техникалық құжаттардың жасалуын талап етуге тиiс. Бағдарламалық қамтамасыз етудi сатушы субъект жеке пайдаланушыларға арналған нұсқаулықты беруге тиiстi. 📌 Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө   бұйрығымен .
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Қорытынды
5. Қорытынды
Тармақ 5.1
5.1. ААЖ жүйенiң функционалдық сипаттамаларын тұтасымен жақсартатын қосымша кiшi жүйелер мен тапсырмаларды сатуға жол берiледi.
Тармақ 5.2
5.2. Жүйенiң аппараттық және коммуникациялық құралдарына қойылатын талаптар ААЖ техникалық мiндеттер сатысында жасалады.
Тармақ 5.3
5.3. Қордың әрқайсысының ААЖ әзiрлеушiнiң құқықтары "Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қорғалған болуы тиiс.
Тармақ 5.4
5.4. Қорлардың ААЖ-iн құру жөнiндегi мәселелердiң үйлестiрiлуiн Комитет жүзеге асырады.
Тармақ 5.5
5.5. ААЖ-нi әзiрлеу кезiнде мәлiметтер базасын басқару жүйесi (МББЖ) және төртiншi шығарылған бағдарламалау тiлi қолданылуы тиiс.
Тармақ 5.6
5.6. Қор құрылымында ААЖ құруға, енгiзуге және алып жүруге жауап беретiн тиiстi бөлiмшелердiң құрылуы көзделуi тиiс. 📌 Ескерту. 5-тараумен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің 1999 жылғы 26 қараша N 94-Ө   бұйрығымен .