Об изменении границ города Шымкента и Сайрамского района Қолданыста
Басқа 0
Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының шекараларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес Шымкент қалалық және Сайрам аудандық мәслихаттары және әкімияттарының ұсыныстары негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының әкімшілік шекарасына Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының жалпы көлемі 4640,0 гектар жер бөлігінің қосылуымен Шымкент қаласының және Сайрам ауданының шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.