Қолданыстағы ред. 12.03.2007

Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы от 12.03.2007 г. № 54 (Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы)

0

Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 5,7 баптарын және Қазақстан Республикасынң «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 313,14 тармақшаларын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесі (1 қосымша) және халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың Ережесі бекітілсін.

2

2. Әлеуметік жұмыс орындарын құру жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кенттік, селолық, ауылдық округтердің әкімдерімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ө. Нұриев) тапсырылсын.

3

3. Аудан әкімиятының 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 4 «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмысыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» қаулысының күші жойылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Меңдігереевке жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
«Индерводоканал» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
директоры:
Б. Оразов
12.03.2007
«ИСИ Гипс Индер»
Жауапкершілігі шектеулі
Серіктестігін бас директоры
А. Ребенсдорф
12.03.2007 жыл.

6

Аудан әкімиятының
2007 жылғы «12» наурыз
№ 54 қаулысына 1-қосымша

1

1. «Индерводоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

2

2. «ИСИ Гипс Индер» жауакершілігі шектеулі серіктестігі.

9

Аудан әкімиятының
2007 жылғы «12» наурыз
№ 54 қаулысына 2-қосымша
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ЕРЕЖЕСІ
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың ережесі (бұдан әрі-Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы», Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы №84-III Заңына, «Қазақстан Респбуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес нысаналы топтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау мақсатында әзірленген.

1. 1. Жалпы ережелер:

1. Жалпы ережелер:

1

1. Ереже жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландырудың тәртібін айқындайды, меншік нысанына қарамастан, нысаналы топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) есеп айырысудың негізгі шарттары мен жүйесін реттейді.

2

2. Осы Ережеде пайдаланатын негізгі ұғымдар:

1

1. Әлеуметтік жұмыс орны-жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны.

2

2. Нысаналы топтар-жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген адамдар топтары.
Нысаналы топтарға жататындар:

1

1) Табысы аз адамдар;

2

2) Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3

3) Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4

4) Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5

5) Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6

6) Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуына екі жыл қалған);

7

7) Мүгедектер;

8

8) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан босаған адамдар;

9

9) Оралмандар.

10

10) Бас бостандығынан айыру және мәжбүрленіп емдеу орнынан босатылған адамдар.

3

3. Жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті орган аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

4

4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы Заңнамалары таралады.

2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және жұмысқа орналастырудың тәртібі

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың және жұмысқа орналастырудың тәртібі

5

5. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды жұмыс беруші жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде атқарады. Шартта талаптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері көрсетіледі.

6

6. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады.

7

7. Жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

8

8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында аудандық әкімият нысаналы топтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесін айқындайды.

9

9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан жұмыссыздар жұмыссыздардың есебінен шығарылады.

10

10. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі, жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған адамның арасында жасалатын жеке еңбек шартында белгіленеді, алайда ол 6 айдан аспауы тиіс.

3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары

11

11. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстары жергілікті бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған Республикалық бюджеті туралы Заңымен белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінде өтеледі. Жұмыс беруші орындалатын жұмыстың сипаты мен күрделілігіне қарай әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамның жалақысының белгіленген ең төменгі жалақыдан артық өз қаражатына үстемақы төлеуге құқылы.

12

12. Аудандық жұмысты қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілердің есеп айырысу шотына бюджет қаражаты есебінен аударылуын қамтамасыз етеді.

13

13. Жұмыс беруші ай сайын жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес орындалатын жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне қарай нақты орындалған жұмыс көлемі үшін әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуді жүзеге асырады.

4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібіне бақылау

14

14. Жергілікті округ әкімдері мен атқарушы органдар Заңнамамен белгіленген тәртіпте ұйымдастыру ережесінің сақталуын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.