Қолданыстағы ред. 26.02.2007

Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Ережесін белгілеу туралы от 26.02.2007 г. № 31-2 (Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Ережесін белгілеу туралы)

0

Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Ережесін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Сырым ауданында нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық кызмет ақысын төлеуге үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы Ережесі белгіленсін.

1. Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі ЕРЕЖЕСІ

Сырым аудандық мәслихатының
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
кезектен тыс ХХХІ сессиясының
№ 31-2 шешімімен белгіленді
Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі ЕРЕЖЕСІ

1. 1. Жалпы ережелер.

1. Жалпы ережелер.

1

1. Тұрғын үй жәрдемақысы аз қамтамасыз етілген азаматтарға және тұрмысы төмен отбасыларға көрсетіледі.

2

2. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің жүзеге асырылады.

3

3. Тұрғын үй жәрдемақысы нашар қамтамасыз етілген азаматтар санаттарына басқа әлеуметтік қорғау түрлеріне, тұрғын жайдың меншік нысанына, арнайы мемлекеттік жәрдемақы түрлеріне, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғау нысандарына байланыссыз берілетін тұрғын жай ұстау және коммуналдық кызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған жәрдемақы.

4

4. Тұрғын үй жәрдемақысы Қазақстан Республикасының азаматтарына: оралмандарға, Қазақстан Республикасында тұруға рұқсат алған және тұрақты адамдарға беріледі.

5

5. Осы Ереже Сырым ауданында тұратын нашар қамтамасыз етілген азаматтарға қолданылады.

6

6. Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы және осы Ережеге сәйкес белгіленеді.

2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы.

2. Тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығы.

7

7. Тұрғын үй жәрдемақысы пайдаланушы немесе меншіктенуші өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шеңберінде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну үшін төлейтін нақты төлемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын ең жоғары шығын деңгейінен асып кеткен жағдайда беріледі.

8

8. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енеді: пайдалану шығындары, электр, су, газ, жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету, қоқыс шығару және коммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметі.

9

9. Тұрғын үй жәрдемақысын сонымен қатар күрделі жөндеуге кондоминиум түрлеріне мысалы: іргетасы, сыртқы қабырға, баспалдақ, және шатыр алады.

10

10. Тұрғын үй жәрдемақысын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындайды.

11

11. Тұрғын үй жәрдемақысы аудан аумағында тұрақты тұратын, тұрғын жай меншіктенушісі немесе меншігінде тұрғын жайы жоқ пайдаланушы (жалданушы), болып танылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.

12

12. Ведомстволық тұрғын жайда тұратын тұлғаларға тұрғын үй қысы осы ережеде белгіленген жалпы негізде тағайындалады:

1

1) күтімге мұқтаж деп танылған тұлғаларға (күтіп отырған немесе 7 жасқа дейінгі баланы бір және одан да коп);

2

2) кішісі бірінші сыныпты аяқтағанға дейін (жасы 9-дан аспаған) үш және одан да көп баланы тәрбиелеп отырғандарға;

3

3) психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларға;

13

13. Еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, әскери кызмет атқармайтын, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген бар отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.

14

14. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар жергілікті ауыл әкімшілік жанындағы тұрғын үй жәрдемақысы жөніндегі тұрақты комиссиясында қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қаралып, шешіледі.

15

15. Тұрғын үй жәрдемақысы ақшалай төлем түрінде белгіленеді және тұрғын жай меншіктенушіге немесе пайдаланушыға тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретінде ұсынылады және. Қазақстан Ұлттық банкісінің мен келісімімен Қаржы министрлігі тізімін бекіткен екінші дәрежелі банктер арқылы, аудандық бюджеттен осы мақсаттарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бөлінген қаржы есебінен азаматтардың есеп шоттарына немесе коммуналдық кәсіпорындардың есеп шоттарына аудару жолымен төленетін болып белгіленсін.

16

16. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тәртібі үш жақты келісім-шарт бойынша жүргізіледі. Келісім-шарт екінші дәрежелі банкмен, коммуналдық кәсіпорындармен және тұрғын үй жәрдемақысын жүзеге асыратын мекеме арасына жасалады.

17

17. Тұрғын үй жәрдемақысы арыз берілген күннен алты ай мерзімге (жарты жыл мерзімге) тағайындалады.

18

18. Отбасының тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалануға жұмсай алатын шығын деңгейі, отбасының табыс мөлшері, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтері өзгерген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бұрын тағайындалған жәрдемақыны кайта есептейді.

19

19. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, егер жәрдемақы дұрыс есептелмесе 10 күн мерзімде хабарлауы керек. Тұрғын үй жәрдемақысы бөліміне қасақана қате мәліметтер бергендігі салдарынан заңсыз жәрдемақы тағайындалса немесе тағайындалған жәрдемақы деңгейі заңсыз көтермеленген болса пайдаланушы меншіктенуші тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан бір жыл айырылады, ал заңсыз түрде алған жәрдемақы заңнамаларда белгіленген тәртіп бойынша қайтарылуы тиіс.

20

20. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың тұрғын үйінің көлемі әр адамға 15 шаршы метр және көп дегенде 18 шаршы метр, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер мөлшерінде беріледі.

3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу

3. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу

21

21. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі шешім, тұрғын жай меншіктенуші немесе пайдаланушының арызы мен оған тіркелген отбасының құрамы, нақты пайдаланып отырған алаң (тұрғын жай) көлемін, тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығының, отбасының бюджетін, мүгедек заңдылығын куәландыратын құжаттар тапсыруға міндетті.

22

22. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен өтініш иесінің арасында шарт жасалады, оған жәрдемақы есебі жазылады. Шарт 2 данадан жасалады. Шарттың бір данасы өтініш иесінде сақталады. Шарт тұрғын үй жәрдемақысын беруге негіз болып табылады.

23

23. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.

24

24. Отбасының жиынтық табысына бала тууға берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мен жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыны қоспағанда отбасының барлық мүшелерінің нақты еңбекақы түрінде алатын; мүліктік табысы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақысы мен басқа да әлеуметтік көмек түрлері (жәрдемақы); балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер; ақшалай және заттай түрінде алынған ұтыстар; жеке қосалқы шаруашылығынан түскен табыстары, мұраға қалған ақша енеді. Тұрғын үй жәрдемақысы отбасының жиынтық табысының 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі

4. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі

25

25. Барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрғын үй жәрдемақысы жергілікті бюджет есебінен төленеді.