Қолданыстағы ред. 20.02.2007

Ауданда ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен және бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары туралы от 20.02.2007 г. № 29-5 (Ауданда ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен және бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары туралы)

0

Ауданда ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен және бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12-маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Заңының 393,394 – баптарына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6,7 баптарына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша салық комитетінің ұсынысы бойынша аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ауданда ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен және бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық ставкаларының мөлшері Ақжайық ауданы бойынша салық комитеті жүргізген орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 24-ақпандағы «Ауданда ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен және бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары туралы» шешімінің (нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде №7-2-22 нөмірімен тіркелген) күші жойылсын.

3

3. Шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

4. Ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен және бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары

Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 20-ақпандағы №29-5 шешіміне қосымша
Ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен және бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары

1

1. Ұтыс ақшасыз ойын автоматтарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары;
Бір күнге бір компьютерге - 109 тенге
Бір айға - 2180 тенге
Бір жылға - 26160 тенге

2

2. Бильярд ойындарымен қызмет көрсетуден алынатын жиынтық салық ставкалары;
Бір бильярд үстелінен.
Бір жылға 84 еселенген айлық есептік көрсеткіш есебінен - 91728 тенге
Бір айға - 7644 тенге
Бір күнге - 255 тенге