Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил компенсирования затрат энергопередающей организации на расширение и реконструкцию сетей транспортировки энергии общего пользования на возвратной основе

Бұйрық · № 54-ОД · қабылданған 21.02.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-32427/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил компенсирования затрат энергопередающей организации на расширение и реконструкцию сетей транспортировки энергии общего пользования на возвратной основе Күшін жойған Бұйрық ·№ 54-ОД ·21.02.2007
28.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил компенсирования затрат энергопередающей организации на расширение и реконструкцию сетей транспортировки энергии общего пользования на возвратной основе

Күшін жойған Бұйрық ·№ 54-ОД · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил компенсирования затрат энергопередающей организации на расширение и реконструкцию сетей транспортировки энергии общего пользования на возвратной основе
Атауы (қаз.)
Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желiлерiн кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия берушi ұйымның шығындарын қайтарымды негiзде өтеу ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54-ОД
Қабылданған күні
21.02.2007
Көрсетілген редакция
28.09.2010 AI32427_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004578_
ЭКБ идентификаторы
32427
Редакция идентификаторы
AI32427_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:02

0 Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желiлерiн кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия берушi ұйымның шығындарын қайтарымды негiзде өтеу ережесiн бекiту туралы

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысымен бекiтiлген Электр энергетикасы қондырғылары объектiлерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесiнiң 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желiлерiн кеңейтуге және жаңартуға арналған энергия берушi ұйымның шығындарын қайтарымды негiзде өтеу ережесi бекiтiлсiн.

2

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң облыстар және Астана, Алматы қалалары бойынша басқармалары Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желiлерiн кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия берушi ұйымның шығындарын қайтарымды негiзде өтеу ережесiне сәйкес қосымша қуаттарды қосқаны үшiн ақы төлеген тұтынушыларға табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қаражаттарды қайтаруын бақылауды қамтамасыз етсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаментi (А.В.Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы және талдау департаментi (Е.О.Есiркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:

1 1) оны заңнамада белгiленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.

5 5. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының:

1

1) "Қосымша қуаттарды қосқаны үшiн тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртiбiн көздейтiн электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөнiндегi қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 477 (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн тiркелу тiзiлiмiнде N 3278 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 8 қаңтарда N 2 жарияланған);

2

2) "Қосымша қуаттарды қосқаны үшiн тұтынушылардың шығындарын өтеу тәртiбiн көздейтiн электр және (немесе) жылу энергиясын беру жөнiндегi қызметтерге тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 477 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" 2005 жылғы 3 қазандағы N 291-НҚ (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн тiркелу тiзiлiмiнде N 3907 нөмiрмен тiркелген, "Ресми газетте" 2005 жылғы 8 қаңтарда N 47 жарияланған) бұйрықтарының күшi жойылсын.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсiн.

7 7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесі

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2007 жылғы
21 ақпандағы N 54-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 қаулысымен бекітілген Электр энергетикасы қондырғылары объектілерiн қайта жаңарту мен кеңейту үшiн қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесіне сәйкес жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейту және қайта жаңарту кезінде энергия беруші ұйымдарының электр және (немесе) жылу желісіне қосымша қуаттарды (бұдан әрі - қосымша қуат) қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушылардың шығындарын қайтарымды негізде өтеу тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.

2 2. Осы Ереже электр және (немесе) жылу энергиясын беруді және (немесе) таратуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне және электр және (немесе) жылу желісіне қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген электр энергиясының және (немесе) жылу энергиясының тұтынушыларға қолданылады.

3 3. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

табиғи монополия субъектісі - электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі;
тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде пайдаланатын және электр және (немесе) жылу желісіне қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

4

4. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардан төлемақы ретінде түсетін ақшалай қаражатты субъекті электр энергиясының қондырғыларын салуға, қолдағы барларды кеңейтуге және жаңартуға байланысты және реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын негізгі құралдардың өсуіне алып келетін шығындарды өтеуге пайдаланады.
Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардан түскен төлемақы субъектінің табысы болып табылмайды.

5 5. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы ретінде түскен ақшалай қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді.

2 2. Жалпы пайдаланылатын энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және жаңартуға байланысты субъектінің шығындарын өтеу тәртібі

6

6. Субъекті тұтынушымен электр желілеріне кіру үшін (қосымша қуаттарды қосуға) қосылатын қосымша қуаттың көлемін, қосымша қуатты қосқаны үшін төлемақы мөлшерін, тұтынушыға ай сайын қайтаруға жататын ақшалай қаражаттың сомасын, тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару мерзімдерін көздейтін шарт (бұдан әрі - шарт) жасасады.

7 7. Жасалған шарттың талаптарына сәйкес тұтынушы субъектінің есептік шотына ақшалай қаражатты аударуды қамтамасыз етеді немесе заңнамада белгіленген жағдайда субъектінің кассасына ақшалай қаражатты енгізуді қамтамасыз етеді.

8 8. Тұтынушы субъектіге қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы түрінде жалпы пайдаланылатын энергияны тасымалдау желілерін кеңейтуге және жаңартуға арналған шығындарды қайтарымды негізде өтеуді қамтамасыз етеді.

9 9. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша анықталады:

П доп мощн = П ед х М присоед, (1)
мұндағы:
П доп мощн - қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақының мөлшері, теңге;
П ед - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қалалардың, аудандар мен облыстардың жылу және электр желілерін дамыту жоспарына сәйкес қосылатын жылу немесе электр қуатының бірлігіне арналған төлем мөлшері, теңге/Гкал/сағат, теңге/кВт;
М присоед - берілген техникалық талаптарға сәйкес қосылатын жылу немесе электр қуатының көлемі, Гкал/сағат, к Вт.

3 3. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін субъектінің ақшалай қаражатты тұтынушыларға қайтару тәртібі

10 10. Тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтаруды субъекті шарттың талаптарына сәйкес тұтынушы ақшалай қаражатты аударған айдан кейінгі отыз жетінші айдан бастап ай сайын тең үлестермен жүргізеді.

11 11. Қайтару мерзімі:

1 1) электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтерді көрсететін субъектілер үшін - белгіленген тәртіппен бекітілген субъектінің Есепке алу саясатында көзделген магистральдық құбыр жолдарының қызмет ету мерзіміне және (N) немесе амортизация нормасына (Nам) сүйене отырып;

2 2) жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтерді көрсететін субъектілер үшін - белгіленген тәртіппен бекітілген субъектінің Есепке алу саясатында көзделген магистральдық құбыр жолдарының қызмет ету мерзіміне және (N) немесе амортизация нормасына (Nам) сүйене отырып анықталады.

12 12. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару мерзімі мынадай формулалардың біреуі арқылы анықталады:

Т = N х 12,
немесе
Т = N х 12,
N ам , (2)
мұндағы:
Т - қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару мерзімі, ай;
N - күштік трансформаторлар мен магистральдық құбыр жолдарының қызмет ету мерзімі, жыл;
Nам - белгіленген тәртіппен бекітілген субъектінің Есепке алу саясатында көзделген күштік трансформаторлар мен магистральдық құбыр жолдарының амортизациясы, процент.

13 13. Субъектінің тұтынушыға ай сайын қайтаруға жататын ақшалай қаражаттың сомасы, мынадай формула бойынша анықталады:

Sм = П доп мощн
Т , (3)
мұндағы:
Sм - субъектінің тұтынушыға ай сайын қайтаруға жататын ақшалай қаражаттың сомасы, теңге.

14 14. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеу мөлшерін, тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару мерзімін және субъектінің тұтынушыға ай сайын қайтаруға жататын ақшалай қаражаттың сомасын есептеу үлгісі осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген.

15

15. Энергия беруші ұйымдардың желілеріне келісім-шарттық міндеттемелері, нақты өңірде қызметін асыру мерзімдері шектеулі жаңа тұтынушыларды қосқан кезде, қаражаттарды тұтынушыларға қайтару кезеңі уәкілетті органмен келісілген, келісім-шарттарда көзделген қызметтерді жүзеге асыру мерзімдеріне қарай жеке-жеке анықталады.

16 16. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушыға субъектінің ай сайын қайтару көзі амортизациялық аударымдар мен пайда болып табылады.

17

17. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы ретінде түскен ақшалай қаражатты, сондай-ақ желілік активтерді салуға, олардың қолдағы барларын кеңейтуге және жаңартуға бағытталған шығындарды есепке алу бөлектеп есепке алудың негізгі көзқарастарын қолдана отырып, субъектінің талдау есебінің жекелеген шоттарында жүзеге асырады.

18

18. Субъект есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 күніне тоқсан сайын уәкілетті органға Қалалардың, аудандар мен облыстардың жылу және электр желілерін дамыту жоспарына сәйкес қосымша қуаттарды қосқаннан бастап өспелі қорытындысымен қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ осы Ереженің 2 және 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардан түскен ақшалай қаражатты субъектінің пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынады.

4 4. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік

19 19. Субъекті осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

1 Қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы мөлшерін, тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару мерзімін және субъектінің тұтынушыға ай сайынғы қайтаруға жататын ақшалай қаражаттың сомасын есептеу үлгісі

Жалпы пайдаланатын энергияны
тасымалдау желілерін кеңейтуге
және жаңартуға арналған энергия
беруші ұйымның шығындарын
қайтарымды негізде өтеу ережесіне
1-қосымша
Қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы мөлшерін, тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару мерзімін және субъектінің тұтынушыға ай сайынғы қайтаруға жататын ақшалай қаражаттың сомасын есептеу үлгісі
Шартты деректер:
Белгіленген тәртіппен бекітілген Электр желілерін дамыту жоспарына сәйкес қосылатын электр қуатының бірлігіне төлемақы мөлшері 15000 теңге/кВт құрайды.
Берілген техникалық талаптарға сәйкес қосылатын электр қуатының көлемін 20 кВт құрайды.
Белгіленген тәртіппен бекітілген субъектінің Есепке алу саясатында көзделген күштік трансформаторлар амортизациясының нормасы 5 % құрайды.

1 1. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша анықталады (1):

П доп мощн = П ед х М присоед = 15000 х 20 = 300000 теңге

2 2. Қосымша қуаттарды қосқаны үшін төлемақы төлеген тұтынушыға ақшалай қаражатты қайтару мерзімі мынадай формула бойынша анықталады (2):

Т = 0,3 х 100 х 12 = 0,3 х 100 х 12 = 72 ай
N ам 5

3 3. Субъектінің тұтынушыға ай сайынғы қайтаруға жататын ақшалай қаражаттың сомасы мынадай формула бойынша анықталады (3):

Sм = П доп мощн = 300000 = 4166,67 теңге айына
Т 72

2 20____ жылғы жағдай бойынша Қалалардың, аудандар мен облыстардың жылу және электр желілерін дамыту жоспарына сәйкес қосымша қуаттарды қосқаннан бастап өспелі қорытындысымен қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі ақпарат

Жалпы пайдаланатын энергияны
тасымалдау желілерін кеңейтуге
және жаңартуға арналған энергия
беруші ұйымның шығындарын
қайтарымды негізде өтеу ережесіне
2-қосымша
_________________________________
(субъектінің атауы)
20____ жылғы жағдай бойынша Қалалардың, аудандар мен облыстардың жылу және электр желілерін дамыту жоспарына сәйкес қосымша қуаттарды қосқаннан бастап өспелі қорытындысымен қосымша қуаттарды қосқаны үшін ақы төлеген тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі ақпарат
р/с N
Тұ­ты­ну.
шы­ның
ата­уы
Қа­ла­лар.
дың,
аудан­дар
мен
об­лыс.
тар­дың
жы­лу
және
электр
же­лі­ле.
рін
да­мы­ту
жос­па.
ры­на
сәй­кес
қо­сы­ла.
тын
қу­ат­ты.
лық­тың
бір­лі­гі.
не ар­нал
ған
тө­ле­ма­қы
(тең­ге/Г
кал/ч,
тең­ге
/кВт)
Тех­ни.
ка­лық
та­лап.
ты бе.
ру­дің
нө­мі­рі,
кү­ні
Бе­ріл.
ген
та­лап.
тар­ға
сәй­кес
қо­сыл.
атын
қо­сым­ша
қу­ат­тың
кө­ле­мі
(кВт,
Гкал/
ч)
Жа­сал.
ған
шарт.
тың
нө­мі­рі,
кү­ні
Қо­сым­ша
қу­ат­тар­ды
қо­с­қа­ны
үшін
тө­ле­ма­қы.
ның мөл.
ше­рі
тең­ге)
(гр.3х
гр.5)
Қо­сым.
ша қу.
ат­тар
үшін
тұ­ты.
ну­шы
тө­ле.
ген
ақ­ша.
лай
қа­ра.
жат­тың
со­ма­сы
(тең­ге)
1
2
3
4
5
6
7
8
кестенің жалғасы
Тұ­ты­ну.
шы­ға
ақ­ша­лай қа­ра­жат
ты қай.
та­ру­ды
ба­стау
ке­зе­ңі
(жыл, ай)
Тұ­ты­ну.
шы­ға ақ­ша­лай
қа­ра­жат­ты қай­та­ру мер­зі­мі (бір субъ­ек.
ті­нің
бар­лық тұ­ты­ну.
шы­ла­ры
үшін бі­рың­ғай), (ай)
Тұ­ты­ну.
шы­ға
ақ­ша­лай
қа­ра­жат.
ты қай.
та­ру­ды
аяқ­тау
ке­зе­ңі
Тұ­ты­ну­шы­ға
ақ­ша­лай
қа­ра­жат­ты ай
сай­ын­ғы қай.
та­ру со­ма­сы
(тең­ге)
(гр.7/гр.10)
Ақ­ша­лай
қа­ра­жат­ты
қай­та­ру­ды
ба­стау
ке­зе­ңін­де
тұ­ты­ну­шы­ға
қай­та­ры­л­ған
қа­ра­жат­тың
жал­пы
со­ма­сы
(тең­ге)
Тұ­ты­ну­шы­ға
қай­та­ру­ға
жа­та­тын
ақ­ша­лай
қа­ра­жат­тың
қал­ды­ғы
(тең­ге)
9
10
11
12
13
14
Басшы ________________________________________
(лауазымы, қолтаңбасы, тегі, аты-жөні)
Бас бухгалтер__________________________________
(лауазымы, қолтаңбасы, аты-жөні)
М.О.

3 20_____ жылғы _____ тоқсанда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардан түскен ақшалай қаражатты пайдалану жөніндегі ақпарат

Жалпы пайдаланатын энергияны
тасымалдау желілерін кеңейтуге
және жаңартуға арналған энергия
беруші ұйымның шығындарын
қайтарымды негізде өтеу ережесіне
3-қосымша
___________________________
(субъектінің атауы)
20_____ жылғы _____ тоқсанда қосымша қуаттарды қосқаны үшін тұтынушылардан түскен ақшалай қаражатты пайдалану жөніндегі ақпарат
р/с N
Са­тып алын­ған
ма­те­ри­ал­дар­дың
және жүр­гі­зі­ліп
отыр­ған та­у­ар­лар.
дың ата­уы
Шар­ттың,
шот-фак­ту­ра.
лар­дың және
бас­қа да
рас­та­у­шы
құ­жат­тар­дың
нө­мі­рі мен
кү­ні
Қа­ла­лар­дың,
аудан­дар мен
об­лы­стар­дың
жы­лу және
электр же­лі.
ле­рін да­мы­ту
жос­па­рын­да­ғы
ұста­ным
Со­ма­сы
(тең­ге)
1
2
3
4
5
Басшы ________________________________________
(лауазымы, қолтаңбасы, тегі, аты-жөні)
М.О.

Қолданыстағы