О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения Күшін жойған
Басқа 0
Күндізгі бөлім оқушыларының қоғамдық көлікте (такмиден басқа) жеңілдікпен жүруі тіралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы қоғамдық көлікте (такмиден басқа) жеңілдікпен жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
Тармақша 1
1) жалпы білім беру оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінге оқушылары – тегін жүру (2007 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа);
Тармақша 2
2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылары, кәсіби мектептердің, колледж оқушылары – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (2007 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі жазғы уақыттан басқа).
Тармақ 2
2. Сәтбаев қаласының жалпы білім беру оқу орындарының, кәсіби мектептерінің, колледж оқушыларының келесі санаттарына 2007 жылдың жазғы маусымына (2007 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру сақталсын:
Тармақша 1
1) жетім балалар;
Тармақша 2
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 3
3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалар;
Тармақша 4
4) мүгедек балалар және бала кезінен мүгедек балалар;
Тармақша 5
5) көпбалалы отбасыларынын шыққан балалар;
Тармақша 6
6) ата-анасының біреуінен айырылған балалар;
Тармақша 7
7) жалғызбасты арналған қалалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлекте (такмиден басқа) жеңілдікпен жүру» 06.2.464.008.100 бағдарламасы бойынша 11 200 мың теңге көлемінде қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Борисов Петр Евгеньевич).