Об утверждении Положения о Национальном юридическом агентстве Министерства юстиции Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жанындағы Ұлттық заң агенттiгi туралы ереженi бекiту жөнiнде
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Ұлттық заң
агенттiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ұлттық заң
агенттiгiне қажеттi қызмет үй-жайы мен ұйымдастыру iсiнiң техникасын
бөлетiн болсын.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
Ұлттық заң агенттiгi туралы
Е Р Е Ж Е
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 2 сәуiрдегi
N 379 қаулысымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
Ұлттық заң агенттiгi туралы
Е Р Е Ж Е
Тармақ i
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Ұлттық заң агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстанның және шетелдердiң заңды тұлғалары мен жеке адамдары Қазақстан Республикасының және шетелдердiң аумақтарында қызметiн жүзеге асырған кезде оларға заңдық (адвокаттық) сипаттағы жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған ұйым болып табылады.
Агенттiк қызметiнiң мақсаты - Қазақстан Республикасында демократиялық құқықтық мемлекет құруға жәрдемдесу, мемлекеттiң, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау.
Тармақ 2
2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен өкiмдерi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже негiзiнде жүзеге асырады.
Агенттiктiң қызметiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Тармақ ii
II. Агенттiктiң мiндеттерi
Тармақ 3
3. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтiк өмiрiнiң құқықтық негiздерiн дамыту мен нығайтуға жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) Қазақстанның және шетелдердiң заңды тұлғалары мен жеке адамдары Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң аумақтарында iске асыратын заңдық сипаттағы жұмыстары мен қызметтерiнiң тиiмдiлiгiн нақты қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттiң және Қазақстанның заңды тұлғалары мен жеке адамдарының экономикалық мүдделерiн құқықтық жағынан қорғау;
Тармақша 4
4) таяу және алыс шетелдердегi қазақ диаспорасына құқықтық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық және атқарушы органдарға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, мемлекеттiк кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға жүзеге асыратын қызметiнiң заңдылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) құқықтық бiлiмдi насихаттауға, құқықтық жаппай бiлiм берудi ұйымдастыруға және заңдарды түсiндiруге қатысу.
Тармақ iii
III. Агенттiктiң функциялары
Тармақ 4
4. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды iске асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi банк саласында, минералдық ресурстарды пайдалану саласында Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен шетел капиталын тартуға байланысты жобалар жөнiнде, мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiру мәселелерi жөнiнде,сақтандыру саласында құқықтық сараптауды жүзеге асыруы үшiн материалдар әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң соттарында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, сондай-ақ Үкiмет мекемелерi мен мемлекеттiк кәсiпорындардың мүддесiн (қаламақы төлемей-ақ) бiлдiре алады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi үшiн заемшының (Legal opinion) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен алынатын кредиттер мен заемдарды заң жүзiнде бағалауы жөнiнде материалдар әзiрлейдi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық ынтымақтастық туралы шарттар мен келiсiмдер жасалмаған шет мемлекеттердiң азаматтарына, сондай-ақ шет мемлекеттердiң аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарына мұрагерлiк және отбасылық-некелiк мәселелер жөнiнде қызмет көрсетедi;
Тармақша 5
5) нақты iс атқару (азаматтық алу) мәселелерi жөнiнде құқықтық көмек көрсетедi;
Тармақша 6
6) теңiз немесе әуе тасымалдарынан туындайтын даулар бойынша Қазақстан жағының агентi ретiнде әрекет жасайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк кәсiпорындардың банкрот болуы туралы, оның iшiнде қайта құру үрдiстерiн жүргiзу (борышкердiң мүлкiн сырттай басқару, санация) және тарату жұмысын жүзеге асыру мәселелерiн қоса алғанда банкроттық туралы iс жөнiнде құқықтық консультант ретiнде әрекет жасайды;
Тармақша 8
8) Қазақстанның және шет елдердiң заңды тұлғалары мен жеке адамдары Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң қызметiн жүзеге асырған кезде оларға адвокаттық сипаттағы қызмет көрсетедi;
Тармақша 9
9) клиенттiң тапсырмасы бойынша жылжымайтын мүлiкке және ақшалай қаражатқа сенiм көрсету арқылы басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарын және шет мемлекеттердiң заңдарын қолдану мәселелерi жөнiнде заң кеңесiн беру саласында жұмыстар атқарады және қызмет көрсетедi;
Тармақша 11
11) меншiктiң және ұйымдық нысандардың барлық түрлерiндегi кәсiпорындар құру (қайта құру) жобаларын әзiрлеу, оларды дайын күйiнде iске асыру (оның iшiнде оларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеу жөнiнде құрылтай құжаттары мен заң көмегiн әзiрлеу) жөнiнде қызмет көрсетедi;
Тармақша 12
12) Қазақстанның заңды тұлғалары мен жеке адамдарына шет мемлекеттердiң аумағында кәсiпорындар құру мен тiркеу жөнiнде қызмет көрсетедi;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымалы және жылжымайтын мүлiкпен мәмiле жасау және тiркеу кезiнде қызмет көрсетедi, сондай-ақ шет елдерде жылжымайтын мүлiкке ие болу және сақтандыру мәселелерi жөнiнде Қазақстан жағының агентi ретiнде әрекет жасайды;
Тармақша 14
14) олардың тапсыруымен Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердiң аумағында жұмыс iстейтiн мемлекеттiк және өзге органдарда, мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ соттарда Қазақстанның және шет елдердiң заңды тұлғалары мен жеке адамдарының мүддесiн бiлдiредi;
Тармақша 15
15) жалпы және заңдыұқ сипаттағы ақпарат материалдарын жинайды, талдау жасайды, өңдейдi және сатады, зерттеу бағдармаларын орындайды;
Тармақша 16
16) комиссияның шарттары, тапсырмалар, агенттiк келiсiмдер негiзiнде сенiм көрсетушiлердiң қызметiн жалпы және заңдық қамтамасыз етуге бағытталған сенiм бiлдiру сипатындағы жұмыстарды орындайды;
Тармақша 17
17) құқықтық тақырып жөнiнде оқу үрдiстерiн ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) шетелдердiң тиiстi ведомстволарымен және ұйымдарымен агенттiктiң қызметi мәселелерi жөнiнде байланыс орнатады және ынтымақтастықты дамытады;
Тармақша 19
19) өз қаражаты шегiнде белгiленген тәртiппен құқық
проблемалары жөнiнде халықаралық конференциялар, симпозиумдар,
семинарлар, оқу курстарын өткiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге
де қызметтер көрсетедi.
IҮ. Агенттiктiң құқықтары
Тармақ 5
5. Алға қойған мақсаттарын, мiндеттерi мен функцияларын iске
асыру үшiн Агенттiкке:
Тармақша 1
1) жылжымалы және жылжымайтын мүлiкпен, ақша қаражатымен
мәмiлелер және басқа заң актiлерiн жасау;
Тармақша 2
2) өзiнiң қызметiне келiсiм-шарт негiзiнде мамандандырылған заңдық, адвокаттық, аудиторлық және басқа (оның iшiнде шетелдiк) фирмаларды, бiлiктi адвокаттарды, аудиторларды және басқа мамандарды өз қаражаты есебiнен риясыз негiзде тарту құқы берiледi. Контракт шарттарын Агенттiк Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және халықаралық практиканы ескере отырып, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтiң көлемi мен сипатына қарай белгiлейдi;
Тармақша 3
3) белгiленген тәртiппен филиалдарды және өкiлдiктердi, оның iшiнде шет мемлекеттердiң аумақтарында құру, қайта құру, жою;
Тармақша 4
4) орындалатын жұмыстар мен көрсетiлетiн жұмыстың құнын (оның iшiнде заң қызметiн тегiн жасау), сондай-ақ қаламақы саясатын дербес айқындау, өз қызметiн, мүлкi мен тәуекелiн сақтандыру;
Тармақша 5
5) Агенттiк аппаратының құрылымын белгiлеу, штат санын және оны ұстауға кететiн шығын сметасын Агенттiктiң өз қаражаты шегiнде дербес бекiту құқы берiледi.
Ү. Агенттiктiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Агенттiк өзiн-өзi қаржыландыру және өзiн-өзi ақтау, оның iшiнде шетелдiк валютамен ақтау принципiнде жұмыс iстейдi.
Тармақ 7
7. Агенттiктi төраға басқарады, оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қызметке тағайындайды және босатады.
Агенттiк төрағасының орынбасарлары болады, оларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiмен келiсе отырып, қызметке төраға тағайындайды және босатады.
Төраға жоқ кезде оның мiндеттерiн төрағаның өзi уәкiлдiк берген орынбасарларының бiрi атқарады.
Тармақ 8
8. Ұлттық заң агенттiгiнiң төрағасы:
Тармақша 1
1) Агенттiктiң қызметiн дара басшылық негiзiнде басқарады, Агенттiкке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн дербес жауап бередi;
Тармақша 2
2) Агенттiк төрағасының орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөлiп бередi;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде бұйрықтар, өкiмдер шығарады, нұсқаулар бередi және олардың орындалуын тексерiп отырады;
Тармақша 4
4) Агенттiк аппаратының қызметкерлерiн, Агенттiк филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Қазақстанның және шетелдердiң органдарымен, мекемелерiмен және ұйымдарымен, заңды тұлғаларымен және жеке адамдарымен қарым-қатынаста Агенттiктiң атынан ресми түрде жұмыс жүргiзедi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Ұлттық заң агенттiгi заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк гербi бейнеленген және қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктерiнде есеп шоты және басқа шоттары болады.