Ақкөл селолық округіндегі «Арқалық»
ауылының аумағындағы шектеу іс шараларын
жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және ұсыныс негізінде, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ақкөл селолық округіндегі «Арқалық» ауылының аумағындағы шектеу іс шараларын жариялау туралы от 20.03.2007 г. № 81 (Ақкөл селолық округіндегі «Арқалық» ауылының аумағындағы шектеу іс шараларын жариялау туралы)
1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2007 жылғы 11 наурыздағы № 3 сараптамсы бойынша, Ақкқөл селолық округінің «Арқалық» елді мекеніне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ақкөл селолық округінің «Арқалық» елді мекеніне шектеу іс шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ақкөл селолық округінің әкімі Т.Нуртазинге, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиевке (келісім бойынша), аудан емханасының бас дәрігері А.Жанкуловқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы М.Сұлтановқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген шараларды орындауға ұсынылсын.
4. Осы қаулы әділет басқармасының мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне еніп, алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары, әкімият мүшесі С. Рахимовқа жүктелсін.
Келісілді:
Жанкулов А. Аудандық
емханасының бас дәрігері;
Султанов М.
Аудандық ішкі
істер бастығы
Сәлімғалиев С.
Атырау облысы Ауыл
шаруашылығы Министірлігінің
Құрманғазы аудандық аумақтық
Инспециясының бастығы
Ақкөл селолық округ бойынша жұқпалы ауруының
тарап кетуін болдырмау іс-шаралары
Атқарылатын шаралардың
мазмұны
Орындау мерзімі
Орындалуына
жауапты адамдар
1
Құтыру ауруы белгісі білінген
малдарды өртеп көмдіру,орнын
залалсыздандыру, тексеру үшін
зертханаға материалдарды
жіберуді ұйымдастыру.
Тұрақты
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
С.Сәлімғалиев.
2
Ауырған малмен қатынасы бар адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу ұйымдастыру.
Тұрақты
Аудандық емханасының
бас дәрігері
А.Жанкулов
3
Елді мекендердегі жеке
қожалықтардың малдарын,ит,
мысықтарын құтыру ауруына
қарсы егістен өткізуді
ұйымдастыру.
Тұрақты
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
С.Сәлімғалиев.
4
Ауру ошағынан мал және мал өнімдерін шығаруға қатаң тыйым салу.
Тұрақты
Атырау облысы Ауыл шаруашылығы
Министрлігінің
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
С.Сәлімғалиев,
Аудандық ішкі істер бөлімі М.Султанов,
Округ әкімі Т.Нұртазин