Об утверждении Правил возмещения затрат за приобретение и установку индивидуальных приборов учета коммунальных услуг получателям жилищной и государственной адресной социальной помощи Шемонаихинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шемонаиха ауданының тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына комммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығын орындарын толтыру ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2006 жылдың 15 наурызындағы «Аз қамтамасыз етілген топтарына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру туралы» № 555 қаулысына, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын сатып алуга орнатуға кеткен шығындарды өтейтін және коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуды қажет ететін адамдардың тізімін құрастыруға жауапты өкілетті орган деп «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі - (әрі қарай - өкілетті орган) анықталсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырган Шемонаиха ауданының тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуга және орнатуға кеткен шығындарда өтеу Ережелері бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Л.А. Беляевага жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу Ережелері
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 15 ақпан № 1839 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларына коммуналдық қызметті есептеудің жеке құралдарын сатып алуға және орнатуға кеткен шығындарды өтеу Ережелері Осы Ережелер халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға біржолғы материалдық көмек бөлу мақсатында қабылданды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға біржолғы көмек тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан аз қамтылған азаматтарға бөлінеді.
Тармақ 2
2. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдары әр отбасына (пәтерге) екі данадан орнатылады (ыстық және суық су есептеу құралдары).
Тармақ 3
3. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату өкілетті органмен анықталған адамдардың тізіміне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жеңімпазы болып табылатын мекемемен жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша кеткен шығындарды өтеу тәртібі
2. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша кеткен шығындарды өтеу тәртібі
Тармақ 5
5. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша кеткен шығындарды өтеу жергілікті бюджет қаржысымен «жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» 007 бюжеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату бойынша кеткен шығындарды өтеу оларды орнатқан мекеменің орындалған жұмыс жөнінде қабылдау актілерін ұсынған кезде өкілеттік органмен жүргізіледі.
Тармақ 1
Тармақ 7
7. Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату кезінде орындалған жұмыстардың қабылдау актілеріне есептеу құралдарын есепке қою және пайдалануға рұқсат беру және орнатуды орындаған ұйымдар, коммуналдық қызметтерді көрсететін кәсіпорын-жеткізушілер техникалық нормативін бақылайды.
Тарау 3. 3. Есептеудің жек құралдарын орнатуды бақылау
3. Есептеудің жек құралдарын орнатуды бақылау
Тармақ 8
8. Есептеудің жеке құралдарын орнату кезінде техникалық нормативтердің сақталуын бақылауды, оларды пломбылауды, пайдалануға рұқсат беруді жэне есепке қоюды қолданыстағы тэртіпке сәйкес коммуналдық қызметтерді көрсететін кәсіпорын-жеткізушілер жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Орнатылған есептеу құралдарын актілер негізінде пәтер иелерінің меншігіне беріледі. «Шемонаиха ауданының ЖҚ және ӘББ» бастығы Г. Бабаева