О проведении общегородских субботников по благоустройству и наведению санитарного порядка в городе Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаланы көркейту және еанитарлық тәртіп орнату жөніндегі жалпықалалық сенбіліктер өткізу туралы Қаланың әкімшілік аумағында қалыпты санитарлық жағдайды қамтамасыз ету, көркеңту және көгалдандыру деңгейін жоғарылату мақсатында, қала акімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 14 және 28 сәуірде аумақтарды санитарлық тазарту және көркейту жөніндегі жалпықалалық сенбіліктер өткізілсін.
Тармақ 2
2. “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылык, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесі (С.Д.Әшелов), ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, муниципалдық округтерді басқару жөніндегі комитеттердегі әкімнің өкілдері өз аумақтарында сенбіліктер өткізуді ұйымдастырсын және ұйымдастырылмаған қоқыс орындары мен сенбілік барысында жиналған қоқыстың тасып әкетілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қалалық бөлімдер қала шаруашылығының өздері жетекшілік ететін салаларының сенбілікке қатысуын бақылуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. “Хазипов Р.С” жеке кәсіпкеріне жалпықалалық сенбіліктер өткізген күндері тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында қоқыс қабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Әкімдіктің осы қаулысының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Ершовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді. Қаулыны енгізген: «Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылык, жолаушылар колігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі С.Әшелов