Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық маслихат сессиясына бекітуге ұсынылсың . (№ 1 жалғама).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелееген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері № 2 жалғамаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (М. Ермеғали) және аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне (Н. Оразов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін. Келісілді: М.Ермеғали Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Келісілді: Н.Оразов Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі
Басқа 5. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы.
Аудан әкімдігінің "23" 01.2007 жылғы № 29 қаулысымен бекітілген № 1 жалғама Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссияның құрамы. Балғайшиев Арман Байзақұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы. Нұрмағанбетов Берік Базарұлы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі комиссия төрағасының орынбасары. Ермеғали Мақсот Иісұлы - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі, комиссия хатшысы. Төлегенова Сания Саматқызы - аудандық Әділет басқармасының бастығы (өз келісімі бойынша) Мухамедрахимова Әлфия - аудандық «Қаратөбе өңірі» ЖШС газетінің редакторы. Мұхитов Абай Шыныбекұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі. Мұқанова Әсемгүл Жайықбайқызы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің терапевті.
Басқа 6. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.
Аудан әкімдігінің "23".01.2007 жылғы № 29 қаулысымен бекітілген № 2 жалғама. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмектің мөлшері.
Тармақ 1
1. Жақын туыстары қайтыс болғанда: 10 айлық есептік көрсеткіш
Тармақ 2
2. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен отбасына: 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
Тармақ 3
3. Емделуі үшін: 9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде
Тармақ 4
4. Залал келгенде: 11 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.