Аудан бойынша нысаналы топтарға жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша нысаналы топтарға жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтарға жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде белгіленген шаралар бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдеріне, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшыларына белгіленген шараларды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар басшыларына осы қаулының орындалуы туралы 15 маусымда және 5 желтоқсанда Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша хабарлама беріп отырулары ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 72 «Аудан бойынша нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы» (аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 3 мамырда тіркелген тіркеу № 7-13-1, аудандық «Серпін» газетінің 2005 жылғы 14 мамырдағы № 21 (858) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н. Хангереевке жүктелсін.
Басқа 6. Нысаналы топтарға жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде белгіленген шаралар
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «1» наурыздағы № 18 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша Нысаналы топтарға жататын адамдарды әлеуметтік қорғау жөнінде белгіленген шаралар № Се­ло­лық округ­тер Адам­дар са­ны Ны­са­на­лы топ­тар­дың түр­ле­рі және әле­умет­тік қор­ғау ша­ра­ла­ры Әле­умет­тік жа­ғы­нан жет­кі­лік­сіз қам­ты­л­ған­дар Жал­ғыз ба­сты көп ба­ла­лы ата-ана­лар бар­лы­ғы Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру Қо­ғам­дық жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру бар­лы­ғы бар­лы­ғы Жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру Қо­ғам­дық жұ­мысқа ор­на­ла­сты­ру Ата­у­лы кө­мек көр­се­ту 1 Ақ­бұ­лақ 7 4 1 1 2 2 1 2 2 Ал­маз 5 1 1 4 1 2 1 3 Ащы­сай 4 1 1 4 Бе­ло­гор 5 3 1 2 1 1 5 Қа­ра­ғаш 7 4 1 1 2 1 1 6 Қы­зыл­көл 11 6 2 2 2 4 1 2 1 7 Лу­бен 5 3 1 1 1 1 1 8 Пол­та­ва 8 6 1 3 2 2 1 1 9 Шың­ғыр­лау 64 42 11 20 10 6 2 2 2 Бар­лы­ғы 116 69 11 31 19 22 10 7 5 Кестенің жалғасы Нысаналы топтардың түрлері және әлеуметтік қорғау шаралары Зейнеткер жасына жақындағандар 21-ге дейінгі жастар барлығы Қоғамдық жұмысқа орналастыру Атаулы көмек көрсету барлығы Жұмысқа орналастыру Кәсіптік оқуға бағыт 1 1 3 3 1 1 2 1 1 1 1 1 1 4 2 2 12 6 6 4 2 2 21 8 13