О ликвидации Республиканского государственного казенного предприятия "Типография оперативной печати" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жедел басу баспаханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңда белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде:
Тармақша 1
1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп Кәсіпорын таратылғаннан кейін қалған мүлікті "Жеті жарғы" жабық акционерлік қоғамына жарғылық капиталын барабар көбейте отырып өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат): аталған қаулының қосымшасындағы: реттік нөмірі 25-жол алынып тасталсын; аталған қаулымен бекітілген 1998-1999 жылдары жекешеленуге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінен: реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.