Об утверждении Правил оказания гражданам жилищной помощи на содержание жилища, услуг связи и оплату коммунальных услуг Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, байланыс қызметіне және коммуналдық қызметтерге төлем жасауға тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 каңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабына және 1997 жылдың 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының № 94 Заңының 97 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарға тұрғын үй күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету Ережесі бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және баспасөзде ресми жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Келісілді
Ерейментау аудан әкімі
Егор Яковлевич Каппель
2007 жылдың «02» 03
Басқа 4. Азаматтарға тұрғын үй күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ерейментау аудандық мәслихатының
2007 жылдың 2 наурызындағы
№ С-38/6 шешімімен бекітілген
Азаматтарға тұрғын үй күтіміне, байланыс қызметіне және коммуналдық қызмет төлеміне тұрғын үй жәрдемін көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жәрдемі - тұрғын үй күтімінің (жеке тұрғын үй күтімінен өзгесі), байланыс қызметінің және коммуналдық қызметті тұтыну төлемінің шығынын жабу үшін азаматтарға берілетін өтем.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемі қала мен кенттерде тұрақты мекендейтін, тұрғын үйді меншіктеушілер немесе жалдаушылар болып табылатын тұлғаларға, егер тұрғын үй күтімінің (жеке тұрғын үй күтімінен өзгесі) және коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне арналған шығыны осы мақсаттарға лайықталған шекті шығын үлесімен отбасының бюджетінен асып кетсе, төленеді.
Тұрғын үй күтімінің (жеке тұрғын үй күтімінен өзгесі) және коммуналдык қызметті тұтыну төлеміне арналған шекті шығын үлесі отбасының жалпы табысының 15 пайызы шамасында белгіленеді.
Тұрғын үй күтіміне және коммуналдық қызметті тұтынуға белгіленген алаң мөлшерінен тыс төлем жалпы негіздемелер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының мөлшері ретінде бір адамға 18 шаршы метрден белгіленеді. Жалғыз тұратын азаматтарға өтем шараларымен қамсыздандырылатын тұрғын үй алаңының нормасы 30 шаршы метр болып белгіленеді, алайда бір бөлмелі пәтер алаңынан кем болмауы тиіс.
Коммуналды қызметті (сумен жабдықтау, газ, канализация, жылу энергиясы, қоқыс) тұтыну нормативтері іс жүзінде тұтынылған шамаға қарай, алайда нормативтік кұжаттарға сәйкестелетін (құрылыс нормалары мен ережелері) шекті шамалардан асырылмайтын деңгейде, белгілінеді.
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйді иеленген немесе жалға тапсырушы тұлғалар тұрғын үй жәрдемін алуға арналған құқығынан айырылады.
Егер отбасында жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскерге бармаған және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалар бар болса, онда күтім қажет болып танылған мүгедектерді күтетін немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын жандарды есептемегенде, бұл отбасының тұрғын үй жәрдемін алуға құқығы болмайды.
Тармақ 5
5. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне (әрмен қарай - абонент) телефонный абоненттік төлем тарифтерінің өтемі телефонның абоненттік төлемінің ұлғайған айырмасын тұрғын үй күтімі мен коммуналды қызметті тұтынуға арналған шығын сомасына енгізу арқылы беріледі.
Телефонның абоненттік төлем тарифының өтемін алу үшін абонент аудандық уэкілді органға - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөліміне (бұдан әрі уәкілетті орган) - тұрғын үй жәрдеммен тағайындауға қажетті құжаттарымен келіп жолығады.
Тұрғын үй жәрдемінің абоненттік төлем тарифының өсіміне лайықталған бөлімі телефонный абоненттік төлем өсімінің айырмасынан аса алмайды.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемінің тағайындалуы
2. Тұрғын үй жәрдемінің тағайындалуы
Тармақ 6
6. Тұрғын үй жәрдемін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі өтініш берілген айдан ағындағы тоқсанның соңына дейін тағайындайды. Тұрғын үй жәрдемін бергізуге арналған өтініш тек отбасы мүшелерінің біреуінен ғана қабылдануы мүмкін. Тұрғын үй жәрдемінің шамасын анықтау үшін отбасының өтініш берген тоқсан алдындағы тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі есептеледі.
Тұрғын үй жәрдемі тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының) өтініші негізінде тағайындалады, оған келесідей қоса кұжаттар ұсынылады:
Тармақша 1
1) жеке куәлік, СТН;
Тармақша 2
2) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы);
Тармақша 3
3) пәтерге арналған құқығын дәлелдейтін құжаттар (ордер, жекешелендіру, айырбас, сауда-саттық, сыйға беру және жалға алу т. б. шарттары);
Тармақша 4
4) отбасының барлық адамдарының табысы туралы (жалақы, шәкіртақы мөлшері, алимент, мемлекеттік зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы) мәліметтер;
Тармақша 5
5) әділет басқармасынан алынатын жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы анықтама;
Тармақша 6
6) келісім-шарт әлде түбіртек - телекоммуникация қызметінің шоты;
Тармақша 7
7) коммуналдық қызмет төлемі туралы түбіртек.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй жәрдемін уәкілетті органмен тағайындайды, ол өтініш иесінен құжат қабылданғаннан күннен бастап он күннің ішінде құжаттарын қарастырады және тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім шығарады.
Тағайындалған тұрғын үй жәрдемі алушының жазбаша өтініші бойынша қызмет көрсетуші мекеменің шотына аударылады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй жәрдемін алушылар отбасының құрамы мен оның жалпы табысының кез келген өзгерістері туралы мәліметті уәкілді органға 10 күндік мерзімде хабарлауға тиіс.
Мөлшері көбейтілген немесе заңсыз тұрғын үй жәрдемін тағайындатуға апарып соқтыратын жаңсақ мәлімет берілгені үшін, тұрғын үйді жалға алушы (меншік иесі) бір жыл ішінде тұрғын үй жәрдемін алуға арналған құқығынан айырылады. Артық төленген ақша сомасы ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
Тармақ 9
9. Ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемінен үмітті тұлғаның табысы туралы ақпарат сұратуға құқылы.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көзі
3. Тұрғын үй жәрдемін қаржыландыру көзі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй жәрдемінің төлемі тағайындалған соманы алушының жеке меншік шотына тіркеу жолымен немесе коммуналды қызметпен жабдықтаушыларға ақшаны аудару жолымен ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Барлық меншік үлгісіндегі үйлерде тұратын тұлғалардың тұрғын үй жәрдемінің төлемін қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен, ал телефонның өтемі Республикалық бюджет қаржысының есебінен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемін көрсетуге арналып бөлінген қаржыны тұрғын үй жәрдеміне үміткердің жеке өтінішіне - аманатына сәйкес коммуналды қызметпен жабдықтаушыларға аударады;
Тармақша 2
2) меншік иелеріне (пәтерді жалға алушыларға) коммуналды қызмет төлеміне тағайындалған тұрғын үй жәрдемі сомасының құрама тізімінің қаржы органдарына ай сайын ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Аудандық қаржы бөлімі бекітілген шығындар тармағы шегінде тағайындалған сомалар бойынша ұсынылған құрама тізімдер негізінде бағдарлама әкімгері - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі арқылы әрбір айда қаржыландыру жүрізіп отырады.
Тармақ 14
14. Аудандық қаржы бөлімі тұрғын үй жәрдемінің төлеміне арналған бюджет қаржысының дұрыс жұмсалуын бастапқы құжаттар бойынша кемінде жылына бір рет тексеріп отыруға міндетті.
Тармақ 15
15. Құжаттардың жаңсақ ресімделуі арқылы тұрғын үй жәрдемі заңсыз төленгені үшін, оған кінәлі болған лауазымды тұлғалар заңнамамен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.