О единых ставках фиксированного суммарного налога для налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Аулиекольского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкалары туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 393-бабының 2 және 5) тармақшаларының, 394-бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының негізінде Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ақшасыз ұтыс ойын автоматтары және бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Ақшасыз ұтыс ойын автоматтары және бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкалары
Мәслихаттың 2007 жылғы 16 наурыздағы № 239 шешіміне қосымша Ақшасыз ұтыс ойын автоматтары және бильярд бойынша қызмет көрсететін салық төлеушілер үшін тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкалары Рет санымен нөмірі Салық салу объектісінің атауы Тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкалары (айлық есептік көрсеткішпен) 1 Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы 10 2 Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы 15 3 Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер 10 4 Бильярд үстелі 30