О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам амнистии в связи с легализацией имущества Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 12, 78-құжат; N 19-20, 119-құжат):
Тармақша 1
1) кіріспеде "мен әкімшілік құқық бұзушылықтар" деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 4-бапта:
1-тармақтағы "сәуірде" деген сөз "тамызда" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "шілдеге" деген сөз "қарашаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) 7-баптың 7-тармағының екінші бөлігінде және 11-баптың 5-тармағының екінші бөлігінде:
"13 және 14" деген сөздер "13, 14 және 14-1" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және әкімшілік құқық бұзушылықтарды" деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылықтарды және тәртіптік теріс қылықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 4
4) 14-бап "357-2" деген цифрлардан кейін ", 532" деген цифрлармен толықтырылсын;
Тармақша 5
5) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
"14-1-бап. Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария
еткен адамдарды тәртіптік жауаптылықтан босату
Мемлекеттік лауазым атқаратын, мүлкін жария еткен адамдар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5-тармағында аталған әрекеттерді жасағаны үшін тәртіптік жауаптылықтан босатылады.";
Тармақша 6
6) 16-баптағы "және 2007 жылғы 1 шілдеде өзінің қолданылуын тоқтатады" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 12, 79-құжат; N 19-20, 119-құжат):
2-баптағы "және 2007 жылғы 1 шілдеде өзінің қолданылуын тоқтатады" деген сөздер алып тасталсын.
Бап 2
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.