О правилах проведения проверок соблюдения лицензионных правил и оформления их результатов Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ережелері туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына 33 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 34 бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 «Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» Заңына 3 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 «Лицензиялау туралы» Заңының 25 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақова алкоголь (сырадан басқа) өнімдерін жекелеп сату лицензиясына қол қою құқығына уәкілдік сенім көрсетілген тұлға ретінде тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Алкоголь өнімдерін жекелеп сатуға (сырадан басқа) лицензия беру үшін кұжаттарды әзірлеу функциясын жүзеге асырушы, лицензия ережелерін сақтауға бақылау жасау, лицензия беруді есепке алу үшін жұмыс органы болып «Егіндікөл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі анықталсын.
Тармақ 3
3. Қоса берілген лицензиялық ережені сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу Ережелері бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң және аудандық «Шұғыла - Целинная нива» газетінде ресми жарияланган соң күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы қаулының әрекеті 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Басқа 7
Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 наурыздағы № а-3/65 қаулысымен бекітілген Лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 34-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429 «Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 3 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 «Лицензиялау туралы» Заңының 25 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» каулысына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Ереже лицензиялық ережелерді сақтауға тексеріс жүргізу және олардың нәтижелерін ресімдеуді реттейді.
Тармақ 3
3. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сатуға лицензиясы бар және Егіндікөл ауданының аймағында орналасқан занды және жеке тұлғалар тексеруге жатады.
Тармақ 4
4. Тексерісті «Егіндікөл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің Ақмола облысы бойынша Басқамасында тіркелген өкілетті тұлға қол қойған тексеру туралы актіге сәйкес заңды және жеке тұлғаларды тексеру туралы хабарландыру мерзімін сақтай отырып жүргізеді. «Егіндікөл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзырының шегінде және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіп негізінде тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын тартуға құқылы.
Тармақ 5
5. Заңды және жеке тұлғаларды жоспарлы түрде тексеру жылына 1 реттен жиі болмауы керек, 10 адамы бар шағын кәсіпкерлік субъектілері 3 жылда бір рет тексеріледі.
Тармақ 6
6. Алкоголь өнімдерін (сырадан басқа) жекелеп сату лицензиялық ережелерін сақтауға тексерілуі тиіс:
Тармақша 1
1) фискальді есте сақтау қабілеті бар бақылау - кассалық машинасының болуы және оның дұрыс жұмыс істеуі;
Тармақша 2
2) сатылатын тауардың сертификатының (белгілерінің) сәйкесті болуы, жарамдылық мерзімінің сақталуы, өнімді таңбалау мен акциздік маркасының тәртібі сақталуы керек;
Тармақша 3
3) алкоголь өнімдерін сату кезінде төменгі жекелеп сату бағасының сақталуы;
Тармақша 4
4) жай кешенінің болуы (сату залы, тауарды сақтау және қабылдау жайы, ыдыс пен тараны сақтау жайы, әкімшілік - тұрмыстық жай);
Тармақша 5
5) алкоголь өнімдерін жекелеп сатумен айналысатын субъектілердің қызметін регламенттейтін техникалық құжаттары мен нормативтік-құқықтық актілерінің болуы.
Тармақ 7
7. «Егіндікөл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі тексеріс жүргізу үшін берілген тексеріс белгілеу туралы актілерді тіркейді, олар бойынша заңнамаға сәйкес есеп жүргізеді.
Тармақ 8
8. Тексеріс нәтижесі бойынша лицензиялау ережесін сақтауды тексеру туралы акт толтырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қаулысына сай лицензиар лицензияның қолданысын тоқтату себебін көрсете отырып алты айға дейін төмендегідей жағдайларда тоқтатуға құқығы бар:
Тармақша 1
1) заңдылықты және лицензия ережесін бұзу;
Тармақша 2
2) өзінің құзыры шегінде лицензиар қойған талаптарды орындамау;
Тармақша 3
3) стандарт талаптарына сай келмейтін алкоголь өнімдерін сату;
Тармақша 4
4) лицензиарға мәліметтер беруден бас тарту немесе жалған ақпарат беру;
Тармақша 5
5) акциздерді жүйелі түрде төлемеу;
Тармақша 6
6) алкоголь өнімдердін таңбалау ережесін бұзу;
Тармақша 7
7) лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда алкоголь өнімдерін сату;
Тармақша 8
8) алкоголь өнімдерін жекелеп сату ережесін бұзу;
Тармақша 9
9) алкоголь өнімдерін сатуда шыққан жері белгісіз өнімдерді айқындау;
Тармақша 10
10) алкоголь өнімдерін көтерме сатуға, сақтауға лицензиясы жоқ шаруашылық етуші субъектілерден жекелеп сату субъектілерінің алкоголь өнімдерін алуы.
Тармақ 9
9. Лицензияны қолдануды тоқтату мәселесі лицензиаттың қатысуымен болған тексеріс нәтижесі бойынша қаралады.
Тармақ 10
10. Лицензиат қол қою арқылы немесе поштамен хабарландыру арқылы лицензияны қолдануды тоқтату туралы мәселенің қаралу орны мен күні туралы хабарландырылады.
Тармақ 11
11. Лицензиат келмеген жағдайда лицензиар лицензияны қолдануды тоқтату туралы шешімді қабылдайды.
Тармақ 12
12. Лицензияны қолдануды тоқтату туралы лицензиардың шешімі лицензиатқа қол қою арқылы немесе поштамен (хабарландыру арқылы) жіберіледі.
Тармақ 13
13. Лицензиат лицензияны қолдануды тоқтату себебін жойғаннан кейін лицензия әрекеті жалғастырылады, ол туралы лицензиат қол қою арқылы немесе поштамен (хабарландыру арқылы) хабардар етіледі.
Тармақ 14
14. Лицензия әрекетін жалғастыру туралы шешімді лицензиар тексеріс жүргізгеннен кейін қабылдайды.