Сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 42 бабына,сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту туралы от 15.03.2007 г. № 803 (Сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту туралы)
1. Сотталған адамдардың негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару үшін сотталғандар жұмыс істейтін түрі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстар күніне 4 сағаттан аспайтын болып белгіленсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдардың жұмыс істеген жерлерінде еңбегі есептеліп, ақшалай қаражат жергілікті бюджетке аударылсын.
4. Аудан әкімдігінің 22.02.2006 жылғы "Сотталғандарды қоғамдық жұмысқа тарту туралы" №247 қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Биқадамовқа жүктелсін.
Аудандық әкімдігінің
15 наурыздағы 2007 жылғы
№ 803 қаулысына қосымша
Сотталған адамдардың негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта атқаратын тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлері:
1. Қалалар, елді мекендер, өндірістік кәсіпорындар .аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету.
2. Құрылыс және жол жөндеу, су құбыры бойынша қосалқы жұмыстар.
3. Мелиорация жұмыстарына, су тасқынына қарсы шараларды өткізуге, үлкен және кіші көпірлерді, басты каналдардың арналарын, арықтарды, жылғаларды, өзендерді тазалауға қатысу.
4. Құрылыс, жаңғырту, әлеуметтік - мәдени объектілерді жөндеу жөніндегі жұмыстар.
5. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту).
6. Мерзімдік жылыту жұмыстары.
7. Жұмыстардың басқа түрлері.
Аппарат басшысы
Н.БЕЙСЕНОВ