О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең): "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде: "Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 528-жолдың 2-бағанындағы "Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 60 Гкал/сағат қазандығын салу" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында : көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында: 231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" әкімшісі бойынша: 024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында "Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 60 Гкал/сағатына қазандығын салу" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысында : көрсетілген қаулыға 351-қосымшада : "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "12. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту" (2007 жылғы 7 ақпандағы N 18-33/2007 ТЭН-ге "Мемсараптама" РМК-ның қорытындысы)"; 7-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "9) Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.