Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он алтыншы сессиясы ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, халықты әлеуметтік жағынан қорғау және заңдылық пен құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы
Мәслихаттың
2007 жылғы 27 ақпандағы
№ 185 шешіміне
қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдық көмек көрсетудің Нұсқаулығы
Осы Нұсқаулық «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұргын үй қатынастары туралы" және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметке шығындарын өтеу жөнінде материалдык көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдар материалдық көмекті алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Уәкілетті орган - «Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) Өтініш беруші - материалдық көмек алудан үміткер адам.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган азаматтардың материалдық көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 4
4. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі уәкілетті орган болып табылады.
Тарау 2. 2. Материалдық көмек алуға өтініш жасау
2. Материалдық көмек алуға өтініш жасау
Тармақ 5
5. Өтініш беруші уәкілетті органға жазбаша арыз береді және материалдық көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 6
6. Өтініш беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Тарау 3. 3. Қажетті құжаттар тізбесі
3. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 7
7. Материалдық көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар:
Тармақша 1
1) материалдық көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегі банкідегі немесе почта бөлімшелеріндегі жеке шоттың нөмірі көрсетілген жазбаша өтініш;
Тармақша 2
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедектігі немесе соларға теңестірілгендігі туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжаттын көшірмесі.
Тармақ 8
8. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Тарау 4. 4. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі
4. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган материалдық көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді өтініш беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдайды. Материалдық көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себептері көрсетіліп жазбаша хабарланады. Материалдық көмекті тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 10
10. Қажетті құжаттарының біреуінің болмауы материалдық көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тарау 5. 5. Материалдық көмектің мөлшері
5. Материалдық көмектің мөлшері
Тармақ 11
11. Шығынды өтеу үшін материалдық көмек төмендегі мөлшерде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Электр энергиясын пайдаланудың 70 квт. сағаты үшін жылдың басындағы бағамен ай сайын;
Тармақша 2
2) Суды пайдаланғаны үшін бір адамға есептегенде тұратын жеріндегі жылдың басындағы бағамен ай сайын;
Тармақша 3
3) От жағатын мерзімнің алдыңғы айында 2 (екі) тонна көмір үшін 10000 теңге біржолғы материалдық көмек беріледі.
Тармақ 12
12. Материалдық көмектің мөлшерін есептеу үшін төмендегі мекемелерден баға жөнінде анықтама алынады:
Тармақша 1
1) «Қостанайюжэлектросервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыннан пайдаланылған электр энергиясының 1 квт. сағаты үшін төленетін қаржы бағасы;
Тармақша 2
2) «Жангелдин аудандық коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынынан бір адамға бір айда пайдаланатын суының бағасы.
Тарау 6. 6. Материалдық көмекті төлеу
6. Материалдық көмекті төлеу
Тармақ 13
13. Материалдық көмек «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасында қаралған қаражат-есебінен төленеді.
Тармақ 14
14. Материалдық көмекті төлеуді уәкілетті орган өтініш берушінің таңдауы бойынша төлем жөніндегі тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Материалдық көмектің төленуіне бақылау
7. Материалдық көмектің төленуіне бақылау
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган ай сайын Жангелдин ауданының әділет басқармасынан материалдық көмек алушылардың ауданнан тыс басқа жаққа көшіп кеткендері және қайтыс болғандары жөнінде мәлімет сұратады.
Тармақ 16
16. Материалдық көмекті төлеу өтініш берушінің қайтыс болған күнінен бастап тоқтатылады.
Тармақ 17
17. Төленген ақшаның дұрыстығын бақылау Жангелдин аудандық пошта бөлімі мен уәкілетті органның арасында тоқсан сайын тексеру актілері бойынша жүргізіледі.