Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындар белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдары орналастырылатын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
Тармақ 3
3. Күршім ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 19 - қыркүйектегі № 1841 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру туралы бірлескен қаулы мен шешімнің күші жойылды деп танылсын (Күршім ауданының Әділет басқармасында 2006 жылы 4-казанда тіркелген. Тіркеу № 5-14-36).
Тармақ 4
4. Қаулы Әділет органдарына тіркеуге жолдансын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Күршім аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А. А. Рахман
Басқа 7. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Күршім ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 04 сәуірдегі №24 қаулысымен бекітілген Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары Аппарат басшысы Қ.Әзімбаев