Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жансүгіров поселкелік округінде ірі қара және ұсақ мал ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жансүгіров поселкелік округі бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Дүйсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақсу ауданы Әкімдігінің 2007 жылғы «29» 03 «Жансугіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу ic - шараларын белгілеу туралы» № 69 қаулысына қосымша Жансугіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты, ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегі ic-шаралары Іс- шаралар аталуы Орындалу мерзімі Жауапты адамдар Ұйымдық- шаруашылықтың шаралары 1 Поселкелік округте ауылшаруашылық малдардың толық есебін жургізу 2007 жылдың қаңтар - шілде айларында Поселкелік округінің әкiмi аппаратының мамандары, ветеринариялық инспектор (келісуімен) 2 Арнайы мал соятын орындар мен елген малдарды тастайтын шұнқырды осы елді мекенде жасау 2007 жылдың желтоқсан айына дейін Поселкелік округінің әкімі Арнайы ветеринариялық шаралар 1 Бруцеллез ауруымен ауыртан малдарды тез арада жалпы отардан аластау Дереу Ветеринариялык инспекторы (келісуімен), поселкелік округінің әкімі 2 Ауру шыққан малдарды ветеринариялық- санитариялық тәртіпке сай сойылып, ет өндейтін мекемеге өткізілуін қамтамасыз ету Ауру шыққан мерзімде Пооелкелік округінің әкімі ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иeci (келісуімен) 3 Мал тұртан қоралар мен аулаларды қидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрімен залалсыздандырудан өткізу Тез арада сойыстан кейін Поселкелік округінің әкімі, ветеринариялык инспекторы (келісуімен), мал иeci (келісуімен) 4 Ауру шыққан ауладағы басқа малдардан екі қайтара 15-21 кун сайын қан алынып, 2 рет таза нәтиже шыққанша Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес тұрақты түрде Ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен) 5 Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу Тұрақты турде Ақсу аудандық мeмлeкeттiк санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен) 6 Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруына қарсы шаралар жөнінде насихат жұмысын жүргізу Тұрақты түрде Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)