Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы Қолданыста
Басқа 0
Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің 2006 жылғы 01 маусымындағы №68-Қ бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» әдістемелік нұсқауларына сәйкес нысаналы топтарға жаттатын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданы бойынша 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын жұмыс берушілердің тізімі, ондағы жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Түсіпбеков А.) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Абеуоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ақтоғай ауданы бойынша 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «02» наурыздағы
№ 05/03 қаулысына қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімі
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс орындарының саны
Бюджеттен еңбек ақыға төленетін қаржы (мың теңге)
1
Дербес кәсіпкер – Метжанов Бағдат Қуанышбайұлы
Қоғамдық тамақтандыру қызметіне көмек
2
58,5
2
«Энергия» жауапкершілігі шектелуі серіктестік
Электр монтерларының жұмысына көмек
3
87,5
3
Дербес кәсіпкер – Балқыбеков Қанат Маратұлы
Монша қызметіне көмек
1
29,2
4
«Дамир» шаруа қожалығы
Мал бағу, мал азығын дайындау жұмыстарына көмек
1
29,3
5
«Аққайың» комуналдық мемелекеттік кәсіпорны
Коммуналдық шаруашылық жұмыстарына көмек
3
87,5
Барлығы
10
292,0