Ақтоғай ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай ауданы аумағындағы жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы, 1-тармағы, 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 387 - баптарына сәйкес аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Осы Қағидада белгіленген талаптар мен жауапкершіліктердің орындалысын қатан қадағалап, қамтамасыз ету, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдануға ұсыну ауданның тиісті құзырлы органдарына (Е.Шарбеков, Қ.Қошантаев, Қ.Жанпейсов, Қ.Ғалиханов) кент, селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.Қ. Досмақов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ. Жанпейсов Аудандық орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы мекемесі бастығы Қ. Галиханов Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Қ. Қошантаев Қарағанды облыстық МСЭҚД Ақтоғай ауданы бойынша санитарлық эпидемиологиялық бөлімінің бастығы Е. Шарбеков
Басқа 5. Ақтоғай ауданы аумғында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ҚАҒИДАСЫ
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2007 жылғы 20 наурыздағы № 383 шешіміне қосымша № 1 Ақтоғай ауданы аумғында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Ақтоғай ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау елді мекендердің аумақтарын көркейту ережелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізінде әзірленді. Осы ережелер Ақтоғай ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұсау мен қорғау елді мекендерді көріктендіру бағытында заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында, олардың міндеттерін белгілейді.
Тарау 2. 2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
Тармақ 2.1
2.1. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды адамдар, тұрғындар жасыл желектерді қорғау мен күтіп ұстау мақсатында мыналарды орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен қорғауға, жасыл желектерді қорғау шараларын жасауға;
Тармақша 2
2) аула аумағын тазалықта ұстауға, оларды жинау, үнемі сыпыру, суару, қар мен қоқысты белгіленген жерге шығаруға;
Тармақша 3
3) жасыл желектерді ұқыпты сақтауға, кешенді агротехникалық шараларды жүргізуге, суаруға, құраған бұталарды кесуге, қиып тастауға, ағаштардың түптерін тазарту және әктеуге, ағаш түптеріндегі өсімдіктерді жоюға, тыңайтқыштар енгізуге, ағаштардың түп айналасын түптеуге, сондай-ақ арам шөптерді жою бойынша механикалық өңдеуді жүргізуге;
Тармақша 5
5) тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және әкімшілік ғимараттар мен көшелердің көрсеткіштері мен нөмірлік белгілерін оңды жағдайда күтіп ұстауға;
Тармақша 6
6) жыл сайын сәуір – мамыр айларында табиғи – климаттық жағдайға байланысты аумақты тазарту айлығын өткізуге.
Тармақ 2.2
2.2. Аудан аумағында жасыл желектерді қорғау мақсатында мыналар тиым салынады:
Тармақша 1
1) елді мекендердің айналасындағы, жол жиектердегі ағаштар, көпжылдық өсімдіктер мен көріктік бұтақтарды заңсыз кесу, бүлдіру мен жоюға;
Тармақша 2
2) үй жануарларын бақтарда, демалу аймақтарында жаюға, жоғарыдағы объектілердің ішіне, қоршауларына байлауға;
Тармақша 3
3) егілген жасыл желектер мен гүл алаңдарын бүлдіруге;
Тармақша 4
4) малды жасыл желек, ағаш егілген жерлерге бағуға, таптауға.
Тармақ 2.3
2.3. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жасыл желектер шығарып тасталынады. Жасыл желектер шығарып тасталғанда ескеріледі:
Тармақша 1
1) жасыл қор нысаналарының шаңнан қорғайтын, желден қорғайтын, газга тұрақтылық және фитонцидтіқ қасиеттері;
Тармақша 2
2) кент, селолық округтер нысаналарының сәнділігі және әсем рәсімделу әсері;
Тармақша 3
3) осы аймақты сауықтыру әсері.
Тармақ 2.4
2.4. Жұмысты жүргізгенде тапсырушы міндетті:
Тармақша 1
1) жасыл желектерді шығарып тасуға басқа жерге отырғызуға немесе кесуге рұқсат алуға. Рұқсатты жергілікті атқарушы орган мен өкілетті орган береді;
Тармақша 2
2) жасыл желектерді шығарып тасуды, қайта отырғызуды немесе кесуді өз күшімен және қаражатымен жүргізуге немесе осы жұмыстар түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарт жасауға.
Тармақ 2.5
2.5. Жасыл желектердің аумағында тиым салынады:
Тармақша 1
1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа затгарды жинауға, газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
Тармақша 2
2) көшелерді, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
Тармақша 3
3) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға, агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, тиісті қызметтермен келісілген кесу тәртібін сақтамай ағаштардың басын кесуге.
Тарау 3. 3. Елді мекендер аумағын көріктендіру
3. Елді мекендер аумағын көріктендіру
Тармақ 3.1
3.1. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көріктендірудің қағидасын ұстануға, кент, селолық округтер аумағында тазалықты және қамтамасыз етуге, ғимараттарды оңды жағадайда ұстауға міндетті.
Тармақ 3.2
3.2. Мемлекеттік, қоғамдық және жеке кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер, олардың ведомстволық бағынуына қарамастан, сондай - ақ жеке иеліктегі үй иеленушілері заңда белгіленген тәртіппен, сәулеттік және санитарлық талаптарға сәйкес, тұрмыстық қалдықтарды жоюға уақытылы қелісім - шарт жасауға, өз есебінен оларға бекітілген аумақтарды жүйелі жинауға, тазалықта және тәртіпте ұстауға, сондай – ақ төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
Тармақша 1
1) құрылыс, әлеуметтік тұрмыстық және мәдени объектілерді, тұрғын үй, шарбақ – аулалар мен қоршауларды сәулеттік, санитарлық және өрттен қорғау ережелеріне сәйкес ұстауға;
Тармақша 2
2) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің атауларын жазып маңдайшаларын дұрыс безендіруге;
Тармақша 3
3) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер, тұрғын үй иелері өз мекендері орналасқан жерлердің аумағын көше жиегіне дейін санитарлық талапқа сай тазалуға;
Тармақша 4
4) тұрғын үй – жайларалатын жағдайда бұзылған үй мен қосымша құрылыстардың орнын тазалап кетуге.
Тармақ 3.3
3.3. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан аумағында заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегіше тиым салынады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқару органдарының шешімінсіз өз бетімен дүңгіршектер, шатыр, кіші спорт алаңдарын, жарнама құрылымын, газет және хабарландыру қалқандарын салу мен аумақты қоршауға, аула шарбағынан тыс жерге құрылыс (дәретхана, құдық т.б. құрылыс нысандарын) салуға;
Тармақша 2
2) адам жүретін жолдарға, көгалдарға озен жағасына, бөгет жыраларға күл-қоқыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға, моншаның лас суын өзенге, малға пайдаланатын суға төгуге;
Тармақша 3
3) қоқысты, күлді және басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өз бетімен лақтырып шашуға;
Тармақша 4
4) жергілікті атқару органдарының рұқсатынсыз ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бұзуға:
Тармақша 5
5) Санитарлық, гигиеналық және экологиялық сай емес, қоршаған ортаның ластануын туғызатын, автокөліктер мен басқа да механикалық құралдарды кентер мен селолық округтер аумағына шығаруға және пайдалануға;
Тармақша 6
6) Тұрғын үй кварталдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде автомобильдерді, мотоциклдерді басқа да көлік құралдарын су айыратын колонкалардың, өзендер мен су қоймаларының жағажайларында, адамдар жаппай пайдаланатын орындарда жууға.
Тармақ 3.4
3.4. Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары, меншік нысанына қарамастан жеке көліктің жүргізушілері міндетті:
Тармақша 1
1) автокөлікті кент, селолық округтер кошелеріне шығарғанда санитарлык-гигиеналық нормалардың және экологиялық талаптардың толық сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) жол кездемесін және атмосфералық ауаны ластамай, автокөліктін техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) аумақты жоспарлы, жүиелі тазалауды, қалдықтарды жоюды жүргізетін ұйыммен және санитарлык – эпидемиологиялық қызмет мекемесімен келісіліп құрастырылған келісім – шарттар кестелері бойынша жүргізуге.
Тарау 4. 4. Инженерлік желілер, ғимараттар және коммуникацияларды күтіп ұстау туралы
4. Инженерлік желілер, ғимараттар және коммуникацияларды күтіп ұстау туралы
Тармақ 4.1
4.1. Қарамағында инженерлік коммуникациялары бар маңызды және жеке тұлғалар кент, село, селолық округтер көркіне нұқсан келтіруі мүмкін, инженерлік желілер мен ғимараттардың техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыруға міндетті, нақты айтқанда:
Тармақша 1
1) бөлінген және қорғалатын аймақтардың санитарлық жағдайын, люктердің, құдықтардың қақпақтары қатты жол төселетін денгейде жатуын және оңды жағдайда ұсталуын қадағалауға;
Тармақша 2
2) монтаждау, қайта төсеу және пайдалану ережесін сақтамау салдарынан бұзылуы мүмкін, жер асты желілерінің үстіндегі қатты немесе грунттық жол төселімдерінің жағдайын қадағалауға.
Тармақ 4.2
4.2. Қатты жол төселім аумақтарын қайта жөндеу немесе күрделі жөндеу жүргізу, белгілерді, құдықтарды, люктерді, инженерлік желілерді тиісті нормалар талаптарына жеткізу жұмыстары тапсырушының есебінен өндіріледі.
Тармақ 4.3
4.3. Ғимараттар және жер асты коммуникациялар құрылысына техникалық құжаттарды әзірлегенде жобалаушы ұйымдар құрылыс учаскелеріндегі ағаштар мен көшеттердің мүмкіндігінше көп сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін әзірлеуге міндетті.
Тарау 5. 5. Ақтоғай ауданының кент, село, селолық округтерінің аумағын жарықтандыру
5. Ақтоғай ауданының кент, село, селолық округтерінің аумағын жарықтандыру
Тармақ 5.1
5.1. Кент, село, селолық округтер аумағын жарықтандыру сыртқы қондырғылары арқылы қаматамасыз етіледі. Сыртқы жарық қондырғыларына жататындар:
Тармақша 1
1) электрмен жабдықтау құрылғысы, көріктендіретін желілер, көректендіру пункттері, таратын желілер;
Тармақша 2
2) қорғау құрылғысы және жерге қосылған элетр желілері;
Тармақша 3
3) басқару құрылғысы.
Тармақ 5.2
5.2. Көшелер мен жолдардың қиылысқан жеріндегі тіректерге сәйкес радиустарда тротуардың дөңгеленген жерінде дейін орналасады. Аллея мен жаяу жүрушілердің жолдарындағы тіректер жолдың жаяу жүруші жүрмейтін бөлігінде, яғни газондарда, ағаштардың қатарында орналасады.
Тармақ 5.3
5.3. Ғимарат жанында орналасқан тар жолдар, тротуарлар мен алаңдар, ыңғайлы болса, ғимарат қабырғасына орналасқан шамшырақтар арқылы жарықтандырылады.
Тармақ 5.4
5.4. Сыртқы жарық қондырғыларына қызмет көрсету және күтіп ұстау келесі шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) сыртқы жарықтандыру құрылғыларын сан және сапа көрсеткіштері берілген өлшемге сәйкес, соның ішінде, шамшырақтардың таратушыларының істен шыққандары мен шамдарын ауыстыру, шамшырақтарды тазалау, жарықтандырудың деңгейін өлшеу, техникалық оңды жағдайда ұстау;
Тармақша 2
2) жарықтандыру құрылғыларының атқарушы өкіметтің жергілікті органының шешімімен бекітілген регламенттегі жұмыс режимін қамтамасыз ету, кесте бойынша шамшырақтардағы ақауларды табу және оларды шұғыл түрде жою.
Тармақ 5.5
5.5. Витриналарды жарықтандыру үшін, әдетте, неондық шамдар алынады. Қосымша бағытталғын жарық беру үшін қызуы қатты шамдар пайдаланылады.
Тарау 6. 6. Ақтоғай ауданының кент, село, селолық округтер аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу туралы
6. Ақтоғай ауданының кент, село, селолық округтер аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу туралы
Тармақ 6.1
6.1. Жер асты коммуникацияларын салумен байланысты жұмыстарды жүргізуді жоспарлаушы барлық заңды және жеке тұлғалар міндетті:
Тармақша 1
1) жыл сайын 01 қыркүйекке дейінгі мерзімде, келесі жылға өткізілетін жоспарлы жұмыстардың атын, түрін және мерзімін көрсетіп, өтінім беруге. Ауданның аумағындағы жоспарлы жұмыстар туралы тиісті қызметтерге уақытылы ақпарат беруге;
Тармақша 2
2) жер асты желілерін жөндеуді уәкілетті органдардан жер жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жүргізуге;
Тармақша 3
3) ғимараттарды, коммуникацияларды қайта құру және жөндеу кезінде құрылыс нормаларының талаптары мен нысаналарды қорғау жөніндегі тәртіпті сақтауға;
Тармақша 4
4) артық грунт пен құрылыс қоқыстарын уақытылы шығарып тастауын камтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) бұзылған жол төсемдері мен аула аумақтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды уақытылы жүргізу, құрылыс және жөндеу аяқталғаннан кейін қазба орындарын, сонымен қатар құрылыс алаңдарын тәртіпке келтіруге қажетті шараларды қабылдауға.
Тармақ 6.2
6.2. Жер асты коммуникацияларының құрылысын жөндеуге байланысты жұмыстарды жүргізгенде тиым салынады:
Тармақша 1
1) қандайда бір жер үсті құрылысы мен ғимараттарын ығыстыруға;
Тармақша 2
2) жол төсемдерін артық бұзу және жұмыстарды рұқсатсыз (ордерсіз) жургізуге;
Тармақша 3
3) тротуарларда, жолмен жүретін бөлігінде және газондарда тартып алынған грунтты, құрылыс материалдары қалдықтарын, қоқысты қалдыруға, құдык қақпақтарын көміп тасуға.
Тарау 7. 7. Ақтоғай ауданның кент, селолық округтер аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзу
7. Ақтоғай ауданның кент, селолық округтер аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзу
Тармақ 7.1
7.1. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстырдан тазарту жұмыстарына қолданыстағы заңдарға сәйкес, осы процедуралардың орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі:
Тармақ 7.2
7.2. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейін, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар белгіленген орындарға тасып шығарылады, ал учаске қайта қопсытылады.
Тармақ 8
8. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасын бұзғандығы үшін жауапкершілік
Тармақ 8.1
8.1. Заңды тұлғалар, лауазымды адамдар және азаматтар осы Қағиданың талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 155 – ІІ Кодексінің 300, 387-ші баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
Тармақ 8.2
8.2. Осы Қағиданың орындалуын қадағалау жергілікті атқару органдарына, Ақтоғай ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас инспекторға, Қарағанды облыстық МСЭКД Ақтоғай ауданы бойынша санитарлық эпидемиологиялық бөліміне және аудандық ішкі істер бөліміне жүктеледі.