Ақтоғай ауданы бойынша иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы туралы Күшін жойған
Басқа 0
Акгоғай ауданы бойынша иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы, 1-тармағы, 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік қүқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай ауданында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
Тармақ 2
2. Осы Қағидада белгіленген талаптар мен жауапкершіліктердің орындалысын қатан қадағалап, қамтамасыз ету, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік шаралар қолдануға ұсыну ауданның тиісті құзырлы органдарына (Қ.Жанпейсов, Т.Адамбаев, Қ.Қошантаев, Е.Шарбеков, Қ.Ғалиханов,) кент, селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.Қ. Досмақов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
Қ.Жанпейсов
«Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы министрлігі Ақтоғай
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекеме бастығы
Т.Адамбаев
Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі
Қ.Қошантаев
Қарағанды облыстық МСЭКД
Ақтоғай ауданы бойынша санитарлық
эпидемиологиялық бөлімінің бастығы
Е.Шарбеков
Аудандық орман және жануарлар әлемін
қорғау шаруашылығы мекемесі бастығы
Қ.Галиханов
Басқа 5. Ақтоғай ауданы бойынша иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы
Аудандық мәслихаттың кезекті
34 сессиясының 2007 жылғы
20 наурыздағы № 381
шешіміне қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша иттер мен мысықтарды күтіп ұстау Қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңдарына сәйкес жасалды.
Осы Қағида Ақтоғай ауданында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау саласында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктерін белгілейді және қатынастарды реттейді.
Ақтоғай ауданында иттерді жэне мысықтарды күтіп ұстау бойынша қызметтерді ұйымдастыру мен үйлестіруді үәкілетті орган жүзеге асырады.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Ақтоғай аудан аумағында өз қызметін жүзеге асыратын немесе тұратын жеке меншіктің барлық түріндегі заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Иттер мен мысқтар иелерінің меншігі болып табылады, сондықтан кез келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
Тармақ 3
3. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) иттерді және мысықтарды күтіп ұстау - Қағидаға және биологиялық ерекшіліктеріне сәйкес иелерінің иттер мен мысықтардың тұруын, өмір сүруін және күтіп ұстау жағдайын қамтамасыз етуі;
Тармақша 2
2) қаңғыбас иттер және мысықтар - қоғамдық орындарда иесіз жүретін иттер мен мысықтар;
Тармақша 3
3) иттерді қыдырту - иттерді олардың табиғи мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін шығару;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган - ауданның тиісті құзырлы органдары, аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекциясы.
Тармақ 4
4. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Қағидасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары және аудандық ішкі істер бөліміне жүктеледі.
Тарау 1. 1. Иттердің және мысықтардың иелерінің міндеттері
1. Иттердің және мысықтардың иелерінің міндеттері
Тармақ 5
5. Иелері міндеті:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың талаптарын сақтауға және маңындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауға;
Тармақша 2
2) хайуанаттардың адамға жэне басқа хайуанаттарға зиян келтіруінің алдың алу. Азаматқа немесе оның мүлкіне келтірген зиянның, сондай - ақ хайуанаттың заңды тұлғаның мүлкіне келтірген зиянның орнын осы хайуанаттың иесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте толық көлемде толтырады;
Тармақша 3
3) иттер мен мысықтарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оларды ұстау, жануарларға жақсы қарап, тамақсыз, сусыз және қараусыз калдырмау, ұрмау, жануарлардың ауырған жағдайында ветеринар көмегіне дер кезінде апаруға;
Тармақша 4
4) хайуанат шұғыл өлген немесе жұқпалы ауруға шалдыққанына күдіктенген жағдайда ветеринарлық қызметке шұғыл хабарлауға және ветеринар мамандар келгенге дейін ауру хайуанатты (немесе хайуанаттың өлексесін) оқшалауға;
Тармақша 5
5) иттер мен мысықтарды ветеринар мамандарының талаптары бойынша диагностикалық зерттеуге және егуге;
Тармақша 6
6) тұрғын үйлердің маңында иттерді қыдыртқан жағдайда тыныштық камтамасыз етуге;
Тармақша 7
7) егер одан әрі ұстау мүмкін болмаса иттерді және мысықтарды басқа иесіне беруге немесе мемлекеттік сатып алу туралы заңмен белгіленген тәртіпте конкурстың жеңіпазы болған қаңғыбас иттерді және мысықтарды аулауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға беруге;
Тармақша 8
8) иттердің жер учаскесі бар иелері, иттерді байлап ұстауға немесе хайуанаттың көшеге шығуына кедергі келтіретін қоршауға ұстауға тиіс. Итгің бар екендігі туралы учаскеге кіре берісте ескерту жазба болуы тиіс
Тармақша 9
9) подъездер, баспалдақ алаңдары, балкондар, лифтілер, сондай - ақ спорт, балалар алаңдары, гүлзарлар, тротуарлар, бақтардың аумақтары, қоғамдық көлік иттер мен мысықтардың нәжістерімен ластанған жағдайда арнайы құралдардың көмегімен шұғыл тазалауды жүзеге асыруы тиіс.
Тарау 2. 2. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау
2. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстау
Тармақ 6
6. Рұқсат етіледі:
Тармақша 1
1) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринар қызметтерінің рұқсатымен зоологиялық бұрыштарда, сауықтыру мекемелерінде иттер мен мысықтарды күтіп ұстауға;
Тармақша 2
2) оқу - үйрету аландарында иттерді қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз жіберуге адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз еткен жағдайда ғана рұсат етіледі;
Тармақша 3
3) тиісті көлік құралдарын пайдалану ережесін сақтай отырып, иттерді қоғамдық көлікте тек тұмылдырықпен және қысқа қарғыбаумен, ал мысықтар мен декоративті иттерді арнаулы контейнерлерде немесе арнаулы себеттерде алып жүруге рұқсат етіледі;
Тармақша 4
4) көршілерінің келісімдері мен медициналық қарама – қайшылығы болмаса, туыс емес екі және одан да көп отбасылары тұратын тұрғын жайларда, оның ішінде пәтерлерде иттер мен мысықтарды ұстау.
Тармақ 7
7. Рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) балалардың аула алаңдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, мектептер мен оқу орындарының, денсаулық сақтау объектілерінің аумағында, спорт алаңдарында, бақтар мен жаға жайда иттер мен мысықтарды кыдыртуға;
Тармақша 2
2) мас адамдарға және 14 жасқа дейінгі тұлғаларға ірі иттерді қыдыртуға;
Тармақша 3
3) жалпы пайдаланатын орындарда: асханаларда, үйлердің жабық кіріс жолында (подъез) және екі сатының арасында, лифттерде, сол сияқты газондарда, көшенің жаяу адамдар жүретін бөлігінде (трояуарларда), серуен кұру, тынығу мақсатымен табиғи немесе қолдан орнатылған жасыл желекті демалыс орындарында (парктерде), сондай-ақ балкоңдар мен лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға;
Тармақша 4
4) жалпы пайдаланыстағы су қоймаларында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
Тармақша 5
5) өлген иттер мен мысықтардың өлекселерін лақтыруға.
Тармақ 8
8. Елді мекендер аумағында, түрғын үй ауласынан тыс, көшелерде иесіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбас болып саналады және арнайы қызметтердің аулауына жатады.
Тарау 3. 3. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
3. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
Тармақ 9
9. Осы Қағиданы бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде қарастырылған жауапкершілікте болады.
Тармақ 10
10. Осы Қағиданың орындалуын қадағалау жергілікті атқару органдарына, Ақтоғай ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас инспекторға, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ақтоғай аудандық инспекциясына, Қарағанды облыстық МСЭКД Ақтоғай ауданы бойынша санитарлық эпидемиологиялық бөліміне және аудандық ішкі істер бөліміне жүктеледі.