О порядке организации и проведения конкурса на право обслуживания регулярных автомобильных перевозок пассажиров и багажа на городских, пригородных маршрутах и соединяющие населенные пункты: поселки, аулы (села) с городом Экибастузом Қолданыста
Басқа 0
Қалалық, қала маңындағы және Екібастұз қаласының елді мекендерін: поселкелерді, ауылдарды (селоны)
біріктіретін бағыттарына жолаушылар мен жүктерді үнемі автомобильмен тасымалдау үшін қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы
Қазакстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация Министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау Ережені бекіту туралы» № 113-1 бұйрығына сәйкес, Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі "Облыстың жолаушылар көлігін басқару жөніндегі уәкілетті орган туралы" № 150/4 қаулысы және Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 2 қарашадағы "Екібастұз қаласының жолаушылар көлігін басқару жөніндегі уәкілетті органды анықтау туралы" № 834/10 қаулысы негізінде, жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:
Тармақ 1
1. Қалалық, қала маңындағы жане Екібастұз каласымен шектес елді мекендер: поселкелер, ауылдар (селолар) біріктіретін бағыттарына жолаушылар мен жүктерді үнемі автомобильмен тасымалдауға кызмет көрсету құқығына
конкурстык ұсынымдарды қарау, оларды бағалау және жеңімпазды анықтау үшін қосымшаға сәйкес конкурстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі'
мемлекеттік мекемесі (В.В.Воронков):
Тармақша 1
1) Қалалық, қала маңындағы және Екібастұз қаласымен шектес елді мекендер: поселкелер, ауылдар (селолар) бағыттарына автомобильдік көлікпен үнемі тасымалдауға қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 2
2) Қалалық, кала маңындағы жөне Екібастұз қаласымен шектес елді мекендер: поселкелер, ауылдар (селолар) бағыттарына автомобильдік көлікпен үнемі тасымалдауға қызмет көрсету кұқығына конкурс ұйымдастыру және өткізу кезінде Қазақстап Республикасы көлік және коммуникация Министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығымен бекітілген, жолаушылар мен жүктерді автомобильдік көліктерімен тасымалдау Ережесін (2004 жылғы 16 сәуірдегі №2809 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінін
орынбасары С.М. Көшімбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған бірінші күнінен бастап қолданыска енеді.
Келісілді:
"Павлодар облысы бойынша
көліктік бақылау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Әубәкіров
2007жылғы "2" наурыз
Келісілді:
Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы
Б.Шәймерденов
2007 жылғы "2" наурыз
Келісілді:
Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы
С.Ергебаев
2007 жылғы "6" наурыз