Эротикалық сипаттағы мақалалар жариялайтын мерзімдік басылымдарды бөлшектік сату орынын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Эротикалық сипаттағы мақалалар жариялайтын мерзімдік басылымдарды бөлшектік сату орынын бекіту туралы Атырау облысы әкімиятының 2005 жылғы 1 қарашадағы №308 «Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған тұрақты үй-жай болып Мақат поселкесі Теміржолшылар ықшам ауданында орналасқан «Барыс» базарының негізгі ғимараты белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ғұмаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілген: Жеке кәсіпкер С.Аманиязов 29.03.2007 жыл