Об утверждении Порядка ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 📌 ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң Тәртiбi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жер учаскелерiнiң орынын айқындау (бiрдейлендiру) үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, әкiмшiлiк аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың кодтарының тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу үшiн қажеттi аэросуретке түсiру, топографиялық, картографиялық материалдары бар министрлiктер, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдар оларды Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгіне көшiрме түрiнде және ақысыз ұсынатын болсын. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу кезiнде жер учаскелерiне берiлген нөмiрлер жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары тарапынан мемлекеттiк тiркеу мақсаты үшiн пайдаланылады деп белгiленсiн.
Басқа 5. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң Тәртiбi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң Тәртiбi 📌 ЕСКЕРТУ. Тәртiп өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысыме н.
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры (бұдан әрi - Кадастр) "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес мемлекеттiк органдарды, азаматтарды және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелерi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Кадастр Қазақстан Республикасы жерлерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, орыны, мақсатты пайдаланылуы, жер учаскелерiнiң мөлшерлерi мен шекаралары, олардың сапалық сипаты туралы мәлiметтердiң, жер учаскелерiн есепке алу, жердi пайдалану және бағалау туралы, басқа да қажеттi мәлiметтердiң жүйесiн бiлдiредi. Суармалы жер учаскелерiнiң мелиоративтiк жай-күйi, олардың табиғи және сулылық-шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау, олардың пайдалануын есепке алу туралы мәлiметтер жүйесiн құрайтын суармалы жерлердiң мелиорациялық кадастры жер кадастрының құрамдас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 3
3. Кадастрдың деректерi жерлердi пайдалануды жоспарлау және күзету кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу, шаруашылық қызметтердi бағалау және жерлердi пайдалану мен күзетуге байланысты басқа да шараларды жүзеге асыру кезiнде негiз болып табылады және жермен мәмiле жасау кезiнде, жер үшiн төлемдердiң мөлшерiн айқындау кезiнде, құқықтық және басқа да кадастрларды жүргiзу кезiнде де пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Кадастрды жүргiзу кезiнде координаттардың, биiктердiң, картографиялық кескiндердiң, бiрыңғай жiктемелердiң, кодтардың, кiрiс және шығыс қалыптардың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қолдануға негiзделген ақпараттардың өзара үйлесiмдiлiк принципi қамтамасыз етiледi.
Тармақ 5
5. Кадастр кадастрлардың мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 6
6. Кадастр оны жүргiзу процесiнде үнемi жаңарып отыратын Қазақстан Республикасының жер ресурстарын пайдаланудың және күзетудiң жағдайы туралы мәлiметтердiң жүйелендiрiлген жиынтығын бiлдiредi.
Тармақ 7
7. Тұйық шекаралармен бөлiнген, белгiленген тәртiпте жер құқық қатынастары субъектiлерiне бекiтiлiп берiлген жер учаскелерi Кадастрдың деректерiне есеп жүргiзудiң және сақтаудың бiрлiгi болып табылады.
Тармақ 8
8. Кадастрда әрбiр жер учаскесi үшiн оны кеңiстiкте бiр мәндi бөлуге, мөлшерi мен орнын, сондай-ақ құнының бағалануын (жердiң сәйкес бағасы) айқындауға мүмкiндiк беретiн сипаттама белгiленедi.
Тармақ 9
9. Жер учаскелерi туралы мәлiмет аталмыш учаскеге бекiтiлiп берiлген нөмiрi, орналасқан жерi, шекаралары және мәтiндiк суреттелуi көрсетiлетiн жер-кадастрлық карталармен арақатынаста болады.
Тармақ 10
10. Кадастрдың мәлiметтерiн қалыптастыру Кадастрды жүргiзу мақсаты үшiн орындалатын топографиялық-геодезиялық, аэрокосмостық, картографиялық, жерге орналастырушылық, түгендеушiлiк, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа да тексерулер мен зерттеулер жүргiзумен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 11
11. Деректердi жинақтау жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi, жеке және заңды тұлғалардың - субъектiлердiң атауы, жер учаскесiне құқық, атқарушы органдардың актiлерi мен басқа да заңда көзделген құжаттар, жер учаскесiнiң орналасқан орыны мен көлемi, бағалық құны және жердi пайдалану құқығы, мақсаттық мәнi, бөлiнетiндiгi және бөлiнбейтiндiгi, жер учаскесiне сервитуттар туралы, сондай-ақ атқарушы органдар белгiлеген оны пайдалану жөнiндегi шектеулер туралы ақпараттарға көңiл бөлiнетiн және сақталатын тиiстi әкiмшiлiк аудандардың деңгейiнде жүргiзiледi. Бұл деректер аудандар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және бүтiндей алғанда Қазақстан Республикасы бойынша оларды өзара салыстыруға мүмкiндiк беретiн меншiк нысандары, жердiң санаттары бойынша жүйелендiрiледi.
Тармақ ii. II. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу саласындағы функциялары
II. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң және оның жергiлiктi жерлердегi органдарының мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу саласындағы функциялары 📌 ЕСКЕРТУ. II-тараудың атауы және мәтiнiнде сөздер өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыруды орталық уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары қалыптастыратын мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тiркеу мақсатында жер учаскелерiнiң есебiн алу жөнiндегi жұмыстар тапсырысшылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Жер кадастрын жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды мамандандырылған мемлекеттiк кәсiпорындар жүзеге асырады, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлетті орган оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі: жобалау-зерттеу, аэрокосмостық, жерге орналастыру, түгендеу, топырақ зерттеу, геоботаникалық, бағалау жұмыстарын және кадастрды жүргiзу, кадастрлық құжаттамаларды қалыптастыру және жаңарту мақсаттары үшiн жүзеге асырылатын басқа да зерттеулер мен тексерулердi жүргiзудi ұйымдастырады; белгiленген тәртiпте, оның құзыретiнiң шегiнде барлық министрлiктер, заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылатын, Кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттамалардың әдiстемелiк нұсқаулары мен нұсқаулықтарын, нормативтерi мен стандарттарын жасайды және бекiтедi; жыл сайын мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға Кадастр мен жерлер мониторингi деректерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы жерлерiнiң жағдайы және пайдаланылуы туралы жиынтық талдамалы есеп ұсынады; Кадастр деректерiнiң басқа мемлекеттiк кадастрлардың мәлiметтерiмен сыйымдылығының сақталуын қамтамасыз етедi; жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының аумақтарында Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөнiндегi жұмыстардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi; ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын республикалық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi; жер туралы мәлiметтердi, жүйелендiрудi, зерттеудi және сақтауды, сондай-ақ Кадастрдың жариялауға жататын материалдарын шығаруды жүзеге асырады, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарға, азаматтарға және заңды тұлғаларға мәлiмет ұсынады. 📌 ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен . ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.27. N 574 қаулысымен .
Тармақ 14
14. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттерi: жыл сайын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша бар жер мен олардың пайдаланылуы туралы есептi бередi; жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң Кадастрды жүргiзудi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi; Кадастрдың деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiсiне кезең-кезеңмен көшу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады; автоматтандырылған режимде ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын жүзеге асырады және қамтамасыз етедi; аумақтық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттердi картографиялық негiздермен, бағдарламалық әзiрленiмдермен, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етедi; аудандық (қалалық) деңгейдегi мамандарды оқытады және олар атқарған жұмыстардың сапасын бақылайды; жер учаскелерiн есепке алуды, тиiстi облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы жер учаскелерiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi; мүдделi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады. 📌 ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 15
15. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер: жаңа жер учаскелерiн құруды және барларын қайта құруды жүзеге асырады; жер учаскелерiнiң есебiн, жер учаскесiне құқықтылықты куәландыратын құжаттарды ресiмдеудi және берудi жүргiзедi; жыл сайын жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық комитетке аудан жерлерiнiң есебi және пайдаланылуы туралы есеп ұсынады; мүдделi аудандық басқару органдарына, азаматтарға және заңды тұлғаларға Кадастрдан мәлiметтер ұсынады; автоматтандырылған режимде ақпараттардың жаңартылуын, сақталуын және қорғалуын, сондай-ақ оған кiру құқығын аудандық деңгейде жүзеге асырады және қамтамасыз етедi.
Тармақ iii. III. Жер-кадастрлық құжаттама
III. Жер-кадастрлық құжаттама
Тармақ 16
16. Кадастр базалық құжаттардан тұрады. Базалық құжаттарға: жер учаскесiнiң жер-кадастрлық iсi (кадастрлық iс); тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабы; жер-кадастрлық карта (кадастрлық карта) жатады. Базалық құжаттарда жер учаскелерi туралы алғашқы мәлiметтер жазылады және жерлердiң шаруашылық және табиғи жағдайында болған өзгерiстер көрсетiледi.
Тармақ 17
17. Кадастрлық iс - жер учаскесi туралы құжаттар кiретiн жаңа жер учаскелерiн құру және барларын қайта құру туралы iс. Кадастр iсiн қалыптастыру жер учаскесiн мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазу үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 18
18. Мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабы жер учаскелерi есепке алынатын, жерлердiң кеңiстiктiк, табиғи және шаруашылықтық жағдайлары туралы нақты мәлiметтер қамтылатын құжат болып табылады. Ауылдық (селолық) округтiң, поселкенiң мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабын жүргiзудi тиiстi ауылдық (селолық) немесе поселкелiк атқарушы органның өкiлеттi лауазымды тұлғалары жүзеге асыра алады. Әдiстемелiк қамтамасыз ету және аталмыш құжаттың жүргiзiлуiн бақылау жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттiң тарапынан жүзеге асырылады. Жер учаскесiн мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазу кезiнде оған учаске бар кезде бiрыңғай бүтiндiк ретiнде сақталатын, дербес, Қазақстан Республикасының аумақтарында қайталанбайтын кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл учаскеге жүргiзiлген кадастрлық iс те осы нөмiрмен бiрдейлендiрiледi. Жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрiн құру осы Тәртiптiң 43-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Жердiң кадастрлық картасы жер учаскелерiнiң орналасқан орнын, мөлшерлерiн және шекараларын көрнекi кескiндеу, бiрiктiру және бөлу кезiндегi олардың өзгерiстерiн есепке алу мақсатында құрылады және жүргiзiледi. Кадастр үшiн кадастрлық карталар жүргiзу және тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiне есепке алу жүргiзу осы Тәртiптiң 24 және 49-52-тармақтарында мазмұндалған.
Тармақ 20
20. Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, мазмұны, нысандары, сондай-ақ оларды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулар мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң тарапынан әзiрленедi және бекiтiледi.
Тармақ 21
21. Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет: барлық реквизиттердi (оларды шығарушы органның, мекеменiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, адресатты) құжатты алушыны (көрсету) толтыру арқылы белгiленген үлгiдегi бланкаларда орындалады; жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі белгiлеген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады; мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларындағы (сызбалары) мазмұндалатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады.
Тармақ iv. IV. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбi
IV. Кадастрды жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 22
22. Кадастрды жүргiзуге: әзiрлiк жұмыстары: бастапқы деректердi жинау және өңдеу; кадастрдың ақпараттық жүйесiн құру енедi.
Тармақ 23
23. Әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде қолда бар жоспарлау-картографиялық материалдарды, жер-есептiк құжаттамаларды, топырақтық геоботаникалық және басқа да зерттеулердiң материалдарын зерттеу және талдау, жер учаскелерi туралы мәлiметтер жинау жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Жер учаскелерiнiң желiлiк және алаңдық сипаттамаларына өзгертулер енгiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс кадастрлық карталар Кадастрдың картографиялық негiзi болып табылады. Кадастрлық карталардың масштабы Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қатысты таңдалады. Кадастрлық карталардың түрлерi осы Тәртiптiң 49-тармағында айқындалған. Автоматтандырылған Кадастр жүргiзу кезiнде картографиялық негiз қағаз бетiндегi көшiрмелерi дайындалып геоақпараттық технологиялар қолданылуы арқылы электрондық карта түрiнде қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Жер учаскелерi туралы ақпарат жерге орналастырудың деректерi бойынша құрылады және учаскелер мен пайдаланылатын жерлердiң шекаралары мен алаңдары өзгерген кездерде жүйелi түрде жаңартылады.
Тармақ 26
26. Жер учаскесi егер оның белгiленген шекарасы болса және оған кадастрлық iс жүргiзiлсе түпкiлiктi қалыптастырылған болып саналады. Азаматтарға және заңды тұлғаларға иелiк ету болмаса пайдалану құқығымен бұрын берiлген жер учаскелерiн жеке меншiкке немесе пайдалануға берудi алғашқы ресiмдеу кезiнде кадастрлық iс олардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Жер учаскесiне құқықты куәландырушы құжаттар, ал олар болмаған кезде - бұл учаскенi ұсынушы құзыреттi атқарушы органның шешiмiмен учаске шекарасының сызбасы (кестесi) өтiнiшпен қоса берiледi. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер олардың шекараларының, алаңдарының өзгеруi белгiлi болған және бұл өзгерiстердiң мақсаттық тұрғысы жергiлiктi атқарушы органдардың қайта бекiтуiне немесе мүдделi тараптардың арасындағы жасалған шарттарда көрсетуге жататын жағдайларда жергiлiктi жерде жер учаскесiн тексеру арқылы аталмыш құжаттарды тексерудi жүзеге асырады. Егер оларға, тиiсiнше өмiрбойғылық мұрагерлiк иелiк немесе тұрақты иелiк және тұрақты пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiн азаматтардың меншiгiне немесе заңды тұлғалардың пайдалануына беру кезiнде бiр не болмаса бiрнеше жаңа жер учаскелерi пайда болса, онда олардың әрқайсысында жаңа кадастрлық iс жүргiзiледi. Бұрын учаскенiң кадастрлық iсi оны жою туралы белгiмен архивке өткiзiледi.
Тармақ 27
27. Азаматтардың немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi жерлерден учаске құру тек тараптардың арасында жасалған мәмiлелердiң негiзiнде ғана жүргiзiледi. Жер учаскесiн құруға мүдделi тұлғалардың өтiнiштерiнiң негiзiнде жүргiзiлген кадастрлық iске аталмыш мәмiлелер бойынша нотариалдық куәландырылған көшiрмелер, жер учаскелерiнiң жоспарлары немесе сызбалары, басқа да құжаттар кiргiзiледi.
Тармақ 28
28. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншiгiндегi, немесе пайдалануындағы жерлерден мемлекеттiк қажеттер үшiн жер учаскесiн құру кезiнде оған жүргiзiлген кадастрлық iске жаңа учаскенi құру үшiн негiз болып табылатын жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiлiк үшiн алу туралы атқарушы органның шешiмi не болмаса соттың шешiмi, сондай-ақ жоспар (шекаралардың сызбасы) және iстi қарау кезiнде пайда болған басқа құжаттар кiргiзiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 29
29. Мемлекеттiк қажеттер үшiн, не болмаса азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы мәмiлелерде жасалған жер учаскесiн қайта құру жағдайларында жаңа кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Жер учаскесiн қайта құру процесiне ықпал етушi барлық құжаттар аталмыш учаскеге бұрын жүргiзiлген кадастрлық iске кiргiзiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 30
30. Азаматтар мен заңды тұлғалардан күштеп алуға жататын (тәркiлеу) не "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74 және 75-баптарында көзделген негiздер жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне соттық-атқарушылық өндiрiстiң құжаттары кiргiзiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 31
31. Егер жер учаскесiнiң бөлiктерiн уақытша пайдалануға немесе кепiлге (ипотека) беруге мәжбүр ету туралы шарттың талаптары бойынша бұл бөлiктi басқа жерден бөлшектеушi шекараны белгiлеу қажет болса (демек жаңа уақытша учаске құру) онда мұндай учаскеге дербес кадастрлық iс жүргiзiлмейдi. Барлық құжаттар меншiк иесiнiң немесе жердi пайдаланушының негiзгi жер учаскесiнiң кадастрлық iсiне кiргiзiледi. Егер уақытша жер учаскесiнiң және жер сервитутының болуына негiз жойылса, онда кадастрлық iстегi тиiстi құжаттарда жазу жазылады және олардың жойылғаны туралы белгi қойылады.
Тармақ 32
32. Кадастр қағаз бетiне жүргiзiледi және ақпараттарды жинақтаудың, өңдеудiң және сақтаудың электрондық жүйесiн пайдалану арқылы жүргiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 33
33. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесi жұмысының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Жер ресурстарының басқару жөнiндегi агенттігі айқындайтын мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендердiң базасында құрылады.
Тармақ v. V. Жерге сандық, сапалық есеп жүргiзудiң және бағалаудың тәртiбi
V. Жерге сандық, сапалық есеп жүргiзудiң және бағалаудың тәртiбi
Тармақ 34
34. Жерлердiң сандық және сапалық есебi олардың нақты жағдайы және пайдаланылуы бойынша жүргiзiледi. Барлық өзгертулер олар жергiлiктi жерлерде болғаннан кейiн көрсетiледi. Жердi есепке алудың деректерi әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтапқа кiргiзiледi. Есептiк деректер жер учаскелерi, елдi мекендер, аудандар, облыстар бойынша және бүтiндей алғанда республика бойынша қалыптастырылады. Бұл ретте айрықша күзетiлетiн табиғи және тарихи-мәдени объектiлер орналасқан учаскелер бөлек көрсетiледi. Барлық санаттағы жерлер есептеуге жатады және ол жердi пайдалану түрлерi бойынша жүргiзiледi. Жерлердiң мөлшерi, орны, саны мен сапасы туралы қажеттi мәлiметтер оларды бастапқы есепке алу кезiнде көрсетiледi, ал жерлердiң құрамында олардың сапасы мен пайдалану түрiнде болған өзгерiстер жерлердiң ағымдағы есебiн жүргiзу процесiнде анықталады.
Тармақ 35
35. Кадастрлық деректердi нақтылау және жаңарту мақсатында:
Тармақша а
а) жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар, өкiлеттi лауазымды тұлғалар мен тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң органы есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша жыл сайын жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитетке белгiленген нысан бойынша меншiктегi және пайдаланудағы, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (ауыл (село), поселке, аудандық маңызы бар қала) әкiмдерiнiң иелiгiндегi жерлердiң құрамында болған өзгерiстер туралы есептер ұсынады;
Тармақша б
б) жер ресурстарын басқару жөнiндегi мемлекеттiк органдар есептi жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша аудандар, облыстық және республикалық маңызы бар қалалар, Қазақстан Республикасының облыстары бойынша жерлердiң саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы оларға мыналарды қосу арқылы есептеме құрастырады; ауыл шаруашылығына пайдаланылатын алаңдардың саны мен оларда болған өзгерiстер (оның iшiнде жеке суармалы және құрғатылған жерлер), оларды санаттар, меншiк иелерi және жердi пайдаланушылар бойынша бөлу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ жер учаскелерiн мемлекет меншiгiне сату туралы, пайдаланылған және жүйесiз пайдаланылған жерлердi алу туралы және мемлекеттiң меншiгiндегi жерлердi ауыл шаруашылығы емес қажеттiлiктер үшiн бөлу туралы мәлiметтердi - жыл сайын; ұсынылған жерге ақы алу үшiн қажеттi мәлiметтердi, жерлер мен оларды санаттар, танаптар, меншiк иелерi, жердi пайдаланушылар бойынша бөлу, пайдаланылатын жерлердiң алаңдарында болған өзгерiстер, жердiң сапалық жағдайы, оларды кадастрлық бағалау және аумақтардың игерiлуi туралы мәлiметтердi - 5 жылда бiр рет. 📌 ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен.
Тармақ 36
36. Жерлердiң сапасын және құндық бағасын есепке алу: мақсаттық тұрғысын ескерiп жер учаскесiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн айқындау; жер учаскесiн кепiлге салу арқылы банкiлiк кредит алу кезiнде жердiң бағасын айқындау; салық салу; жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттер үшiн күштеп алу кезiнде және реквизиция жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен айқындау; аукционда сату кезiнде жер учаскесiнiң немесе жердi пайдалану құқығының бастапқы бағасын айқындау мақсатында жүргiзiледi. Жердiң сапасы және оның құндық бағасы туралы мәлiмет әрбiр жер учаскесi бойынша мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтапта көрсетiледi. Жердi бағалау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жекеменшiкке сатылатын немесе мемлекетке пайдалануға ұсынылатын жер учаскелерiнiң бағалық құнын айқындау тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 37
37. Осы тәртiптiң 35-тармағына сәйкес жасалған бар жерлер, олардың саны, сапалық жағдайы және пайдаланылуы туралы есептер қаралады және бекiтiледi: аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша - тиiстi ауданның және облыстық маңызы бар қаланың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитетке ұсынылады; облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша тиiстi облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiнiң тарапынан және есептi жылдың 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне ұсынылады. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі есепті жылдан кейінгі 20 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының бар жерлері, олардың сапалық жай-күйі және пайдаланылуы (республикалық маңызы бар қалалар, облыстар бойынша және тұтастай алғанда, республика бойынша) туралы жиынтық талдамалы есепті алқада қарайды және бұйрықпен бекітеді. Оны Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі бекiткеннен кейiн жиынтық талдамалы есептiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне, Экономика және сауда министрлiгiне, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне және Статистика жөнiндегi агенттiгiне жолданады. 📌 ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 37-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.05.27. N 574 қаулысымен.
Тармақ vi. VI. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу
VI. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiн есепке алу
Тармақ 38
38. Тiркеу мақсаты үшiн жер учаскелерiнiң және ондағы жылжымайтын мүлiктердiң есебiн алу меншiк құқы мен басқа да құқықтарды, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктерге иелiктi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етушi қажеттi шарт болып табылады.
Тармақ 39
39. Жер учаскелерiн есепке алу кезiнде мына деректердi көрсету мiндеттi болып табылады: жер учаскесi иесiнiң немесе пайдаланушының аты-жөнi; жер учаскесiнiң көлемi; жер учаскесiне меншiктiң нысаны; жер учаскесiнiң мақсаттық тұрғысы; жер учаскесiн пайдаланудағы шектеу; жер учаскесiнiң бөлiнетiндiгi немесе бөлiнбейтiндiгi; жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi; жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк туралы мәлiмет.
Тармақ 40
40. Азаматтар мен заңды тұлғалар жылжымайтын мүлiк объектiлерi орналасқан жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлуi үшiн, сондай-ақ жерге құқықты куәландыратын ескi үлгiдегi құжатты жаңасына ауыстыру үшiн өтiнiшпен тиiстi жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетке хабарласады. Жер учаскесiне және жылжымайтын мүлiкке құқықты куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi, жер учаскесiне орналасқан жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық түгендеу органы немесе сәулет және қала құрылысы органы растаған жоспары өтiнiшпен қоса берiледi.
Тармақ 41
41. Жер учаскесiн сәйкестендiру, оны кадастрлық картада көрсету жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу бұл учаскенiң нақты шекарасын, шектеулер мен жүктеулердiң болуын айқындаудан, басқа тұлғалар құқығының сипатын, сондай-ақ мақсаттық пайдаланылуын белгiлеуден басталады. Жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу және оларды ресiмдеу процедуралары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң нұсқаулық көрсетулерiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 42
42. Жүргiзiлген жұмыстардың нәтижелерi бойынша "Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретiн актiлердi беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi N 402 қаулысына сәйкес жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар әзiрленедi және берiледi, сондай-ақ осы Тәртiптiң 18-тармағына сәйкес жер учаскесiне кадастрлық нөмiр беру арқылы мемлекеттiк жер-кадастрлық кiтабына жазба жазылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 42-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 43
43. Кадастрлық нөмiрдi құру: облыстардың немесе республикалық маңызы бар қалалардың кодымен; әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кодымен; есептi кварталдың кодымен; жер учаскесiнiң есептi кварталдағы және (немесе әкiмшiлiк аудандағы, облыстық (аудандық) маңызы бар қаладағы реттiк нөмiрiмен айқындалады. Елдi мекеннiң, жұмысшы поселкелерi мен селолық елдi мекендердiң, бағбандық және саяжайлық қоғамдардың кварталдары, темiр жол, автомобиль жолдары, бөлу жолақтары бар жер бетiндегi, жерден жоғары және жер асты құбыр желiлерi, суаттар және басқа желiлiк объектiлер есептi кварталдар болып табыла алады. 📌 Ескерту. Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың кодын, одан кейiнгi үшеуi - әкiмшiлiк ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың және (немесе әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшiндегi жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi.
Тармақ 44
44. Есептi кварталдар мен олардың кодтарын сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ техникалық түгендеу органдарымен келiсiм бойынша жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер айқындайды және соңынан құқықтық кадастрде пайдаланылатын тиiстi құзыреттi атқарушы орган бекiтедi. Есептi кварталдардың және (немесе әкiмшiлiк аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың iшiндегi жер учаскелерiнiң кадастрлық нөмiрлерiн жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитеттер бередi.
Тармақ 45
45. Егер осы Тәртiпке сәйкес есептi кварталға код беру объективтi себептер бойынша мүмкiн болмаса, онда аталмыш кварталдың iшiндегi жер учаскесiне уақытша (шартты) кадастрлық нөмiр берiледi. Бұл жағдайды мұндай кварталдың коды кадастрлық нөмiрдiң нақты есептi кварталда шартты бiлдiрiлуiн көрсетуi тиiс "9" санымен басталады. Есептi кварталдың заңды статусын одан кейiнгi анықтау кезiнде бұрын берiлген шартты нөмiрдi көрсету арқылы оған нағыз код берiледi.
Тармақ 46
46. Жер учаскесiн бiрнеше бөлiкке бөлу немесе бiрнеше жер учаскелерiн бiреуге бiрiктiру кезiнде ескi нөмiрлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмiр берiледi.
Тармақ 47
47. Бүтiн жер учаскесiне меншiктiк құқығы немесе жердi пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне немесе жердi пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесiнiң кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды. Жер учаскесiнiң есептiк деректерiне онымен мәмiленi жүзеге асырудың нәтижесiнде жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жердi тұрақты пайдалану құқығы басқа тұлғаға ауысуы туралы мәлiметтердi енгiзудi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары ұсынған материалдардың негiзiнде жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi аумақтық комитетi жүргiзедi. 📌 ЕСКЕРТУ. 47-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен .
Тармақ 48
48. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық комитет жер учаскесiне кадастрлық нөмiр берiлгендiгi және бұл учаскенiң жер кадастрiнде есепке қойылғандығы туралы мәлiмдеушi мен тiркеушi органға хабарлайды. Мәлiмдеушiге жер учаскесiнiң жаңа кадастрлық нөмiрi бар және кадастрлық картада (кестеде) өзгерту көрсетiлген кадастрлық картаның (кестенiң) тиiстi бөлiгiнiң расталған көшiрмесi берiледi.
Тармақ 49
49. Кадастрды жүргiзудiң деңгейiне қарай кадастрлық карталар (кестелер) бақылау жағдайында құрылады және ұсталады: Қазақстан Республикасының кадастрлық картасы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы; облыстардың кадастрлық картасы (кестесi) әкiмшiлiк аудандардың және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы; республикалық маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы қаланың iшiндегi әкiмшiлiк аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы; әкiмшiлiк ауданның, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың кадастрлық картасы (кестесi) есептi кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетiлуi арқылы; есептi кварталдың кадастрлық картасы (кестесi) жер учаскелерiнiң шекаралары мен нөмiрлерi көрсетiлуi арқылы.
Тармақ 50
50. Кадастрлық картада (кестеде) жер учаскелерiнiң шекаралары жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттарға және картаның (кестенiң) масштабындағы жердi пайдалану жоспарларына сәйкес көрсетiледi.
Тармақ 51
51. Қажет болған кезде кадастрлық карталар (кестелер) бiрнеше бөлiкте дайындалуы мүмкiн.
Тармақ 52
52. Кадастрлық карталарды (кестелердi), жүргiзудi және одан кейiнгi жаңартуларды оларды бақылау жағдайында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдарына ұсынатын Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң аумақтық органдары жүзеге асырады. 📌 ЕСКЕРТУ. 52-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ vii. VII. Кадастрдың ақпаратын пайдалану
VII. Кадастрдың ақпаратын пайдалану
Тармақ 53
53. Мыналар Кадастрдың ақпаратын пайдаланушылар болып табылады: аумақтарды дамытуды жоспарлау, жерлердi аймақтандыру, табиғат ресурстарын орынды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды жасау мәселелерi бойынша, жер ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттiк басқару органдары; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң тiркеушi органдары мен Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi және оның жергiлiктi жердегi органдары; құрылыс салуға жер учаскелерiн таңдау және ұсыну (сату) мәселелерi бойынша - құрылыс және басқа объектiлердiң тапсырыс берушiлерi; жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы мәлiметтер алу мәселелерi бойынша - жобалау, зерттеу, ғылыми-зерттеу ұйымдары; мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу, қала құрылысының және басқа да құжаттамаларды әзiрлеу мәселелерi бойынша - сәулет және қала құрылысы органдары; табиғат ресурстарын пайдалануға және қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргiзу, табиғат қорғау шараларын әзiрлеу мәселелерi бойынша қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғаудың мемлекеттiк органдары; жер салығын есептеу мәселесi бойынша - салық қызметi; басқа да заңды және жеке тұлғалар. 📌 ЕСКЕРТУ. 53-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 53-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.
Тармақ 54
54. Мемлекеттiк құпиясы жоқ және кiруге басқа да шектеулерi болмаған Кадастрдың ақпараты кез-келген заңды және жеке тұлғаға ұсынылады. Пайдаланушылар алған Кадастрдың ақпараты сатуға немесе басқа мәмiлелер жасауға жатпайды, бiрақ өндiрiстiк ақпарат құру үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақ 55
55. Кадастрдың ақпаратын пайдалану, қағаз немесе магниттiк тасымалдаушыларда стандартты ресiмделген кадастрлық құжаттармен танысу және (немесе) оны алу нысанында, сондай-ақ техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдану арқылы Кадастр мәлiметтерi банкiсiне тiкелей санкцияландырылған рұқсат арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 56
56. Кадастрдың ақпаратына ену режимiн бұзу немесе анық емес ақпараттарды ұсыну қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершiлiкке апарады.
Тармақ 57
57. Жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалған мәмiлеге құқықтылықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы, немесе мемлекеттiк бақылау функцияларын орындаушы немесе басқа да мемлекеттiк кадастрларды жүргiзудi жүзеге асырушы органдардан басқа кадастрдың ақпараттарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі белгiленген тәртiпке сәйкес деректердi iздеу, өңдеу және жауапты ресiмдеу жөнiндегi шығындарды төлейдi.
Басқа 72. Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 892 қаулысына 1-қосымша 📌 ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен . Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк               |   Код ___________________________________________________________________ Ақмола                                        01 Ақтөбе                                        02 Алматы                                        03 Атырау                                        04 Шығыс Қазақстан                               05 Жамбыл                                        06 Батыс Қазақстан                               08 Қарағанды                                     09 Қызылорда                                     10 Қостанай                                      12 Маңғыстау                                     13 Павлодар                                      14 Солтүстiк Қазақстан                           15 Оңтүстiк Қазақстан                            19 Алматы қаласы                                 20 Астана қаласы                                 21
Басқа 73. Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған әкiмшiлiк аудандар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 892 қаулысына 2-қосымша 📌 ЕСКЕРТУ. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінiң 1998.09.16. N 892 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiрлердi қалыптастыру мақсатына арналған әкiмшiлiк аудандар мен облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға берiлетiн кодтардың ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк               |   Код ___________________________________________________________________ 1                        |           2 ___________________________________________________________________ Ақмола облысы-01 Ақкөл                                        001 Астрахань                                    002 Атбасар                                      003 Сандықтау                                    004 Аршалы                                       005 Ерейментау                                   006 Егiндiкөл                                    007 Қорғалжын                                    008 Бұланды                                      009 Целиноград                                   011 Шортанды                                     012 Ақкөл қаласы                                 014 Атбасар қаласы                               015 Ерейментау қаласы                            016 Макинск қаласы                               017 Степногор қаласы                             018 Шаңтөбе поселкесi                            019 Жарқайың                                     275 Есiл                                         277 Жақсы                                        278 Державин қаласы                              283 Есiл қаласы                                  284 Красногор поселкесi                          285 Еңбекшiлдер                                  172 Зерендi                                      160 Щучье                                        171 Көкшетау қаласы                              174 Заозерный кентi                              173 Степняк қаласы                               176 Щучье қаласы                                 177 Ақтөбе қаласы-02 Алға                                         022 Байғанин                                     023 Әйтеке би                                    024 Ырғыз                                        025 Мұғаджар                                     027 Қарғалы                                      028 Мәртөк                                       029 Темiр                                        031 Ойыл                                         032 Қобда                                        033 Хромтау                                      034 Шалқар                                       035 Ақтөбе қаласы                                036 Алға қаласы                                  037 Қандыағаш қаласы                             038 Темiр қаласы                                 039 Хромтау қаласы                               040 Шалқар қаласы                                041 Ембi қаласы                                  042 Алматы облысы-03 Балқаш                                       043 Еңбекшiқазақ                                 044 Жамбыл                                       045 Iле                                          046 Қарасай                                      047 Райымбек                                     050 Талғар                                       051 Ұйғыр                                        052 Есiк қаласы                                  054 Қапшағай қаласы                              055 Каскелең қаласы                              056 Талғар қаласы                                057 Ақсу                                         254 Алакөл                                       255 Қаратал                                      259 Кербұлақ                                     260 Көксу                                        261 Панфилов                                     262 Сарқанд                                      263 Ескелдi                                      264 Жаркент қаласы                               266 Сарқант қаласы                               267 Талдықорған қаласы                           268 Текелi қаласы                                269 Үштөбе қаласы                                270 Үшарал қаласы                                271 Атырау облысы-04 Жылыой                                       059 Индер                                        060 Исатай                                       061 Қызылқоға                                    062 Құрманғазы                                   063 Мақат                                        064 Махамбет                                     065 Атырау қаласы                                066 Шығыс Қазақстан облысы-05 Глубокий                                     068 Зайсан                                       069 Зырян                                        070 Катонқарағай                                 071 Күршiм                                       072 Лениногор                                    073 Тарбағатай                                   078 Ұлан                                         079 Шемонаиха                                    080 Зайсан қаласы                                081 Зырян қаласы                                 082 Лениногор қаласы                             083 Серебрянск қаласы                            084 Өскемен қаласы                               085 Шемонайха қаласы                             086 Абай                                         236 Аягөз                                        239 Бесқарағай                                   240 Бородулиха                                   241 Жарма                                        243 Көкпектi                                     244 Үржар                                        248 Аягөз қаласы                                 251 Семей қаласы                                 252 Шар қаласы                                   253 Жамбыл облысы-06 Байзақ                                       087 Жамбыл                                       088 Жуалы                                        089 Қордай                                       090 Т. Рысқұлов атындағы                         091 Мерке                                        092 Мойынқұм                                     093 Сарысу                                       094 Талас                                        095 Шу                                           096 Тараз қаласы                                 097 Жаңатас қаласы                               098 Қаратау қаласы                               099 Шу қаласы                                    100 Батыс Қазақстан облысы-08 Бөрiлi                                       114 Жаңақала                                     115 Жәнiбек                                      116 Зеленов                                      118 Қазталовка                                   119 Қаратөбе                                     120 Сырым                                        122 Тасқала                                      124 Теректi                                      125 Бөкейордасы                                  126 Ақжайық                                      127 Шыңғырлау                                    128 Ақсай қаласы                                 129 Орал қаласы                                  130 Чапаев қаласы                                131 Қарағанды облысы-09 Қарқаралы                                    133 Абай                                         134 Нұра                                         136 Осакаровка                                   137 Бұхар-Жырау                                  140 Абай қаласы                                  141 Қарағанды қаласы                             142 Қарқаралы қаласы                             143 Сарань қаласы                                144 Темiртау қаласы                              145 Шахтинск қаласы                              146 Ақтоғай                                      102 Жаңарқа                                      104 Ұлытау                                       106 Шет                                          107 Балхаш қаласы                                108 Жезқазған қаласы                             109 Қаражал қаласы                               110 Приозерск қаласы                             111 Сәтпаев қаласы                               112 Қызылорда облысы-10 Арал                                         147 Жалағаш                                      148 Жаңақорған                                   149 Қазалы                                       150 Қармақшы                                     151 Сырдария                                     153 Шиелi                                        154 Қазалы қаласы                                155 Қызылорда қаласы                             156 Қостанай облысы-12 Алтынсарин                                   178 Жетiғара                                     179 Қамысты                                      180 Қарасу                                       181 Қарабалық                                    182 Қостанай                                     183 Ұзынкөл                                      184 Меңдiқара                                    185 Наурызым                                     186 Денисов                                      187 Әулиекөл                                     188 Таран                                        189 Сарыкөл                                      190 Федоров                                      191 Жетiғара қаласы                              192 Қостанай қаласы                              193 Лисаковск қаласы                             194 Рудный қаласы                                195 Амангелдi                                    272 Жангелдi                                     276 Арқалық қаласы                               282 Маңғыстау облысы-13 Бейнеу                                       196 Қарақия                                      197 Маңғыстау                                    198 Түпқараған                                   199 Ақтау қаласы                                 200 Жаңаөзен қаласы                              201 Форт-Шевченко қаласы                         202 Павлодар облысы-14 Ақтоғай                                      204 Баянауыл                                     205 Железинка                                    206 Ертiс                                        207 Качир                                        208 Лебяжi                                       209 Май                                          210 Павлодар                                     211 Успенск                                      212 Шарбақты                                     213 Ақсу қаласы                                  215 Ертiс қаласы                                 216 Курчатов қаласы                              217 Павлодар қаласы                              218 Екiбастұз қаласы                             219 Солтүстiк Қазақстан облысы-15 Қызылжар                                     220 Мағжан Жұмабаев атындағы                     221 Жамбыл                                       223 Есiл                                         224 Мамлют                                       225 Сергеев                                      228 Совет                                        229 Тимирязев                                    231 Булаево қаласы                               232 Мамлютка қаласы                              233 Петропавл қаласы                             234 Сергеев қаласы                               235 Айыртау                                      157 Уәлиханов                                    162 Тайынша                                      164 Целина                                       165 Ақжар                                        167 Тайынша қаласы                               175 Оңтүстiк Қазақстан облысы-19 Байдыбек                                     286 Арыс                                         287 Мақтаарал                                    288 Қазығұрт                                     289 Ордабасы                                     293 Отырар                                       294 Сайрам                                       295 Сарыағаш                                     296 Созақ                                        297 Төлеби                                       298 Түлкiбас                                     300 Шардара                                      301 Арыс қаласы                                  302 Жетiсай қаласы                               303 Кентау қаласы                                304 Ленгiр қаласы                                305 Сарыағаш қаласы                              306 Түркiстан қаласы                             307 Шардара қаласы                               308 Шымкент қаласы                               309 Алматы қаласы-20 Алмалы                                       311 Әуезов                                       312 Бостандық                                    313 Жетiсу                                       314 Медеу                                        315 Түрксiб                                      317 Астана қаласы-21 "Алматы"                                     318 "Сарыарқа"                                   319