Қолданыстағы ред. 23.03.2007

Тасқынға қарсы іс шаралар өткізу туралы от 23.03.2007 г. № 128 (Тасқынға қарсы іс шаралар өткізу туралы)

0

Тасқынға қарсы
іс шаралар өткізу туралы
Аудан аумағындағы Қарауыл, Шаған, Ащысу, Қарашоқы өзендерінің ағынды су аймағында және олардың жылғаларындағы, таулардағы қардың қарқынды еруі өзендердегі су деңгейінің күрт көтерілуін туғызуы ықтимал.
Шара қолданбаған жағдайда, елді мекендер, ауылшаруашылығын жүрғізуші субьектінің кешендері мен әлеуметтік және мэдени-тұрмыстық белгідегі обьектілер, жолдар, көпірлер қауіпті жағдайда қалуы мүмкін.
«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 Заңының 13 бабы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28 ақпан 2007 жылғы № 41 қаулысының неғізінде және көктемгі су тасқынынаы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аудап экономикасына зиян келудің алдын алу мақсатында
аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Су тасқынына қарсы 2007 жылға арналған іс-шаралар бекітілсін. (қосымша). Осы шараларды орындау ауыл әкімдерінен, ауданның ауылшаруашылығы бөлімінен (Лдибаев Е.), ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен (Рахимов Б.), «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіғіен (Битенов Т., өз келісімімен), «Қазселден қорғау» мекемесінің аудандық өкілі (Мұқашқызы М., өз келісімімен), аудандық метеорология станциясының (Бекежанова Р., өз келісімімен) басшыларынан сұралсын.

2

2. Ауыл әкімдері, ауданның ауылшаруашылығы бөлімінен (Лдибаев Е.) ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен (Рахимов Б.), «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (Битенов Т., өз келісімімен), «Қазселден қорғау» мекемесінің аудандық өкілі (Мұқашқызы М., өз келісімімен), аудандық метеорология станциясының (Бекежанова Р., өз келісімімен) бастықтары обьектілер мен елді мекендер үшін тасқын болуы ықтимал қауіпті аймақгардағы жағдайды тұрақты түрде бақылауды ұйьімдастыру сұралсын. Қалыптасқан жағдайды бағалау, оның
дамуын болжау және алдын ала ескерту шараларын қолдану мақсатында аудан әкімі аппаратына апта сайын баяндап тұрсын.

3

3. Ауыл әкімдері тасқын жағдайы туралы ақпарат алудың айқын схемасын белгілесін, су тасқыны кезеңінде жағдайға жедел басшылық жасау төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасарының басшылық етуімен жұмысшы топтарын құрсын, олардың дербес құрамы, тұрақты болатын орнын белгілесін, кезекші көлік бөлінсіғі. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген аудандық бюджеттін қаражаты есебінен әрбір ауылда жанар жағар май қорлары жасалсын. Қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен аудан әкімі аппаратында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылсын, ақпарат күн сайын төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға беріліп тұрсын. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген аудандық бюджеттін қаражаты есебінен жағалауларды бекіту және дамбаларды тазарту жұмыстарын орындау, темір-бетон конструкцияларын және басқа материалдар қажет болатын жерлерге дер кезінде жеткізіліп, қорлар жасау жөнінде шаралар қолданылсын, карьерлер, көлік және тиеу техникалары 20 наурыз 2007 жылға дейін дайындалсын.

4

4. Ауыл әкімдері, аудандық электр жүйесі мекемері (Слямбеков Т., өз келісімімен), электр берілістері желілерінің бағандары мен трансформаторлық подстанциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін аудан әкімі аппаратына 2007 жылдың 9 сәуір айына дейін тапсырылуы сұралсын.

5

5. «Дерикар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен (Битенов Т., өз келісімімен), ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көліғі және автомобиль жолдары бөлімінен (Рахимов Б.), жергілікті маңызы бар жолдардағы су өткізгіштердің, көпірлердің, автомобиль жолдарының жағдайың зерттеуін және қар суының көпірлер,өткізгіш құрылғылар арқылы бөгетсіз өтуі қамтамасыз етілуін және осы себептерге байланысты жолдар бойынша қозғалыстың үзілуіне жол бермеулерін жүзеге асыру сұралсын.

6

6. Аудандық орталық емхананың бас дәрігері (Битенова Қ., өз келісімімен), зардап шеккен аудан тұрғындарына алғашкы жәрдем корсету үшін дәрі-дәрмек қорын құрсын, төтенше жағдайлар болған орынға дәрігерлік қызметшілер қажет болған жағдайда жеткізуді, зардап шеккендерді көшіруді қамтамасыз етсін.

7

7. Қарауыл ауылдық округі әкімі ( Есімжанов Т.), «Риза» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры (Байжүманов М), ауыл көшелеріндегі су өткізгіш құрылғылардың тазалануы мен су келуі ықтимал жерлердегі топырақ үйінділерін қалпына келтіруді ұйымдастырсын.

8

8. Аудандық № 49 өрт сөндіру мекемесі (Ризин Қ., өз келісімімен) тасқын ағысы басталған кезде барлау, құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дайын тұруды қамтамасыз етсін.

9

9. «Қазақтелеком» ААҚ аудандық бөлімшесі (Мамырбаева Қ., өз келісімімен) тасқын қаупі туатын аймақтағы елді мекендермен тұрақты телефон байланысын орнатуды және тасқын басталысымен ауылдық округтермен тәулік
бойы «Кезекшілік қабылдау режимінде» тұрақты радио байланысын орнатуы
сұралсын.

10

10. Аудандық аумақтық инспекция (Абеуов С., өз келісімімен) жұқпалы
аурулардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруы сұралсын.

11

11. Тасқынға қарсы шараларға же дел басшылық жасау және осы қаулының
орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар
жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Н.Жүнісжановқа жүктелсін.

12

12. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 967 санды «Тасқынға
қарсы іс шаралар туралы» (мемлекеттік тіркеу № 5-5-27 10 мамыр 2006 жылы,
Абай елі газетінде № 2(002) 15-30 қыркүйек 2006 жылы жарияланған) тіркелген
қаулысының күші жойылды деп танылсын.

13

13. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізіледі.

14. Тасқынға қарсы іс шара

Аудан әкімдігінің
2007 жылы 23 наурыздағы
№128 қаулысына қосымша
Тасқынға қарсы іс шара
Аудан әкімі аппаратының басшысы
М Белібаев