Об утверждении Правил оказания жилищной помощи Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін көрсету ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 6 бабы 1 тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-І «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Бұрын қабылданған Қарабалық аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 мамырдағы № 111 «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін табысы аз отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 1636 аудандық «Айна» газетінде 2002 жылы 26 шілдеде № 30 жарияланды, 2003 жылғы 7 қарашадағы № 10 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 мамырдағы № 111 «Тұрғын үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін табысы аз отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 2592, аудандық «Айна» газетінде 2003 жылы 5 желтоқсанда № 50 жарияланды, 2004 жылғы 5 қазандағы № 65 «Қарабалық аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 мамырдағы № 111 «Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлем жасау үшін отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 3204 аудандық «Айна» газетінде 2004 жылы 11 қарашада № 47 жарияланды, шешімдерінің күштері жойылды деп саналсын.
Тармақ 3
3. Бұрын қабылданған мәслихаттың 2007 жылғы 1 наурыздағы № 297 «Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткесін іс-қимылға енеді.
Басқа 5. Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Мәслихаттың 2007 жылғы 30 наурыздағы № 308 шешіміне қосымша Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) «Қарабалык ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бүдан әрі - уәкілетті орган) арқылы төленетін тұрғын үй жәрдемақысы ретінде тұрғын жайды ұстауға коммуналдық қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар табысы аз санатынан, Қарабалық ауданының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін шығындар шегіндегі үлесі отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісі жиырма пайыздан асатын пәтер иелері немесе пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын отбасылар (азаматтар).
Тармақ 3
3. Жеке меншігінде біреуден артық үй-жайы бар немесе түрғын үй-жайын жалға тапсырушы (жалға) отбасылар (азаматтарға), тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
Тармақ 4
4. Егер отбасында еңбекке қабілеті бар адам бола тұра, жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында болмаған және жұмыссыз ретінде уәкілетті органында тіркелмеген тұлғалар болса, отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ. Ескерту ретінде мынаны құрайды:
Тармақша 1
1) мүгедектерге (негіздеме - медициналық қорытындысы) күтімді жүзеге асыратын тұлғалар, үшінші топтағы мүгедек бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар;
Тармақша 2
2) медициналық көрсеткіштер бойынша жеті жасқа дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 3
3) үш жасқа дейінгі балалары бар аналар, және жаңа туған балаларды асырап алған Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 493-І "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңына сәйкес баланы күту бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысты ресімдеген әйел (ер кісі) немесе үш жасқа дейінгі балаларды күту бойынша олардың орнын ауыстыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) туберкулез диспансерінде стационарлық немесе амбулаториялық емдеуде ұзақ уақыт болған тұлғалар;
Тармақша 5
5) босқын мәртебесі бар тұлғалар; шетел азаматтары; азаматтығы жоқ тұлғалар және Қазақстан Республикасындағы үнемі тұратын тұлғалар;
Тармақша 6
6) үш жасқа дейінгі балалары бар және жұмыс істемеген, бала туғанға дейін уәкілетті органында есепте тұрмаған әйелдер.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу кезінде есепке көлем мөлшері қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының бір мүшесіне - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр отбасына;
Тармақша 2
2) жалғыз басты тұратын азаматтарға - пайдалы алаңы шегінде. Жәрдемақы тағайындау объектісі мөлшер көлем шегіндегі тұрғын үй жайын отбасы пайдаланатын және ауданның коммуналдық кәсіпорындарымен, пәтер меншіктері кооперативтері ұсынылатын нақты коммуналдық шығындары және электрондық түрде телефон үшін абоненттік ақы көтеріңкі сомасы табылады; жылу; ыстық су, бір адам басына норма бойынша; суық су, бір адам басына норма бойынша; канализация, бір адам басына норма бойынша; электр қуаты бір адам басына кемінде 50 киловатт; табиғи газды пайдалану кезінде бір адам басына норма бойынша және кемінде 6, 7 килограмм бір адам басына газ балонын пайдалану кезінде; телефон үшін абоненттік ақы бекітілген төлем тарифының көтеріңкі сомасы мөлшерінде. Аталмыш ережелермен белгіленген мөлшерден тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну ақы төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. 9700 теңгеден аспайтын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында үй-жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жіберілетін шығындар шегіндегі мөлшер 22 пайыз көлемінде қабылданады.
Тармақ 7
7. Құрметті азаматтарына осы Ереженің 5-тармақта көрсетілген, көлем мөлшерін ескере отырып, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сомасы толығымен орнын толтырады.
Тармақ 8
8. Өкілетті органдардың шешімі бойынша, отбасының біреуі баланың қорғаншысы болып табылатын, отбасыларына ата-анасының табысын есептемей жиынтық кірісті есептеп шығарылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін уәкілетті органына азаматтардың өтініш беру тәртібі
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін уәкілетті органына азаматтардың өтініш беру тәртібі
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін талапкер уәкілетті органына мына құжаттарды ұсынуға тиіс: тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш (осы Ережеге қосымша); жұмыс істеуші азаматтар - өткен тоқсанғы жалақысы туралы анықтаманы; неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, немесе некені бұзу туралы соттың шешімі; жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы анықтаманы, жылына бір рет; жеке куәлігінің көшірмесі; азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғындар есебінің қітабы; зейнетақы куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 10
10. Тұлғаларға, тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін, уәкілетті органына мыналар ұсынылады: уәкілетті органымен - жұмыссыз ретінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтер және материалдық көмек корсетілген сомалар; «Қарабалық ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесімен - бірінші, екінші топтағы мүгедектер, сексеннен асқан және денсаулық жағдайы туралы дәрігердің қорытындысы бар зейнеткерлерге жылжымайтын мүлік болуы туралы мәліметтер; «Қарабалық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен - аз қамтылған отбасылардың оқушыларына және мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету туралы мәліметтер; ауданның коммуналдық қызметтері, пәтер меншіктері кооперативтері - төленген коммуналдық төлемдер, эксплуатациялық шығындар туралы мәліметтер - ай сайын.
Тармақ 11
11. Азаматтар түрғын - үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішпен уәкілетті органына тоқсан сайын өтініш жолдайды. Себепсіз жағдайлармен тоқсан ішінде қайта тіркелмеген тұлғалар, тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықты жоғалтады. Түрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде отбасы құрамындағы өзгерту туралы онкүндік мерзімінде хабар бермеген тұлғаларға тоқтатылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
Тармақ 12
12. Тұрғын-үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы қабылданады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысы толығымен ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан арыз тоқсан ішінде қабылданады.
Тармақ 14
14. Бірінші рет өтініш еткен азаматтарға өтініш еткен айдан бастап тұрғын үй жәрдемакысы тағайындалады, басқа жерден көшіп келген он сегіз жастан асқан тұлғаларға бұрынгы орнынан тұргын үй жоқтығы туралы мәлімет беруге тиіс.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері осы Ереженің 5-тармағымен белгіленген аудан мөлшері шекті және осы мақсатқа Ереженің 7, 8-тармақтарында көзделген аталмыш отбасының табыстың мүмкін болатын деңгейі шекті тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысы есептелгенде отбасының (азаматтардың) шаруашылық және саяжай учаскесінің табыстары алынбайды.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде қабылданатын табыстар туралы жорта күмән келтіретін ақпарат берген жағдайда, өтініш беруші күнтізбе жылының ішінде жәрдемақы алу құқығын жоғалтады. Артық төленген сомалар ерікті жолымен, бас тарту жағдайында – сот тәртібімен қайтарылады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
Тармақ 18
18. Уәкілетті орган тұргын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесін құрады.
Тармақ 19
19. «Қарабалық ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төленген тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесінде көрсетілген сомада уәқілетті органын қаржыландырады.
Тармақ 20
20. Уәкілетті орган жәрдемақы алушылардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомалары коммуналдық кәсіпорны және пәтер меншіктері кооперативтері шотына аударылады.
Тармақ 21
21. Коммуналдық және пайдаланушы қызмет көрсетулердің жеткізушілері түскен соманы жәрдемақы алушының жеке шоттарына аударады. Аббревиатураның талдамасы: АМ - аудандық мәслихат; ЖҚжӘББ - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; ЭжБЖБ - экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі; ҚБ - қаржы бөлімі; ББ - білім бөлімі; ӘБ - әділет басқармасы.