Об объявлении территории Есенкольского сельского округа благополучной по туберкулезу крупного рогатого скота Қолданыста
Басқа 0
Ірі мүйізді малдың туберкулезі бойынша Есенкөл селолық округінің аймағын аман-есен деп хабарландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 18) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2 тармағы, 10 тармақшасының негізінде, «Малдармен кұстардың туберкулезінің алдын алу және жою шараларын жүзеге асырудың ветеринарлық ережесіне» сәйкес, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 3 қарашадағы № 626 ауыл шаруашылық Министірінің бұйрығымен бекітілген, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік ветеринарлық аудан бас инспекторы А.Ш. Жаукинның ұсынысын қарастырып, ірі мүйізді малдың туберкулезі бойынша, Есенкөл селолық округ аймағынан бұрын аңықталған шектері шешілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) жоғарыда көрсетілген округ аймағында ауыл шаруашылық малдардың туберкулезін алдын алу бойынша, жұмысы созылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ш.Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.