О переименовании некоторых сельских населенных пунктов Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Облыстағы кейбір ауылдық елді мекендердің атауларын өзгерту туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына және "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 1-5 қорытындысын есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысының атауы өзгертуге жататын кейбір ауылдық елді мекендерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Сырым ауданы бойынша:
Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 30 наурыздағы
№ 36-8 шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысының
атауы өзгертуге жататын кейбір
ауылдық елді мекендерінің
тізбесі
Сырым ауданы бойынша:
- Сарой ауылдық округінің "Коминтерн" ауылы "Шағырлой" ауылы
Казталовка ауданы бойынша:
- Талдыапан ауылдық округінің "Никонор" ауылы "Қосаба" ауылы болып
Шыңғырлау ауданы бойынша:
- Алмазов ауылдық округінің "Константиновка" ауылы "Аққұдық" ауылы болып
- Алмазов ауылдық округінің "Лебедевка" ауылы "Сегізсай" ауылы болып
- Қарағаш ауылдық округінің "Новопетровка" ауылы "Қарағаш" ауылы болып
- Белогор ауылдық округінің "Марксизм" ауылы "Торыатбас" ауылы болып өзгертілсін.