Об упразднении села Рожково Январцевского сельского округа Зеленовского района Западно-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Январцев ауылдық округінің Рожков ауылын тарату туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Зеленов ауданы мәслихаты мен әкімдігінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 28-8 "Январцев ауылдық округінің Рожков ауылын тарату туралы" бірлескен шешімі және әкімдігінің 2006 жылғы 18 қыркүйектегі № 371 қаулысы негізінде облыстық мәслихат пен әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындарының көшірілуіне байланысты Зеленов ауданы Январцев ауылдық округінің Рожков ауылы таратылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.