Об утверждении Правил содержания сельскохозяйственных животных и птиц в населенных пунктах Осакаровского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Осакаров ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын ұстау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 және 10 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Осакаров ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын ұстау Қағидасы» бекітілсін (Қоса тіркелген).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік – экономикалық даму және бюджеттік саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3. Осакаров ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын ұстау Қағидасы
3. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді. Осакаров ауданының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын ұстау Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Осакаров ауданы аумағында ауыл шаруашылық жануарларын және құстарын ұстауды белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардың осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағида Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын ұстайтын, меншік түріне және мекемелік бағынуына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарды қоса алғанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңына сәйкес сәйкес әзірленген.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын ұстау
2. Ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарын ұстау
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылық жануарлары және құстары аулада көршілерге кедергі келтірмейтін арнайы бөлінген және бейімделген жайларда ұсталуы тиіс.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылық жануарлары және құстарының иелері оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық – санитарлық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға міндетті.
Тармақ 7
7. Мал тұратын жайлар тоқсан сайын әктеліп, жылына кем дегенде бір рет залалсыздандырады. Қилар, жем-шөп қалдықтары, қоқыстар арнайы бөлінген орындарға уақытында төгіліп тұрады.
Тармақ 8
8. Ауданның елді мекендердің жерінде кент немесе селолық округ әкімдерінің белгілеген шекаралық аумақтарында ғана жануарлар бағылады.
Тармақ 9
9. Жануарлар барлық тексеруден өткен, малшыға, қойшыға ветеринарлық төлқұжатын көрсеткен жағдайда ғана табынға, отарға қоса алады.
Тармақ 10
10. тыйым салынады:
Тармақша 1
1) мал бағу үшін бекітілген орындарды қоспағанда, көшелерде, алаңдарда, скверлерде, бақтарда және басқа қоғамдық пайдалану орындарда малды жаюға;
Тармақша 2
2) аудандық елді мекендерді және соған қатысты ашық алаңдарды малдың нәжісімен және басқа датүрлі қоқыстармен ластауға;
Тармақша 3
3) қараусыз жүрген малды қоғамдық орындарда тапқан жағдайда, олараудан әкімі анықтаған жерге қамауға алынады;
Тармақша 4
4) белгіленбеген аумақтарда малды бағуға;
Тарау 3. 3. Мал және құс ұстауға қойылатын талаптар
3. Мал және құс ұстауға қойылатын талаптар
Тармақ 11
11. Жануарлар иелері міндетті:
Тармақша 1
1) мемлекеттік ветеринарлық мекемелер мамандары телап еткен мерзімінде жануарларды тексеріске алып келуге, диагностикалық бақылаудан және емдеу-алдын-алу өңдеуін жүргізуге;
Тармақша 2
2) жануарды сатып алған, жоғалып (өлген) немесе із түссіз жоғалуы туралы тұрғылықты жердегі мемлекеттік ветеринарлық қызмет органдарына хабарлауға;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны малдың қоқысымен бүлдіруге жол бермес үшін, зоотехникалық және ветеринарлық – санитарлық талаптарды сақтауға;
Тармақша 4
4) жануарды сату, әкелу, әкету үшін белгіленген үлгі бойынша ветеринарлық куәлік ресімделген жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тармақша 5
5) жануарлар өлекселерін кез-келген жерге тастамау, жануарлар өлекселері жойылуы тиіс.
Тармақ 12
12. Жануарлардың иелері паразитті наскомдар мен кемірушілердің пайда болуын болдырмау шараларын абылдауға, жануарлар мен құстарды қараусыз қалдырмауға міндетті.
Тарау 4. 4. Жануарлар иесінің құқығы
4. Жануарлар иесінің құқығы
Тармақ 13
13. Кез-келген жануар, жануар иесінің жеке меншігі болып табылады және басқа да жеке меншік сияқты заңмен қорғалады.
Тарау 5. 5. Жануарлар иелерінің Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершіліктері.
5. Жануарлар иелерінің Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершіліктері.
Тармақ 14
14. Осы Қағиданы бұзған кінәлі жеке заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 310 бабына және Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жауапқа тартылады. Ветеринария туралы заңнамаларды бұзғаны үшін, мұндай бұзушылықтарға мыналар жатады: ауру жануарларды жою жөніндегі міндетті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізуден бас тарту; ауру жануарларды тарату; жануарларды өсіру кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтамау; ветеринария шеңберіндегі басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сонымен қатар жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың эпиззотиямен күресу мәселелері бойынша қабылдаған шешімдерін бұзғаны үшін азаматтарға және лауазымды тұлғаларға зағнамаға сәйкес айыппұл салынады.
Тармақ 15
15. Осы Қағиданың орындалуын қадвғалау Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша тиісті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен іске асырылады.