О переименовании некоторых улиц города Аркалыка Қолданыста
Басқа 0
Арқалық қаласының кейбір көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес және Арқалық қаласы ономастикалық комиссиясының шешімі негізінде Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШЕДІ және Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қаланың мына көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Тармақша 1
1) Солнечная көшесінің атауы Нұрғали және Нәзипа Құлжановтар көшесіне;
Тармақша 2
2) Пригородная көшесінің атауы Көкембайұлы Кейкі батыр кошесіне.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 3
З. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.