Тұщықұдық селолық округі Чапаев селосы бойынша ауыл шаруащылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы Қолданыста
Басқа 0
Тұщықұдық селолық округі Чапаев селосы бойынша ауыл шаруащылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339- II «Ветеринария туралы» Заңанаң 10 бабының 2 тармағына және 27- бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабына және Исатай аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық испекторының 2007 жылғы 15 наурыздағы № 59 ұсынысыеа сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұщықұдық селолық округі Чапаев селосының Х. Дайырова, Х. Пазылов, Егемен Қазақстан, О. Нағиев және Абай көшесі тұргындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуаннаттары арасында екі ай мерзімге карантиндік шектеу қойылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі (К. Құрасов – келісім бойынша) ауданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына (ит, мысық) «құтыру» ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізілуін бақылауға алып отыру жүктелсін.
Тармақ 3
3. Аудандық орталық емханаға (М. Жамалова – келісім бойынша), аудандық санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Г. Елеубаева – келісім бойынша) Чапаев селосының Х. Дайырова, Х. Пазылов, Егемен қазақстан, О.Нағиев және Абай көшесі тұрғындарын дәрігерлік байқаудан өткізіп, сақтандыру шарасын алу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Тұщықұдық селолық округіне (М. Насиханов) аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін барлық бұралқы ит, мысықтарды жоюдың барлық шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Қаулы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Өтеғалиевқа жүктелсін.
Аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
Қ.Құрасов 13.03.2007ж.
Аудандық емхананың
бас дәрігері М. Жамалова
19.03.2007ж.
Аудандық санитарлық-
эпидимиологиялық
басқарма бастығы
Г. Елеубаева 19.03.2007ж.