Об утверждении Правил содержания сельскохозяйственных животных на территории города Приозерска Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Приозерс қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Қағидасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Кодексінің 310 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»? Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңында сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Приозерс қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарлардын ұстау Қағидасы бекітіслін (қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттәң тқрақты комиссияларына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы _____________ А.Исатаев 2 сәуір 2007 жыл ҚР АШМ Приозерск қалалық аумақтық инспекциясының бастығы _____________ Б.Сәрсембеков 2 сәуір 2007 жыл Жер қатынастары бөлімінің бастығы _____________ С.Бұқпантаев 2 сәуір 2007 жыл Приозерск қаласының санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау Департаменті филиалының басшысы _____________ Л.Батанаева 2 сәуір 2007 жыл
Басқа 4. Приозерск қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Қағидасы
Қалалық Мәслихаттың 2007 жылғы 3 сәуірдегу № 229/38 шешімімен бекітілсін Приозерск қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Приозерск қаласының аумағында уаыл шаруашылығы жануарлардың, ұстаудың тәрбібін белгілеу мақсатында әзірленіп, жеке және заңды тұлғалардың осы Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейлі. Қазақстан Республикасының2002 жылғы 10 шелдедегі «Ветеринария туралы» Заңның 26 бабына жеке және заңды тұлғаларға міндетті түрде орындау ушін ветеринариялық іс шараларды жүргізудің және ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін аңықтайды.
Тармақ 2
2. Қағида меншік насынына қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексіне және «Агроөнеркәсіптік кешенді және аграрлық аумақтарды даматуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес әзірсенген.
Тарау 2. 2. Приозерск қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау
2. Приозерск қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау
Тармақ 4
4. Қала тұрғындарына үй жануарларын, қояндарды және үй құстарын үй телімдерінде жер телімдерінде ветеринариялы-санитарлық нормаларға сай арнайы қамау орындарда асырауға рұқмат етілді.
Тармақ 5
5. Меншік иелері ауыл шаруашылық жануарларының түрлеріне қарамастан оларды Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы бөліміне тіркеуге міндетті (мекен жай: Фрунзе, 7 көшесі). Жануарды алған кезден бастап бір апталық мерзімде тіркеуге тиісті.
Тармақ 6
6. Үй жануарларын және үй құстарын асырайтын орындардың орналасуы емдеу мекемелері, мектеп, парк, сауда орындары, көп қабатты тұрғын үйлердің, демалу орныдары, су қоймаларынаң, Балқаш көлінің санитарлық аймағынан санитариялыөгигиеналық, ветеринарлық нормалармен қағидаларға сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Жануарлар иелері жүргізетін ұйымдастыру шаруашылық шаралары:
Тармақша 1
1) ветеринариялық инспекторлардың талабы бойынша малды;
Тармақша 2
2) ветеринариялық мамандарға ветеринариялық іс-шаралары орындауға қолайлы жағдай жасау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлемдер, олардың сойылған мен сатылғаны туралы хабарлау;
Тармақша 4
4) мар крраларында және ауларында тұрақты механикалық тазарту жүргізу, көңді зарарсыздандыруға үю;
Тармақша 5
5) барлық малдарды паспортизациялау және үйлестіру;
Тармақша 6
6) табынды, отарды, топты инфекциялық аурулардан таза аумақтық малдармен толықтыру;
Тармақша 7
7) жаңадан әкіленген малдарды диагностикалық зерттеулер және ветеринариялық емдеу жүргізу мақсатында 30 күн бойын оқшаулап ұстау;
Тармақша 8
8) мал азығын малдың инфекциялық ауруларынан таза аумақтарды дайындау;
Тармақша 9
9) асхана және қасапхана қалдықтарын термикалық зарарсыздандыру;
Тармақша 10
10) ветеринариялық мамандарға өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына жәрдем көрсетуге;
Тармақша 11
11) қолайлы және қолайсыз аумақ малдары арасындағы қатынысты болдымау.
Тармақ 8
8. Мал иелері орындайтын ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар.
Тармақша 1
1) малды орналастыруда, азықтандыруды және пайдалануды ветеринариялық санитарлық ережелерді орындау.
Тармақша 2
2) мал жайылымдарын және суаттарын қалыпты ветеринариялық-санитарлық жағдайда ұстау;
Тармақша 3
3) көңді және өліксені уақытында зарарсыздандыру;
Тармақша 4
4) мал қораларына ретті профилактикалық дезинфекция (микроорганиздерді жою), дератизация (тышқандарды жою), дезинфекция (зиянды бунақ денелерді жою), дезакаризация (кенелерді жою), жүргізу;
Тармақша 5
5) мал фермаларын, қораларын дезинфекциялық тосқауылдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) мал шаруашылығы объектілерінің аумаұқтарын қоршау.
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің міндеттерді:
Тармақша 1
1) меншік иелері белгіленген уақытында тұрғылықты жеріндгі ветеринарлық емдеу мекемесіне тексеруге және құтырғанға, індетке қарсы ветеринарлық емдеу мекеміне тексеруге және құтырғанға, індетке қарсы етіруге, қарамағындағы ұстайтын үй жануарларын бірдейлендіруге (сырғалатуға) және паспорт алуға, оқшалау режимін сақтауға, жұқпалы аурларды жою іс-шараларын ветеринарлық Заңыһның талабына сай өткізуге;
Тармақша 2
2) өлген жануарлардың өлекселерін ке-келген жерге тастамай, мал қорымдарына жеткізуге;
Тармақша 3
3) бірнеше жануарлар кенеттен өлген, бір мегілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөніндегішаралар қолдануға;
Тармақша 4
4) союдың алдында ветеринарлық тексеру жүрпзбей жануарларды өткізу үшін союға және сойылғаннан кейін ұшалары мен мүшелеріне ветеринариялық-санитарлық сараптама жасамай еткізуге жол бермеуге;
Тармақша 5
5) малдың көнін, өлексесін және ауру малдың басқа да калдықтарын зарарсыздандыру;
Тармақ 10
10. Жеке және заңды тұлғаларға тиым салынады:
Тармақша 1
1) міндетті ветеринарлық-санитарлық шаралардың орындалуына және еөкізу уақытында бұзуға;
Тармақша 2
2) карантин және шектеу шараларының талаптарын сақтамауға;
Тармақша 3
3) ауру жануарларды жою жөніндегі ветеринариялық-санитарлық шаралардың уақытын толық орындамауына;
Тармақша 4
4) ауру жануарларды союға, сатуға;
Тармақша 5
5) жануарларды ұстау кезінде ветеринариялық-санитарлық ережелерді сақтамауға;
Тармақша 6
6) республика аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының енуінен қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер талаптарын орындамауға;
Тармақша 7
7) жануарларды тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитарлық ережелерді бұлуға;
Тармақша 8
8) ветеринарлық қадағалау жататын мал өмһнімдерін өндеумен, сақтаумен, сатумен айналысатын мекемелерде, қоймаларда, ветеринариялық-санитарлық ережелерін талаптарын орындамауға;
Тармақша 9
9) үй және ауыл шаруашылық жануарларын қала аумағында, бау-бақшалық телімдерде жоюға;
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылық жануарларынын бірдейлендіруді өткізуден бас тартуға;
Тармақша 11
11) Балқаш көлінің санитарлық аумағында ұсақ малдар және ірі қара, жылқы, түйе малдарын бағуға және сауруға («Тюльпан» қонақ үйінен бұрынғы «темір-бетон бұйымдары» зауытына дейін);
Тармақ 11
11. Ветеринарлық мамандар орындайтын арнайы іс-шаралары:
Тармақша 1
1) малдарға жыл сайын клиникалық тексеріс жүргізу;
Тармақша 2
2) малдарға ветеринарлық алдын-алу иммундеуі және емдеу алдын-алу жұмыстарын жүргіу;
Тармақша 3
3) малдарға жоспарлы диагностикалық зеттеулер жүргізу.
Тарау 3. 3. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
3. Осы Қағиданы бұзғандығы үшін жауапкершілік
Тармақ 12
12. Осы Қағиданы бұзу жағдайы анықталғанда жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзышылық туралы» Кодексінің 310 баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.