Көздіғара ауылдық округінің көлеміндегі «Шыңкүміс» қыстағандағы аула қораға қой малы арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көздіғара ауылдық округінің көлеміндегі «Шыңкүміс» қыстағандағы аула қораға қой малы арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу белгілеу туралы Көздіғара ауылдық округінің аумағындағы «Шыңкүміс» қыстағында малын бағып отырған «Әділ» шаруа қожалығындағы қой малдары арасынан іш тастаған қойдан жіберілген сынамадан (түсік) бруцеллез ауруының қоздырғышы табылуына байланысты аудандық бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2007 жылғы 1 наурыздағы №72 ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9 тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Іш тастаған қойдан жіберілген сынамадан (түсік) бруцеллез ауруының қоздырғышы табылуына байланысты Көздіғара ауылдық округінің көлеміндегі «Шыңкүміс» қыстағындағы аула-қораға індет ошағы ретінде шектеу белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аурудың алдын-алу және ауру ошағын жою үшін індетке қарсы төтенше комиссия құрылып, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабының 2 тармағында көрсетілген іс-шаралар ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық аумақтық инспекциясына (Ж.Ибрашев-келісім бойынша) індет ошағында мал иелерімен, мүдделі мекемелермен бірлесіп, бруцеллез ауруына қарсы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринарлық-санитариялық және арнайы іс-шараларды жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі №407 қаулысына сәйкесті, тиісті жұмыстарды жедел ұйымдастыру жүктелсін.
Тармақ 4
4. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (С.Дәудетқалиева-келісім бойынша), аудандық емханаға (С.Тайшыбай-келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізу, сақтандыру, алдын-алу жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Шектеу белгіленген аумақтан мал мен мал өнімдерін, жем-шөп, шикізаттар шығаруға, алып келуге тиым салынсын және аталған шараларды алу аудандық ішкі істер бөлімі мен оның бөлімшелеріне (С.жапақов) тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Дүзбаевқа міндеттелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2007 жылғы 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Келісемін: аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы 4 сәуір 2007 ж С.Жапақов аудандық аумақтық инспекция бастығы 4 сәуір 2007 ж Ж.Ибрашев аудандық санитариялық-ветеринариялық қадағалау басқармасының міндетін атқарушы 4 сәуір 2007 ж С.Дәулетқалиева аудандық орталық емхана бас дәрігері 4 сәуір 2007 ж С.Тайшыбай