Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о безвозмездной военной помощи Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 26 қазанда Анкара қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісім
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек туралы келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі (бұдан   әрі - Тараптар), ұзақ уақыттан бері орын алып келе жатқан достық өзара қарым-қатынасты күшейтуге ниет білдіре отырып, 1993 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді және 1994 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ғылым, техника мен   білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап Түрік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне АҚШ долларына баламада 1020000 (бір миллион жиырма мың) түрік лирі сомасында өтеусіз әскери көмек береді. Өтеусіз әскери көмекті беру 2006 жылы, осы келісім күшіне енгеннен кейін басталады.
Бап 2. 2-бап
2-бап АҚШ долларына баламада 1020000 (бір миллион жиырма мың) түрік лирі сомасындағы өтеусіз әскери көмек Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық көмек және қызметтер түрінде берілетін болады.
Бап 3. 3-бап
3-бап АҚШ долларына баламада 1020000 (бір миллион жиырма мың) түрік лирі сомасындағы өтеусіз әскери көмек осы келісімге сәйкес екі елдің құзыретті органдары жасасатын атқару хаттамасына сәйкес іске асырылатын болады.
Бап 4. 4-бап
4-бап Қазақстан Тарабы түрік Тарабының алдын ала келісімін алмай-ақ түрік Тарабынан алынған материалдар мен қызметтерді немесе оларды пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермеуге келісті.
Бап 5. 5-бап
5-бап Осы келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы келісім өз әрекетін осы Келісімнің 3-бабында көрсетілген атқару хаттамасына сәйкес ұсынылған материалдық көмекті және қызметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне толық берген сәтінен бастап тоқтатады. Осы келісімді Тараптардың мынадай құзыретті органдары іске асыратын болады: қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі; түрік Тарабынан - Түрік Республикасының Бас штабы. Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген қайшылықтар келіссөздер және консультациялар жолымен шешілетін болады. 2006 жылғы 26 қазанда Анкара қаласында әрқайсысы қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндерінің күші бірдей. Осы келісімнің ережелерін түсіндіруде қайшылықтар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін