Об изменениях базовых ставок земельного налога Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер салығы базалық ставкаларының өзгерістері туралы Жергілікті бюджеттің табыс бөлігін ұлгайту мақсатында және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 338-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес өткізілген жерді аймақтарға бөлу жобалары негізінде Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Елді мекендердің жерлеріне (үй жер учаскелері болған кезде қоспағанда) жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға көтерілсін.
Тармақ 2
2. Салық комитеті жер салығын көтерілген базалық ставкалардың негізінде осы шешімге сәйкес есептеу жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасу ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Шоқметов Ғалымбек Қабдешұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланган күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.