Об утверждении Правил создания, ведения и использования Национальных реестров идентификационных номеров Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Басқа 3. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 343 қаулысымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі
Тарау 4. Жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасында сәйкестендіру нөмірлерін енгізу негізінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді тіркеудің және есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.
Тарау 6. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - БСН) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізген кезде ақпараттық жүйелердің негізінде құрылады.
Тармақ 3
3. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі мен дербес деректерді қамтамасыз ету мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері кіріктірілген және тіркеу-өндірістік деген бөліктерге бөлінген.
Тармақ 4
4. Ақпараттық жүйенің тіркеу-өндірістік бөлігінде құжаттарды беру туралы өтініштерде қамтылған деректердің негізінде ЖСН қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 5
5. Ақпараттық жүйенің кіріктірілген бөлігі мынадай міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына өзекті сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау;
Тармақша 2
2) ақпараттық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгінуі кезінде рәсімдерді жеделдету және оңайлату арқылы жетілдіру.
Тармақ 6
6. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі БСН беру жолымен заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік (есептік) тіркеуді немесе қайта тіркеуді есепке алудың бірыңғай жүйесін, ақпаратты сыныптау және кодтау жүйесін, электрондық хабарлау арқылы деректермен алмасудың бірыңғай форматын, ақпараттық-іздестіру жүйесін, модульдардың ақпараттық-телекоммуникациялық байланыстарын және ақпараттық сұратуларды өңдеуді өзіне қамтиды.
Тарау 15. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу
Тармақ 7
7. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орындайтын мемлекеттік уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу тіркеуші органдардың жеке тұлғалар туралы уәкілетті органға ұсынған мәліметтерін есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Туу туралы куәлікті берген кезде ЖСН-ін беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тегі;
Тармақша 2
2) аты;
Тармақша 3
3) әкесінің аты;
Тармақша 4
4) жынысы;
Тармақша 5
5) азаматтығы;
Тармақша 6
6) ұлты;
Тармақша 7
7) туған күні;
Тармақша 8
8) туған жері;
Тармақша 9
9) құжаттың түрі;
Тармақша 10
10) құжаттың нөмірі;
Тармақша 11
11) құжаттың сериясы;
Тармақша 12
12) құжаттың берілген күні;
Тармақша 13
13) құжатты кім берді.
Тармақ 10
10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды және салық төлеушінің куәлігін берген кезде ЖСН-ін беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) тегі;
Тармақша 2
2) аты;
Тармақша 3
3) әкесінің аты;
Тармақша 4
4) жынысы;
Тармақша 5
5) ұлты;
Тармақша 6
6) туған күні;
Тармақша 7
7) туған жері;
Тармақша 8
8) азаматы болып табылатын елдің коды (азаматтығы болған жағдайда);
Тармақша 9
9) портреттік бейнесі (сандық фотосурет) және қолы;
Тармақша 10
10) туған жері;
Тармақша 11
11) құжаттың түрі;
Тармақша 12
12) құжаттандыру себебі;
Тармақша 13
13) мекен-жай мәліметтері.
Тармақ 11
11. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ЖСН мынадай жағдайларда алып тасталады:
Тармақша 1
1) жеке тұлға қайтыс болғанда;
Тармақша 2
2) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгенде;
Тармақша 3
3) жеке тұлға шетелге тұрақты тұруға кеткен және азаматтығын ауыстырған кезде;
Тармақша 4
4) резидент емес жеке тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
Тармақша 5
5) резидент емес жеке тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;
Тармақша 6
6) резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кеткен жағдайда.
Тармақ 12
12. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен бұрын алып тасталған ЖСН, жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, қайта қалпына келтірілуге тиіс.
Тармақ 13
13. ЖСН Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен:
Тармақша 1
1) соттың жеке тұлғаны хабарсыз кетті деп тану туралы шешімі күшіне енгеннен кейін, өзінің құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілетін көлемдегі және мерзімдегі мәліметтер;
Тармақша 2
2) резидент еместер Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;
Тармақша 3
3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн шартты түрде алынып тасталады.
Тармақ 13-1
13-1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейiн тiркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бұрын қалыптастырылған ЖСН бар құжат берiледi.
Тармақ 14
14. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізіледі. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендіру нөмірлері Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде сақталуға тиіс.
Тармақ 15
15. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу тіркеуші органдардың уәкілетті органға заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы ұсынған деректерін есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.
Тармақ 15-1
15-1. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілетін «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) органдары, олардың ұйымдары мен АХҚО-ның қатысушылары туралы мәліметтер тізбесі АХҚО-ның актілерінде айқындалады.
Тармақ 16
16. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтамаларды берген кезде БСН беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) өтініштің келіп түскен күні;
Тармақша 2
2) заңды тұлға құру (қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу) туралы шешімнің нөмірі мен күні және шешім шығарған ұйымның атауы;
Тармақша 3
3) ұйымдастыру нысаны;
Тармақша 4
4) тіркеу түрі;
Тармақша 5
5) қайта тіркеу негіздемесі;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұрынғы атауы;
Тармақша 7
7) бұрынғы толық тіркелген нөмірі;
Тармақша 8
8) қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) ұйымдық-құқықтық нысаны;
Тармақша 10
10) коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 11
11) еншілес ұйым;
Тармақша 12
12) жеке кәсіпкерлік субъектісінің түрі;
Тармақша 13
13) мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
Тармақша 14
14) бастапқы мемлекеттік (есептік) тіркелген күні;
Тармақша 15
15) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің толық атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
Тармақша 16
16) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің қысқартылған атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
Тармақша 17
17) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу) туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;
Тармақша 18
18) меншік нысаны;
Тармақша 19
19) шетелдік қатысу;
Тармақша 20
20) үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен;
Тармақша 22
22) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен;
Тармақша 23
23) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің заңды мекен-жайы (почталық индексі, облысы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің, пәтердің, телефонның, факстың нөмірі);
Тармақша 24
24) КАТО анықтамалығының коды;
Тармақша 25
25) құрылтайшылардың салымдары бойынша жарғылық капиталды бөлу туралы мәліметтер (мемлекеттік, жеке меншік %);
Тармақша 26
26) жарғылық капиталдағы шетелдік капиталдың үлесі;
Тармақша 27
27) құрылтайшы-жеке тұлғалар (бастамашы азаматтар) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН, қатысу үлесі;
Тармақша 28
28) құрылтайшы-заңды тұлғалар туралы мәліметтер: тіркелген жері, БСН, қатысу үлесі;
Тармақша 29
29) бірінші басшы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН;
Тармақша 30
30) қызметкерлердің шамамен күтілетін саны;
Тармақша 31
31) экономикалық қызметтің түрі (жарғыдан алынған қызмет түрінің атауы);
Тармақша 32
32) тіркеуші орган туралы мәліметтер (тіркеуші органның толық атауы, тіркеуші органның коды, облысы, ауданы, тіркеуші туралы мәлімет (оператордың тегі, аты, әкесінің аты);
Тармақша 33
33) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алымның (сомасы айлық есептік көрсеткіштерде және теңгеде) төленгені туралы мәліметтер, төлем құжатының деректемелері, төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (заңды тұлғаның атауы) және ЖСН;
Тармақша 34
34) заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтама және барлық анықтамаларды берген орны туралы ақпарат (жаңа анықтама берілді);
Тармақша 35
35) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.05.2013 № 487 қаулысымен.
Тармақ 17
17. БСН Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен:
Тармақша 1
1) заңды тұлға (филиал, өкілдік) таратылған кезде;
Тармақша 2
2) бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;
Тармақша 3
3) резидент емес-заңды тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;
Тармақша 4
4) резидент емес-заңды тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
Тармақша 5
5) резидент емес-заңды тұлға Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кеткен жағдайда алып тасталады.
Тармақ 18
18. БСН-ін Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шартты түрде алып тастау жүргізілмейді.
Тармақ 19
19. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 106. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін пайдалану
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін пайдалану
Тармақ 20
20. Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің пайдалануы олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Жалпыға қолжетімді болып табылатын ақпараттан басқа Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтер:
Тармақша 1
1) уәкілетті органының жазбаша рұқсатының негізінде Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін өзектілігі жағдайында ұстау мақсатында тіркеуші органдарға;
Тармақша 2
2) заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
Тармақша 3
3) қылмыс жасағаны және өзге де құқық бұзғаны үшін жауаптылықты белгілеу туралы істерді қарау барысында соттарға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мәліметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
Тармақ 22
22. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімінсіз басқа адамға беруге болмайды.
Тармақ 23
23. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік деректер қорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат таратқыштарды жоғалтуға, сол сияқты олардың қызметтеріне байланысты көрсетілген ақпаратқа қол жеткізетін адамдардың оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.
Тармақ 24
24. Жеке сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің ақпараттық ресурстарындағы ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.