Об утверждении Инструкции по присвоению звания «Почетный гражданин Павлодарского района» Қолданыста
Басқа 0
«Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6- бабының 1 – тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру Нұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері, аграрлық саясат және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Павлодар ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.
Басқа 4. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Павлодар аудандық мәслихаттың
(3 шақырылған 30 сессиясының)
2007 жылғы 20 сәуірдегі
«Павлодар ауданының Құрметті
азаматы» атағын беру Нұсқаулығын
бекіту туралы» № 30/189 шешімімен
бекітілген
«Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру
НҰСҚАУЛЫҒЫ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағы аудандық мәслихаттың шешімімен беріледі. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру моральдік ынталардың ең маңыздысы, Қазақстан Республикасы, облыс және аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамдық мойындаудың көрінісі болып табылады, патриоттық функцияны орындауға, сонымен қатар Павлодар ауданының тарихында есімдердің сақталуы мақсатында шақырылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы»
атағы беру жөніндегі талаптар
2. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы»
атағы беру жөніндегі талаптар
Тармақ 2
2. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағы ауданда 5 жылдан кем емес жұмыс атқарған және өмірбаяны Павлодар ауданымен байланысты азаматтарға, сонымен қатар оның тұрғындарына:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысы кезеңінде батырлық көрсеткен және ерлік жасағандарға, жоғары мемлекеттік наградалары барларға, сонымен қатар бейбітшілік кезінде кәсіпқорлық міндеттерді немесе азаматтық арызды өтеуде өзіндік ерлік көрсеткендерге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жоғары наградаларымен марапаттағандарға, егеменді Қазақстанның тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтауға, ауданның дамуына үлкен үлес қосқандарға, жергілікті мемлекеттік басқару саласында өзін көрсеткен, мемлекеттік және саяси қайраткерлерге;
Тармақша 3
3) аудан экономикасының қаржылық және агроөнеркәсіптік дамуына айтарлықтай әсер еткен инвестицияларды жұмылдырғаны үшін, әлеуметтік дамуына, экономикалық өсуіне белсенді себепші болған алдыңғы қатардағы технологияларды енгізгені және инновациялық қызметі үшін;
Тарау 3
Тармақ 3. 3. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы»
атағын беру тәртіптері
3. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы»
атағын беру тәртіптері
Тармақ 4
4. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге кандидатуралар Павлодар ауданының әкімімен ұсынылады.
Тармақ 5
5. Ұсынылатын кандидатураларға: ерекше еңбектері мен марапаттары көрсетілген өтініш, мінездеме, қызметтік тізім, жариялымдар беріледі.
Тармақ 6
6. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағына беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен өтініштер қарастырылмайды.
Тармақ 7
7. Бір және сол кандидатқа «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы өтініш өкілдік органдардың шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.
Тармақ 8
8. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағы өшірілмеген немесе алынбаған айыбы бар тұлғаға берілуі мүмкін емес.
Тармақ 9
9. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімнің қабылдануы мен мәселенің қаралуы атаққа ұсынылған тұлғаның қатыспауысыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. «Павлодар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім аудандық мәслихат сессиясында жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы қатысушылардың көп бөлігінің даусымен қабылданады.