Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 64-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына және Аманкелді аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 14 желтоқсандағы «Аманкелді ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (Аманкелді ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-6-45 "Аманкелді арайы" аудандық газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы 2 нөмірінде жарияланған) № 212 шешіміне сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әлеуметтік көмек көрсету туралы от 20.04.2007 г. № 118 (Әлеуметтік көмек көрсету туралы)
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық бюджеттен төленетін төменгі әлеуметтік көмек түрлері белгіленсін:
1) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
2) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 10 есе көлемінде;
3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің 2 есе көлемінде;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 230 теңге көлемінде;
5) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сыйақы әр адамға 5000 теңге көлемінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысында қайтқан жауынгерлердің, жесірлеріне коммуналдық қызмет түрінің шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек әр адамға 20880 теңге көлемінде;
2. Осы әлеуметтік көмектерді тағайындау және төлеу үшін уәкілетті орган болып "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі уәкілетті орган) белгіленсін.
3. Төмендегілер белгіленсін:
1) Құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалуына немесе тағайындалмауына уәкілетті орган шешім шығарады;
2) Қайтыс болған кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге арналған әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне, егер бала қайтқан уақытында жұмысқа жарамды әкесі (қорғаншы және қамқоршысы) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген болған жағдайда ғана тағайындалады;
3) Оқу жоспарына сәйкес үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек ата-анасының біреуіне немесе заңды өкіліне (қорғаншы және қамқоршысы) тағайындалады;
4) Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек, қайтыс болғанға дейін жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздарға тағайындалады;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметін көрсету үшін әлеуметтік көмек ай сайын 230 теңгеден тағайындалып, төленеді;
6) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мерекесіне байланысты Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне сыйақы әр адамға 5000 теңге көлемінде жылына бір рет тағайындалып, төленеді;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысында қайтқан жауынгерлердің жесірлеріне коммуналдық қызметтерінің 3 түрі:
электр куаты - ай сайын бір адамға 350 теңгеден жылына 4200 теңге;
салқын су - ай сайын бір адамға 140 теңгеден жылына 1680 теңге;
қысқы отын - көмірдің тоннасы 5000 теңге, 3 тоннасы 15000 теңгеден бір адамға жылына бір рет төленеді.
Жоғарыда көрсетілген қызмет түрлері бойынша керекті қаржы жылына бір адамға барлығы - 20880 теңгені құрайды;
8) Әлеуметтік көмектер арызданушының жеке шотына уәкілетті органның берген тізімі бойынша аударылып, төленеді.
4. Әлеуметтік көмектерді тағайындау үшін уәкілетті орган керекті құжаттардың тізімін бекітсін.
5. Әлеуметтік көмектерді қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он кунтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.